Accessibility links

Әзербайжанда үкіметті сынайтын блогер қамауда отыр


Әзербайжанық жастар белсендісі әрі блогер Заур Қурбанлы. Баку, 30 қыркүйек 2012 жыл.

Әзербайжанық жастар белсендісі әрі блогер Заур Қурбанлы. Баку, 30 қыркүйек 2012 жыл.

Әзербайжанда президент Ильхам Әлиев пен оның отбасын сынап жүрген жастар белсендісі әрі блогер Заур Қурбанлы тұтқындалды.

Әзербайжан үкіметіне «ұнамай қалған» 25 жастағы блогер Заур Қурбанлы биыл мамырда өткен Eurovision («Еуровижн») байқауында Әзербайжандағы адам құқықтары мәселесіне халықаралық қауымдастықтың назарын аудартты.

Байқау кезінде өткен «Демократия үшін ән сал» кампаниясында әнші, швециялық Лорин Зинеб елдегі адам құқықтары мәселесін айыптады.

Заур Қурбанлы өз блогында Лейла Әлиеваның (Әзербайжан президентінің үлкен қызы) марқұм Гейдар Әлиевке арнаған өлеңдерін бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасына енгізген білім саласы басшыларын да сынаған.

– Диктатор Ильхам Әлиевтің қызының «шығармашылығы» - балаларды улаудың бір тәсілі. Бұған қолдан келгенше қарсы тұруымыз керек, – деп жазған Заур Қурбанлы.

«2013 ЖЫЛЫ КЕТЕМІН»

Қурбанлы келесі жылы өтетін президент сайлауында Ильхам Әлиевке қарсы дауыс беруге шақырған үнпарақтар таратуды да ұйымдастырды. Ол мүше болған NIDA NIDA ұйымы белсенділерінің акциясы. Баку, 31 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

NIDA ұйымы белсенділерінің акциясы. Баку, 31 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

деп аталатын жастар ұйымы таратқан үнпарақта Әлиевке ұқсас адам бейнеленіп, «Егер NIDA-ға қосылсаң, 2013 жылы кетемін» деген сөздер жазылған.

29 қыркүйекте қарапайым адамша киінген полицейлер Заур Қурбанлыны Бакудегі NIDA ұйымы кеңсесінің маңында ұстады. Полицейлер әуелі оны ұйым кеңсесіне кіргізіп, ұйымның ғимаратын тінтіп, құжаттарды, 2013 жылы өтетін сайлауға қатысты үнпарақтарды тәркіледі.

Полицейлер Қурбанлыны белгісіз жаққа әкетпес бұрын, оның серіктеріне өздерін «ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің қызметкерлеріміз» деп таныстырған.

Қазанның 1-іне дейін, адвокатымен байланыс орнатуға рұқсат етілгенше хабар-ошарсыз кеткен Заур Қурбанлыға «тұтқындау кезінде полицияға қарсылық көрсетті» деген айып Грузия президенті Михаил Саакашвили (арғы жақта) мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сөйлесіп тұр. Батуми, 18 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Грузия президенті Михаил Саакашвили (арғы жақта) мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев сөйлесіп тұр. Батуми, 18 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

тағылып, 15 күнге қамалды.

Әзербайжан ішкі істер министрлігінің өкілі Орхан Мансурзаденің айтуынша, Қурбанлыға жуық арада тағы бірнеше айып тағылуы мүмкін.

Оның сөзінше, Қурбанлы «заңсыз есірткі тасымалдау операциясына қатысты» деген күдікпен тұтқындалған. Мұның сыртында, кеңсені тінту кезінде «заңсыз заттар мен құжаттар табылған». Бірақ министрлік өкілі оның нақты қандай заттар екенін айтпады.

ҮРЕЙ

NIDA ұйымы белсендінің тұтқындалуын «билікті сынаушылардың үнін өшіру үшін жасалған әрекет» деп біледі.

– Билік жастар ұйымдарын (тіпті олар саяси партияның филиалдары болмаса да) қорқытып-үркітіп, наразылыққа, қарсы шығуға итермелеп отыр. Билік бұл тәуелсіз ұйымдарды үрейде ұстағысы келеді, – дейді ұйым өкілі Тургут Камбар.

Қурбанлының адвокаты Асабали Мустафаев белсенді блогшыны қамау мерзімінің Адвокат Асабали Мустафаев.

Адвокат Асабали Мустафаев.

15 күннен асып кетпеуіне күш салып жатқанын хабарлады. Бірақ оның нақты қандай әрекеттер екенін айтпады.

– Бұл жерде адвокат ретінде көпшілікке жарияламайтын жайттар бар. Себебі біз Қурбанлыны қамау мерзімін 15 күнмен шектеуге тырысып жатырмыз, – дейді адвокат.

Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы сейсенбіде Қурбанлының тұтқындалуын айыптап, Әзербайжан үкіметін оны дереу босатуға шақырды. Ұйымның Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Джон Далгуйзен әзербайжандық белсенділердің көбінесе «полицияға қарсылық танытты» деген айыппен ұсталатынын айтты.

– Бұл белсенділерге қарсы іс ойлап табуға мүмкіндік береді. Сол үшін оларды 15 күнге қамайды, – дейді Amnesty International өкілі.

Бүгін Заур Қурбанлының өкілі Аслан Исмайылов қамауда отырған блогердің психологиялық қысым көргенін мәлімдеді.

Әзербайжанда бұдан бұрын да үкіметті сынаған блогерлер қудаланған. 2009 жылы блогерлер – Эмин Милли мен Аднан Гаджизаде «мейрамханада төбелес шығарды» деген айыппен бірі екі жылға, екіншісі екі жарым жылға соттаған. Блогерлер баспасөз жиынын өткізіп жатқан есек туралы видеомен үкіметті әжуалағаннан кейін істі болды. Екі блогшының сотталуына халықаралық қауымдастық та наразылық танытқан.

Түрмеде 17 ай отырған екі блогер 2010 жылы қарашада босатылды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG