Accessibility links

«Таблиғи жамағат» Қазақстаннан өтіп, Ресейге жетті


Татарстандағы діни ұйымдардың бірінің мүшелері. Қазан, 9 тамыз 2012 жыл. (Видеодан алынған көрнекі сурет)

Татарстандағы діни ұйымдардың бірінің мүшелері. Қазан, 9 тамыз 2012 жыл. (Видеодан алынған көрнекі сурет)

Jamestown.org ұйымы қаңтардың 24-і күні «Таблиғи жамағат» дін ұйымының Орталық Азия мен Ресей жеріндегі жұмыстары жайлы сараптамасын жариялады.

Jamestown.org-тің баяндауынша Қазақстанның қауіпсіздік қызметі 2012 жылы тіркелмеген «Таблиғи жамағат» діни ұйымының 205 белсенді мүшесін тұтқындаған. Бұл жаңалықты сенатор Иран Әміров ресми мәлімдеген.

Орталық Азия елдерінің заңы бойынша тіркелмеген кез-келген діни ұйымның жұмысына тыйым салынған. Сондықтан да діни үгіт жүргізетін «Таблиғи жамағат» тобының мүшелеріне айып салынып, оларды елден шығарған.

«ҚАТАҢ ТӘРТІПКЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ҰЙЫМ»

Мамандардың зерттеуінше, «Таблиғи жамағат» атауы «дін тарату қоғамы» деген мағынаны білдіреді.

Бұл ұйым 1920 жылы Үндістанда құрылған. Олардың мақсаты – «ислам дініне тың серпін беріп, оның ықпалын арттыру». Ұйым мүшелері негізінен миссионерлік бағытта жұмыс жасауға күш салады. Олар әу бастан саясатқа араласпай, бар күштерін мұсылмандардың діни сенімін күшейтуге арнайды.

Азия елдерінде құрамында 10-12 адамы, басқа елдерде 3-5 адамы бар шағын топтар жасақтау арқылы «Таблиғи жамағат» өкілдері әлемнің барлық бөлігінде дін таратуға тырысады. Арнайы дайындалған уағызшылар насихат жұмыстарын екі тараптан жүргізеді. Олардың бір тобы мешіттерде уағыз жүргізсе, екінішісі ауыл-аймақты аралап, үйлерге кіріп уағыз айтады.
Ұйымның белсенді мүшелері айдың үш күнін, аптаның екі күнін және тәуліктің екі сағатын да дін ісіне арнауға міндетті.

«Таблиғи жамағат» – қатаң тәртіпке негізделген ұйым. Ұйым мүшелері басшыларына (өздері «әмір» деп атайды) қатаң бағынудың арқасында кәсіби уағызшы болып қалыптасады. Ұйымның белсенді мүшелері жыл сайын бір жылдың 40 күнін дінге арнауы тиіс. Олар айдың үш күнін, аптаның екі күнін және тәуліктің екі сағатын да дін ісіне арнауға міндетті.

Көптеген террористер мен діни экстремистер жайлы «олар «Таблиғи жамағаттың» уағыздарына қатысқан» деп айтылғанмен, осы уақытқа дейін олардың жаппай жиһад идеясын уағыздағаны немесе террорлық ұйымдармен байланыс жасағаны жайлы нақты дерек жоқ. Бірақ Иран, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан «Таблиғи жамағатқа» тыйым салған. Қазір Үндістан да бұл ұйымның жұмысына тоқтату мәселесін талқылап жатыр.

«ТАБЛИҒИ ЖАМАҒАТ» ПЕН «ХИЗБ-УТ-ТАХРИРДІҢ» ҰҚСАСТЫҒЫ

Өзбекстанның ғылым академиясына қарасты шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері, дінтану факультетінің профессоры Бахтияр Бабаджановтың айтуынша, «Таблиғат жамағаттың» басты мақсаты – ислам дінін әлемге тарату.

Доктор Бабаджановтан «Таблиғи жамағаттың» діни экстермизмге қатысы бар-жоғы жайында сұрағанда:

– Мен «Таблиғи жамағаттың» саяси экстремистік ұрандары туралы естімедім. Мүмкін, олар көп насихатталмайтын шығар, – деді ол.

Jamestown.org сайтының дерегінше «Таблиғи жамағаттың» бас кеңсесі Пәкістанның "Хизб-ут-тахрир" мүшесі деп айыпталған адамдардың соты. Қырғызстан, 21 қараша 2008 жыл.

"Хизб-ут-тахрир" мүшесі деп айыпталған адамдардың соты. Қырғызстан, 21 қараша 2008 жыл.

Райвинд қаласында орналасқан. Бұл діни ұйымның өте ықпалды тармақтары Лондон қаласында да бар.

Профессор Бабаджановтың пікірінше, «Таблиғи жамағат» пен «Хизб-ут-тахрир» экстремистік ұйымының ұқсас жақтары көп. («Хизб-ут-тахрир» дүние жүзінде ислам халифатын орнатуды айтатын танымал халықаралық ұйым. Оның мүшелері Орталық Азияда белсенді әрекет етеді)

Jamestown.org ұйымының мамандары екі діни ұйымға да ортақ мынадай ұқсастықтарды айтады: Екі ұйымның мүшелері де жергілікті шағын топтармен бірігіп, қатаң тәртіппен жүріп тұрады, басшыларына қалтқысыз бағынады. Ұйым мүшелері еңбекақыларынан ұйымның жұмысы үшін садақа береді. Екі ұйым да исламның сүнниттік бағытын ұстанады. Екі ұйым да мүшелерінен белсенділікті талап етеді.

Ал айырмашылығы – «Таблиғи жамағат» «Хизб-ут–тахрир» сияқты ислам халифатын мейлінше тезірек орнатуға тырыспайды. «Таблиғи жамағаттың» жетекшілері «әлемді исламдандыру жұмысы – ұзаққа созылатын процесс» деп санайды. «Таблиғи жамағаттың» «Хизб-ут-тахрирден» тағы бір айырмашылығы – олар жергілікті билік өкілдерімен ашық жанжалға барудан қашады.

ФЕРҒАНАДАН БАСТАЛҒАН УАҒЫЗ

«Таблиғи жамағаттың» кейбір жетекшілері 2007 жылы өздері «Хизб-ут-тахрир» басшылары келіп, байланыс жасауға тырысқанын мойындайды. Бірақ олар өздерінің саясатқа араласпайтынын айтып, бірігуден бас тартқан.

Шығыстанушы Бабаджановтың айтуынша, «Таблиғи жамағаттың» алғашқы миссионерлері Орталық Азия елдеріне Совет Одағы ыдыраған соң, 1991 жылдары Пәкістандағы саяси-діни топтың бірінің қарсылық шарасы. Карачи, 4 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістандағы саяси-діни топтың бірінің қарсылық шарасы. Карачи, 4 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Пәкістан тарабынан келген. Олар ең әуелі Ферғана алқабына ықпал етуге тырысқан. Қазір бұл ұйым Ферғананың негізінен Қырғызстанға қарайтын бөлігінде белсенді әрекет етіп жатыр. Бірақ «Таблиғи жамағаттың» Орталық Азиядағы мүшелері түгелдей жергілікті жұрттан құралған. Олар пәкістанша киінгенді ұнатады, сондықтан көзге бірден түседі.

Jamestown.org «Таблиғи жамағаттың» Ресейдегі насихат жұмыстарына байланысты да біршама мәліметтер берген. Зерттеушілер осы мәселеге орай Ресей этнология институты Орталық Азия бөлімінің басшысы Сергей Абашинның пікірлерін берген. Абашиннің зерттеуіне қарағанда, «Таблиғи жамағаттың» негізгі белсенділері Қазақстан мен Қырғызстанда шоғырланған. Өзбекстан мен Тәжікстан үкіметі жүргізген қатал шаралардан соң бұл ұйымның ол елдердегі ықпалы өте әлсіреп қалған. Ұйым қазір Түркіменстанда әлсіз болса да әрекет етіп жатыр.
Ферғана өңіріндегі «Таблиғи жамағаттың» мүшелері - қырғыздар, ал «Хизб-ут-тахрирдің» мүшелері - өзбектер.

Jamestown көшпенділер ұрпағы қазақтар мен қырғыздардың өзбектер мен тәжіктерге қарағанда дінге қатты қарамайтынын айта келе, Ферғана өңіріндегі «Таблиғи жамағат» ұйымының мүшелері түгелге жуық қырғыздар екенін, ал «Хизб-ут-тахрирдің» мүшелерінің көбі өзбектер екенін айтады.

Мақала авторының жазуынша, «Таблиғи жамағат» жетекшілері де қырғыздардың арасында үгіт айтқанды жөн көретінін растаған.

Бұл ұйымның мүшелері Татарстан мен Башқұртстанда да бар. Тұрғындарының 15 пайызы түркі (қазақ, татар, башқұрт) Орынбор өңіріне де ұйымның назары ауған. 2012 жылы қыркүйекте Орынбор облысының Соль-Илецк ауданынан (халқының 26 пайызы – қазақ, 10 пайызы – татар) «Таблиғи жамағаттың» 500-дей мүшесі ұсталған.

«Осы дерекке қарап, бұл ұйым Ферғана алқабы мен Ресейдің түркі аймақтары арасындағы аумақты қамтыған деген түйінге келуге болады» дейді Jamestown.org сайты.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG