Accessibility links

Босқындарды экстрадициялағаны үшін сыналды


Өзбек босқыны Шухрат Ботиров өзін экстрадициялау туралы үкім шығарған сотта отыр. Алматы, 16 наурыз 2011 жыл.
Өзбек босқыны Шухрат Ботиров өзін экстрадициялау туралы үкім шығарған сотта отыр. Алматы, 16 наурыз 2011 жыл.

Amnesty International жаңа есебінде Қазақстанды босқындарды экстрадициялағаны үшін сынады. Кейбір жағдайлар туралы Forum 18 бен БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті де хабарлайды.

Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымы шілденің 3-і күні жариялаған «Азаптауға оралу: Орталық Азияға экстрадиция, күштеп қайтару және көшіру» атты жаңа есебінде ТМД елдері арасындағы іздеуде жүрген азаматтарды қайтару жағдайын сынайды.

«Экстрадиция туралы өтініштің қабылданбауы сирек кездеседі, себебі терроршыларға қарсы күрестегі ортақ мүдде мен жақсы қарым-қатынас экстрадиция жасау сұралған азаматтардың құқығынан басым түседі. Бұл адамдарды тапсыруға әлдене кедергі келтірсе (мысалы, адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот араласса), тұлғаны қайтаруға қатысты халықаралық құқықты бұрмалап түсіндіру әдісі қолданылады» дейді Amnesty International 68 беттік есебінің кіріспесінде.

Қазақстандағы жағдайды талдай келе, есеп авторлары 2010 жылғы қаңтардың 1-інде күшіне енген босқындар туралы заңды сынайды. Заң бойынша кей адамдар тобының босқын мәртебесін сұрауға хақысы жоқ. Бұл әсіресе «ресми түрде тіркелмеген немесе исламдық қозғалысқа қатысы бар» деп саналатын мешіттерге баратын өзбекстандық мұсылмандарға, Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданындағы «сепаратистермен байланысы бар» деп сипатталатын ұйғырларға қатысты.

ӨЗБЕКСТАНДЫҚ МҰСЫЛМАН-БОСҚЫНДАРДЫҢ ІСІ

Amnesty International Қазақстанның пана болу тұрғысынан халықаралық міндетін дөрекі бұзғанының мысалы ретінде 29 өзбек мұсылман-босқынның ісін айтады.
Өзбек босқындары Сунатулла Құлдошев пен Дилдора Әмірқұловалардың баласы. Алматы, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Өзбек босқындары Сунатулла Құлдошев пен Дилдора Әмірқұловалардың баласы. Алматы, 27 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
(2010-2011 жылдары болған ол жайында Азаттық толық жазған). Қазақстан билігі ер адамдарды Өзбекстанға қайтармау туралы міндетті орындай алмады. «Аталған азаматтар шынымен қауіп төндіре ме, жоқ па – оған қарамай, оларды азаптап, басқа да зорлық-зомбылық жасауы мүмкін екенін біле тұра еліне қайтарды» делінген есепте.

Босқындардың бәрі 2011 жылы Алматыдағы қарама-қайшы сот отырысынан кейін Өзбекстанға қайтарылды. Құқық қорғаушылардың мәлімдеуі бойынша, олар отаны – Өзбекстанда әділетсіз түрде сотқа тартылып, ұзақ мерзімге түрмеге кесілген. Көптеген босқындардың әйелдері мен жас балалары бар еді, олар 2011 жылы Алматыда қалды – бәрінің жергілікті полицияға уақытша тіркелген құжатының мерзімі өткен не бітуге таяу қалған. Олардың кейінгі тағдыры Азаттыққа беймәлім.

АРШИДИН ИСРАИЛ

Amnesty International БҰҰ-ның Қазақстандағы босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары басқармасының тарапынан мандаттық босқын мәртебесін қайтару процессуалдық кепілдігі сақталмағанына алаңдайды. Қазақстан ұйғыр босқыны
Аршидин Исраилге халықаралық қорғау берілгенін растайтын БҰҰ құжатының фотокөшірмесі.
Аршидин Исраилге халықаралық қорғау берілгенін растайтын БҰҰ құжатының фотокөшірмесі.
Аршидин Исраилды 2011 жылдың мамырында Қытайға қайтарды. Қазақстандағы БҰҰ басқармасы да оның мандатты босқын мәртебесін қайтарып алды. Amnesty International есебіне қарағанда, БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғарғы комиссары басқармасы Аршидин Исраил мен оның заңгеріне босқын мәртебесін қайтарып алу негіздемесі туралы ақпарат бермеген, солайша оны аталған деректі қабылдамау құқынан айырған.

Amnesty International өкілдері Қазақстандағы БҰҰ өкілдігі «азап немесе нашар қарым-қатынасқа тап болу қаупі бар тұлғаларды олардың құқы бар негізгі процессуалдық кепілдіктен айырды» дейді – ол ұйым «экстрадиция мен азаптауларға қауіпсіздікті сылтау етіп, құрығанда көпшілік алдында қарсы шықпаған». Amnesty International үнсіздікті билік өкілдері өз әрекетін ақтау үшін қолданады деп қауіптенеді.

ХАЙРУЛЛО ТҰРСЫНОВ

Forum 18 халықаралық құқық қорғау ұйымы да Хайрулло Тұрсыновтың ісін мысалға келтіріп, Қазақстаннан босқындарды экстрадициялау мәселесіне
Алматы аудандық соты судьясының өзбек босқындарының біріне байланысты шығарған шешімі. Алматы, 17 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматы аудандық соты судьясының өзбек босқындарының біріне байланысты шығарған шешімі. Алматы, 17 мамыр 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
алаңдайды. Маусым айының басында өзбек соты 38 жастағы Хайрулло Тұрсыновты «экстремистік діни әрекет жасаған» деп айыптап, 12 жылға соттады. «Ол БҰҰ азаптауға қарсы комитеті ашық қарсы шыққан соң, Қазақстаннан экстрадициялаудан кейін, үш айдан аз уақыт ішінде жазаланды» деп жазады Forum 18.

Тұрсыновтың туысқандары оған қарсы іс діни сенімі үшін «ойдан құрастырылған», оның зайыбының Өзбекстаннан қашып кетуі де соған себеп болды дейді. Олардың айтуынша, Хайрулло Тұрсынов апелляциялық өтініш бермейді, «заңгер жалдауға қаржысы жоқ және одан бірдеме өзгереді деп сенбейді» деп жазады Forum 18.

Мақаланы орыс тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG