Accessibility links

Еуропадағы 2011 жылы аз жұмыс істеген 10 ел


Жаһандануға қарсы шеру. Франция, 1 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Жаһандануға қарсы шеру. Франция, 1 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Foreign Policy басылымы қазан айының 9-ы күні Еуропадағы жұмысты ең аз істейтін елдердің тізімін жариялады. Мамандар «кеңседе ұзақ уақыт отырып жұмыс істеу бақуатты тұрмысқа кепіл бола алмайды» деген тұжырым жасайды.

Foreign Policy «АҚШ-тағы жұмыссыздар саны жоғары болуы мүмкін, бірақ басқа көптеген дамыған елдермен салыстырғанда америкалықтар – әлі де көп жұмыс жасайтын халық» дейді. Мақала авторы осы мәліметке қатысты фактілерді келтірген. Экономикалық ынтымақтасу және даму ұйымының мәліметі бойынша, саяси кеңесшілер әлемнің ең дамыған 34 елін салыстырып тексерген. Орташа есеппен алғанда, америкалық 2011 жылы 1 мың 787 сағат жұмыс жасаған. Осының арқасында АҚШ әлем бойынша ең белсенді еңбек ететін 12 елдің қатарында тұр.

Мақала авторы «Көп жұмыс жасау тұрмыстық мәселені шеше ме?» деген сауал қойған. Foreign Policy-ге арнап жазылған мақала авторы Чарльз Кеннидің пікірінше, офисте ұзақ уақыт жұмыс жасау бақуатты тұрмысқа кепіл бола алмайды – мәселені нақты анықтау үшін жұмысқа кеткен уақыт пен жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) адам басына шаққандағы үлесін салыстырып қарау керек. «Бәлкім, америкалықтар Ағылшын банкіндегі алтын құймалары. Ұлыбритания, 22 қазан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Ағылшын банкіндегі алтын құймалары. Ұлыбритания, 22 қазан 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропаның 10 елінің тұрғындары сияқты жұмыс сағатын азайтып, демалысқа шығу керек шығар» деген пікір айтады ол.

2011 жылы жұмысқа ең аз уақыт бөлген Еуропаның 10 еліндегі көрсеткіш басқаша.

10. Англия – бұл елдің тұрғыны 2011 жылы жұмысқа 1 мың 625 сағатын арнаған

Ұлыбритания үкіметі жұмыс сағаттарын қысқартып жатыр. Сондықтан да британдықтар – сағатқа шаққанда ең аз жұмыс жасаған халық. Олар 2011 жылы алдыңғы жылмен салытырғанда 27 сағат аз еңбек еткен.

9. Люксембург – 1 мың 600 сағат

ЖІӨ-нің адам басына шаққандағы ең үлкен көрсеткіші – осы елде. Әр адамға 106 мың 958 доллардан келеді. «Бұл ақшаны олар офисте ұзақ уақыт жұмыс істеп таппаған. Бірақ жұмыс уақытын қысқартуға қабілетті ел болса, ол – Люксембург» дейді мақала авторы.

8. Австрия – 1 мың 600 сағат

Австриялықтардың жұмыс кестесі тығыз болмаса да, олар Еуропадағы дағдарысты сәтімен айналып өткен. Тіпті дағдарыс кезінде де Австрияда жұмыссыздар саны көп болмаған. Венаға осы құпиясын үйрену үшін басқа елдерден арнайы делегациялар да келген. Австрияның үлгісін үйренгісі келген елдің бірі - Испания. Испандықтар жылына 1 мың 690 сағат еңбек етсе де, Австрияның деңгейіне жете алмады.

7. Бельгия – 1 мың 577 сағат

Бельгиядағы ахуалдың жақсы болғаны соншалық, Францияның ең бай адамы Бельгия азаматтығын алуға өтініш берген. Ол адам Франция президенті Франсуа Олландтың миллионерлерге салатын жаңа салығынан жалтару үшін солай жасауға мәжбүр болған.

6. Ирландия – 1 мың 543 сағат

Ирландияның экономикасы соңғы кезде тұралап қалды. Қарызы көбейген бұл ел сырттан жәрдем сұраған. Алайда Ирландия үкіметі халықты шеруге шығармау үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр.

5. Дания – 1 мың 522 сағат

Әлем бойынша жұмыс сағаты ең аз ел – Дания. Оған қоса даттардың жұмыс жасайтын кеңселері өте жайлы . Тіпті басқа еуропалықтардың өзі Данияның жұмыс жағдайына қатты қызығады.

4. Франция – 1 мың 476 сағат

Францияда уақыт тапшы. Бұл елде президенттің өзі ұзақ мерзімді демалысын Еуропа елдерінің тулары Еуропа Одағының туының алдында тұр. Франция, 4 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

Еуропа елдерінің тулары Еуропа Одағының туының алдында тұр. Франция, 4 қыркүйек 2012 жыл. (Көрнекі сурет)

жаздың аяғына таман әзер алады. Бұл көрсеткіш 2012 жылы бұдан да азаяды деген болжам бар: 2011 жылдың шілдесімен салыстырғанда 2012 жылы шілдеде демалысқа шыққан француздар 10 пайыз аз болған. Тамыз айында демалатындар 4,2 пайызға кеміген. Бұл ақпараттарды Францияның туризм министрлігі таратқан.

3. Норвегия – 1 мың 426 сағат

Норвегия – мұнай саласына жыл сайын инвестиция салып, Еуропадағы ең тез дамып бара жатқан ел. Норвегия жұмысқа ең аз уақыт жұмсау жағынан әлемде үшінші орында тұр. БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әлемдегі үшінші бақытты мемлекет те – Норвегия.

2. Германия – 1 мың 413 сағат

Германия Еуропа экономикасының қозғаушы күші болуы мүмкін. Бірақ оған сонша көп күш пен уақыт жұмсап жатқан жоқ. Жалқаулығымен аты шыққан француз көршілерімен салыстырғанда немістер жылына бір жарым апта аз жұмыс жасайды.

1. Голландия – 1 мың 379 сағат

Кез келген елмен салыстырып қарағанда азырақ жұмыс істейтін, 2011 жылы әр тұрғыны жұмысқа 1 мың 379 сағатын арнаған голландықтар үнемделген уақытта қалаған нәрсесімен айналыса алады. Сондықтан БҰҰ бұл елді ең бақытты елдің санатына қосты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG