Accessibility links

"Сирияға жиһадқа кеткендердің" ата-аналары комитет құрды


YouTube сайтындағы «Сирияға жиһад жасау үшін барғандар» туралы видеодан скриншот.
YouTube сайтындағы «Сирияға жиһад жасау үшін барғандар» туралы видеодан скриншот.
Қарағанды облысында балалары Сирияға кетті делінген ата-аналар арнайы комитет құрылды. Бұл туралы бүгін Азаттыққа осы комитеттің жетекшісі, Қазақстан мұсылмандар одағы ұйымының Қарағанды облыстық филиалының басшысы Асқар Қошанов хабарлады.

"Қазақстандық жастардың Сирияға кетуі алаңдаушылық тудырады. Жергілікті тұрғындар биліктің әрекетсіздігіне налиды. Кейбір отбасыларға балаларының қаза тапқаны туралы хабарлар келіп жатыр" деді ол Азаттық тілшісіне.

Комитет Сирияға кетті делінген қазақстандықтарды елге қайтару мәселелерін шешуге көмек көрсету үшін құрылған.

Қазан айында интернетте "Сирияға жиһад жасауға кеткен жүз елу қазақстандық" туралы видеоролик жарияланған еді. Азаттық тілшілері видеодағы азаматтардың туыстарымен сөйлесіп, олардың онға жуығының аты-жөнін анықтаған.

Өткен аптада Лондонда журналистерге сұхбат берген Қазақстаның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов миинстрліктің Сирияға кеткендерді қайтарып алуға күш салып жатқанын айтқан еді.
XS
SM
MD
LG