Accessibility links

Әнші Майкл Джексон - Қазақстанда да кеңінен танымал болатын


Майкл Джексон Динамо стадионында концерт беруде. Мәскеу, 17 қыркүйек, 1996 жыл.
Майкл Джексон Динамо стадионында концерт беруде. Мәскеу, 17 қыркүйек, 1996 жыл.

Әлем жанкүйерлері Майкл Джексонның ұмытылмас, жұлдызды шақтарын еске алып, тағзым етуде. Өзін "поп музыка патшасы" деп жариялаған Майкл Джексон көптеген қазақстандық ән сүйер, өнер сүйер жұрттың бас иер тұлғасы болып қала береді.

Әлемнің ән сүйер қауымы 25 маусымда 50 жасында, Лос -Анджелесте өмірден өткен «поп музыка патшасы» – Майкл Джексонның жарқын бейнесін ұмытпайды. Лос- Анджелестен түскен хабарларға қарағанда, әйгілі әнші жүрек талмасынан кеше түнде ауруханада көз жұмған.

«Поп музыка патшасының» өліміне нақты қандай жайттың себеп болғанын дәрігерлер мәйітті ашып, медициналық сараптама жүргізген соң анықтайтын болады.
Джексонның жанкүйерлері ол қайтыс болған аурухана алдында әншінің ән әуеніне билеп тұр. Лос-Аиджелес, 25 маусым, 2009 жыл.


Майкл Джексон шілде айының ортасында Лондонда өтеді деп дайындалып жатқан Элвис Пресли мен «Битлз» тобына арнаған кезекті концертіне жете алмады.

Бала кезінен-ақ даңқы жер жарған Майклдың алғашқы «Триллер» деп аталған альбомы 26 миллион данамен таралып, әлі күнге рекордты саннан бір кеміген емес.

1980-ші жылдары бірден жарық жұлдыз болып көрінген Майкл Джексонның сахнадағы өзіне ғана тән мәнері, бишілігі мен ерекше дауысы тыңдарманын әрдайым тартатын, табындыратын.

Терісінің түсін өзгертпекші болып жасаған пластикалық операциялардан әншінің бет-жүзі ағарып, мұрын ұшы да қусырыла түскен еді. Сахнада жарқылдап, жанып тұратын Майкл Джексон сахнадан тыс өмірде өте ұяң, қарапайым болатын, жүзінің жартысын қара көзілдірікпен көлегейлеп жүретін Майкл түрлі вирус, микробтардан өлердей қорқатын.
Майкл Джексон мен анасы Катерина. Санта-Мария, 13 маусым, 2005 жыл.


Поп королі Майкл Джексонның өмірі мен әншілік ғұмыры әрқилы, тосын да, қызықты оқиғалар мен жайттарға, аңызға бергісіз әңгімелерге толы болғаны белгілі. Ол өзінің ранчосында балаларды қонаққа шақырып сәл қолы босаған уақыты болса, солармен бірге өткізуге тырысатын.

Екі рет үйленген Майкл Джексонның соңында үш баласы қалды. Әншінің ата -анасы мен 8 аға- қарындасы бар
XS
SM
MD
LG