Accessibility links

AI Жаңаөзендегі кісі өлімін тексеруге шақырды


Жаңаөзенде тұрған полиция күзеті. 18 желтоқсан 2011 жыл

Жаңаөзенде тұрған полиция күзеті. 18 желтоқсан 2011 жыл

Amnesty International өкілдері шілденің 10-ы күні Астанада билік өкілдерімен кездесіп жатыр. Олар Жаңаөзен тұтқындарының құқығын қорғауды және оқиғаны халықаралық деңгейде тексеруді сұрайды.

Amnesty International ұйымының мәлімдеуінше, Қазақстан Жаңаөзен қаласында 2011 жылы билікке қарсы болған наразылық кезінде шеруге шыққандарға күш қолдану оқиғасын толық зерттеу және тұтқындарға қатыгез қарым-қатынас жасамау туралы міндетін орындамаған.

Ұйымның жақында жарияланған есебі – «Ескі әдеттер: Қазақстандағы азаптауды қолдану мен басқа да қатыгез қарым-қатынастар» атты құжатта Жаңаөзен оқиғасына күдіктілерге қолданылған жазалау әдістері туралы баяндалған.

Азаттық тілшісі Amnesty International ұйымының Еуропа мен Орталық Азия бағдарламасы директорының орынбасары Дэвид Диазбен сұхбаттасты.

Азаттық: – Жаңаөзен оқиғасына қатысты қанша адам ұсталды? Олардың көбі бас бостандығынан айыру орнында қатыгез қарым-қатынасқа жолықты ма?

Дэвид Диаз: – Қазақстан бас прокуратурасының ақпараты бойынша, 16 адам «зорлық-зомбылық жасап, күш көрсетті» деген айыппен тұтқындалған, 130 адам бүлікке қатысқаны үшін ұсталған. Бірақ Жаңаөзендегі полиция бөлімшесіндегі Жаңаөзен оқиғасына байланысты әкімшілік және қылмыстық іске тартылған адамдар тізімі. Жаңаөзен,19 желтоқсан 2011 года. ("Новая газета" тілшісі Елена Костюченко түсірген сурет)

Жаңаөзен оқиғасына байланысты әкімшілік және қылмыстық іске тартылған адамдар тізімі. Жаңаөзен,19 желтоқсан 2011 года. ("Новая газета" тілшісі Елена Костюченко түсірген сурет)

ресми тізімде 700 адам қақтығысқа қатысы бар ретінде аталған, бірақ біз оны да нақты дерек ретінде растай алмаймыз. Сондықтан Жаңаөзендегі оқиғаны толық зерттеуге шақырамыз.

Азаттық: – Тұтқындарға нашар қарым-қатынас жасауда қандай әдістер кеңінен қолданылған?

Дэвид Диаз: – Amnesty International Жаңаөзенде жазалаудың барынша жүйелі тәжірибесі мен басқа қатыгездік болғанына көз жеткізді. Бұл зерттеу сот кезінде азапталуы мүмкін екенін айтқан адамдар мен жауап берушіге қарсы мәлімдеме жасаған прокурордың мойындауын қамтиды.

Тұтқындарды ұрып-соғу, үстіне шығып секіру, жалаңаштап шешіндіріп, суық күнде полиция бөлімшесінің алдында жүргізу, суық су шашу, қатты ауыртып ұру сияқты түрлі ауыр жазалар қолданылғанын естідік.

Азаттық: – Қазақстан түрмесінде әлі күнге дейін қамалып, қатыгездік көріп отырған Жаңаөзен күдіктілері бар ма?

Дэвид Диаз: – Бірнеше адам бар, біз олардың түрмедегі тағдырын бақылап отырамыз. Оның ішінде белсенді Роза Төлетаева да бар. Қазір түрмедегі азаптау туралы дерегіміз жоқ. Бірақ олардың дәрігерге қаралуы мәселесіне алаңдайиыз. Халықаралық стандарт бойынша, тұтқынға медициналық жәрдем көрсетуден бас тартпау керек, әйтпесе ол адамды қорлау болып саналады.

Азаттық: – Қазақстан билігі Жаңаөзен оқиғасын толық зерттедік деп мәлімдеді, шерушілердің опат болуына жауапты шенеуніктерді жазаладық дейді. Олардың жауабына қанағаттанасыз ба?

Дэвид Диаз: – Онша емес. Amnesty International Жаңаөзендегі оқиғаны халықаралық тұрғыда тексеруге шақырады. Адам өлімін және полиция қызметкерлерінің оқ атуын мұқият, әділ, тәуелсіз зерттегенін қалаймыз.

Жаңаөзендегі адам өліміне бола бірнеше азамат, негізінен жоғары лауазымды тұлғалар сотталды. Бірақ кісі өлімінің сипаты мен ауқымы, атқан қарудың саны, оған қоса сот кезінде кей полицейлердің «жұртқа қарата оқ аттық» деген жауаптары – осының бәрі тексеруді, барлық мүдделі тұлғалардың міндетіне нақты қарауды талап етеді.

Азаттық: – Жаңаөзен оқиғасына қатысты тұтқындалғандардан бөлек, Қазақстанның басқа аймақтарында тұтқындар мен сотталғандарды азаптау қаншалықты кең тараған?

Дэвид Диаз: – Amnesty International есебі тек Жаңаөзенді ғана қамтымайды. Басқа да мәселелерді де қамтуға ұмтылдық. Ол азаптау мен қатыгез қарым-қатынасқа байланысты емес, бірақ тұтқындардың негізгі құқығына қатысты шаруа. Жалғыз қамау, қинауға қатысты мәселелер де бар. Мысалы, түрме жазасының үштен бірін жалғыз қамауда, қатал әрі денсаулыққа қауіпті жағдайда өткізген Арон Атабектің ісін назарда ұстап отырмыз.

Халықаралық құқықтың бір бөлігі болып саналатын тұтқындардың құқын шектеу мәселесіне де назар аударамыз. Олардың кейбірінің отбасымен кездесуі шектелген. Айталық, арбаға таңылып сал болып қалған Жасұлан Сүлейменов түрме жазасының елеулі бөлігін оңашаланған, тиісті медициналық көмек көрсетілмеген абақтыда өткізген.

Азаттық тілшісі Фарангиз Наджибулланың сұхбатын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG