Accessibility links

НАТО әскерінің Ауғанстаннан кетуі Орталық Азияға да әсер етеді


Ауған полицейлері совет әскерінен қалған көліктің қаңқасына шығып, төңіректі шолып тұр. Ауғанстан, 13 желтоқсан 2012 жыл.

Ауған полицейлері совет әскерінен қалған көліктің қаңқасына шығып, төңіректі шолып тұр. Ауғанстан, 13 желтоқсан 2012 жыл.

«НАТО Ауғанстанды тастап шықса да, ол елде бейбітшілік орнамайды» деп жазады Economist. Басылым «Орталық Азия мен Ауғанстанды не күтіп тұр?» деген сауалға жауап беруге тырысады.

«НАТО коалициясы бастаған АҚШ әскері келесі жылдың соңына қарай Ауғанстаннан шықса да, ауғандар бейтіт өмірдің дәмін татпайды, көршілері де мазасыз күй кешеді» деген болжам жасайды 1 наурызда жарық көрген мақала авторы. Автор бұл елдің шығысындағы Пәкістанның өткен жылы азаматтық соғыс пен террорлық әрекеттен көп жапа шеккенін мысалға келтіреді.

«СТАНДАРДЫҢ» ЖАҒДАЙЫ

Орталық Азияның пост-советтік бес елінде де тұрақсыздық бар екенін айтқан автор НАТО-ның кетуі басқа күшті мемлекеттердің аймаққа билік етуге қозғау салады деп ескертеді. Ауғанстан мен Тәжікстан сияқты елдердің арасындағы шекара сөз жүзінде ғана екенін айтқан автор «Ауғанстандағы аз топтар этникалық туыстығы бар тәжіктер мен өзбектерді азаматтық соғысқа араластыруды әдетке айналдырған» деп жазады.

Басылым «Орталық Азиядағы ислам экстремизмінің қаупін бағалау қиын. Диктаторлар оны күшейтіп көрсетуге ынталы. Оңтүстігінде хаос орнамаса да, кейбір «Стандар» теңселіп тұрғандай әсер қалдырады» дейді.

Мақала авторы Орталық Азияның бес мемлекетіндегі қазіргі ахуалды былай сипаттайды:

«Тәжікстан – Ауғанстанға ең жақын орналасқан ел. Президент Эмомали Орталық Азия елдерінің картасы. (Көрнекі сурет)

Орталық Азия елдерінің картасы. (Көрнекі сурет)

Рахмонның жарлығына елдің бәрі бірдей бас ұра бермейді, кей аймақтар өз алдына би сайлап алған.

Қырғызстан «күшті биліктен» шығуға ұмтылғанымен, қазір берекесіз тірлік кешіп жатыр. Бұл елде төрт жылда бес үкімет ауысты.

Түркіменстан – оқшауланған, жабық мемлекет. 2006 жылы билікке келген Гурбангулы Бердімұхаммедов нарцистік мінез жөнінен бұрынғы президент «Түркіменбашымен» бәсекелес болатын сияқты.

Өзбекстан мықты автократты елге айналған, әзірше тұрақтылығымен мақтана алады. Бірақ Совет Одағы тарағаннан бері елді басқарып келе жатқан 75 жастағы Ислам Каримов пен оның мұрагері болуы ықтимал қызы Гүлнара Каримованы ұнататындар аз.

Бұлардың ішіндегі ең жағдайы жақсы, билігі тұрақты, «Ауғанстан дертіне» шалдыға қоймаған – Қазақстан. Бірақ бұл ел алдағы уақытта совет заманынан бері басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың билігі ауысар кезде келіссөзге мұқтаж болады».

Бұдан әрі Economist бес елдің арасындағы нашар қарым-қатынас болашақ мүмкіндікке көлеңке түсіретінін жазады.
Өзбекстан мен Қазақстан және советтік кезеңнен билік етіп үйреніп қалған Ресей – әрқайсысы өзін аймақтың көшбасшысы ретінде сезінгісі келеді.

«Өзбекстан мен Қазақстан және советтік кезеңнен билік етіп үйреніп қалған Ресей – әрқайсысы өзін аймақтың көшбасшысы ретінде сезінгісі келеді. Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Ферғана алқабына таласады. Өзбекстан ол екі елдің өзеннің жоғарғы жағына бөгет салу жобасына алаңдайды. Каримов газ тасымалын тоқтатып, көршілес шекараны жауып тастағанды жақсы көреді, сондықтан екі кедей елдің әлеуметтік және этникалық шиеленісі күшейеді» деп жазады басылым.

ҚЫТАЙДЫҢ МҮДДЕСІ

Автордың пайымдауынша, НАТО осы «саяси мина алаңынан» жауынгерлері мен құрал-жабдықтарын алып кеткісі келеді. «Солтүстік жолы» (NDN) деп аталатын автокөлік пен теміржол бағыты Орталық Азия елдері арқылы өтеді. Пәкістан арқылы өтетін жолдың құны екі есе қымбатқа түсті» дейді ол. НАТО жасағы біраз әскер тастап кететінін айтқан автордың ойынша, «соғыстан көз ашпайтын аймаққа ол тиімді болды».

Economist-тің жазуынша, «ауған соғысы кезінде америкалық жауынгерлерге Манас базасын берген Қырғызстан да – Тәжікстан сияқты – экономикалық тұрғыда Ресейге тәуелді. Ресейдегі еңбек мигранттарының еліне аударатын Ауғанстандағы НАТО әскері. Кабул, 27 ақпан 2013 жыл.

Ауғанстандағы НАТО әскері. Кабул, 27 ақпан 2013 жыл.

ақшасы Қырғызстанның жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 29 пайызын, ал Тәжікстанда ЖІӨ-нің 47 пайызды құрайды. Екі елде де Ресейдің ірі әскери базасы бар. Сондықтан Ресей америкалықтардың Манастан кеткенін қаласа, АҚШ 2014 жылдың ортасында, жалға алу мерзімі аяқталған соң кетуге мәжбүр болады. Олар Оңтүстік Қазақстандағы базаға ауысуы мүмкін. Әйтпесе 2005 жылы Әндіжан оқиғасын сынағаны үшін өздерін шығарып жіберген Өзбекстанға қайта оралуы да ықтимал. Қазір өзбектер АҚШ-ты қабылдауға әзір сияқты».

АҚШ мен Ресейдің Ауғанстаннан алған сабағын көпке дейін ұмытпасын еске салған автор «АҚШ аймақты Азия мен Европаны жалғайтын «Жаңа Жібек жолы» ретінде көруден үмітті» дейді. Бірақ Шығыстағы үлкен күштің бұған жол беруіне күмәнданады.
Қытайдың Орталық Азияда үш үлкен мүддесі бар.

«Қытайдың Орталық Азияда үш үлкен мүддесі бар. Олар – энергияны қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ету, Европаға құрлық арқылы өтетін жол салу, өз ішіндегі мазасыз Шыңжаң өлкесіне тыныштық орнату. Қарқынды дамыған экономикасы мен «бөгденің ісіне араласпайтын» сыртқы саясаты Қытайды жұғымсыз елдерге тартымды серіктес етіп көрсетеді» дейді мақала авторы.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG