Accessibility links

Батыс Қытайдың кибер-шабуылынан қауіптеніп отыр


Дипломатиялық және мемлекеттік институттарға қарсы жасалған кибер-тыңшылықтар картасы. 14 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Дипломатиялық және мемлекеттік институттарға қарсы жасалған кибер-тыңшылықтар картасы. 14 қаңтар 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

АҚШ-тың пікірінше, Қытайдың әскери күштері мен хакерлер тобының байланысы бар. Ал Ұлыбритания Бейжіңнің кибер шабуылдарына байланысты сақтық шараларын күшейтті.

Соңғы бірнеше айда АҚШ хакерлік шабуылдардан көз ашпай келеді. Жыл басынан бері The New York Times және The Wall Street Journal басылымдары, Twitter микроблог сервисіне кибер шабуылдарға ұшыраған еді. Осы аптада Apple компаниясы да хакерлік шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

ХАКЕРЛЕР МЕН ҚЫТАЙ ӘСКЕРІ АРАСЫНДАҒЫ БАЙЛАНЫС

Ақпанның 19-ы күні америкалық The York Times және британдық Daily Telegraph Қытайдың кибер шабуылдарына қатысты мақалалар басты.

The York Times газеті "Қытайдың кибер-ойындары" атты мақаласында америкалық Mandiant компьютерлік қауіпсіздік компаниясының баяндамасына сүйене отырып, "Қытайдағы халықты азат ету армиясы мен хакерлерінің бір-бірімен байланысы барын" жазады.

Mandiant компаниясының сейсенбі күні жарық көрген баяндамасына сүйенген автор құжатта "америкалық корпорациялар, ұйымдар және үкіметке үдеген Интернет-кафені тексеріп жүрген полицей. Қытай, 17 маусым 2002 жыл. (Көрнекі сурет)

Интернет-кафені тексеріп жүрген полицей. Қытай, 17 маусым 2002 жыл. (Көрнекі сурет)

(хакерлік) шабуылдар Халықты азат ету армиясының штаб-пәтері орналасқан маңда, Шанхайдағы 12 қабатты ғимараттағы Unit 61398 есігі төңірегінде болып жатқанын" жазады.

"Mandiant Қытайдың компьютерлік тыңшылық операцияларының қайнаған ортасында жүрген Comment Crew немесе Shanghai Group атпен белгілі өте күрделі қытайлық хакерлік топтардың жекелеген мүшелерінің ізіне түсті. Comment Crew веб-домендер мен зиянкес бағдарламалар, интернет-протокол адрес пен кодтарды зерттей отырып, алты жыл бойы 141 хакерлік шабуыл жасаған" деп жазады мақала авторы.

Автор Қытайдың ресми билік өкілдерінің баяндаманы терістегенмен түбегейлі жоққа шығармағанын жазады.

"Хакерлік шабуылдар трансұлттық деңгейде және анонимді түрде жасалады. Олардың түп-тамырын анықтау өте қиын. Баяндамада келтірілген деректерді қалайша қисынды деп атауға болады" дейді Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хонг Ли.

ҚОРҒАНЫС ШАРАЛАРЫ

Басылымның жазуынша, хакерлік шабуылдардан қауіптеніп отырған Вашингтон америкалық интернет провайдерлері мен антивирус шығарушы компанияларға қытайлық хакерлік топтардың "уникалды" белгілері туралы ақпараттарды беруге шешім қабылдаған.

Автордың ойынша, АҚШ-ты тек корпоративтік құпиялардың ұрлануы ғана емес, Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

сонымен бірге ел президенті Обаманың халыққа жолдауында айтылғандай "энергожүйе, қаржы институттары мен әуе қозғалыс басқармасы жүйесінің бұзылуы" да алаңдатып отыр.

"Қорғаныс шаралары ретінде Обама өткен аптада үкімет пен елдегі ең маңызды инфрақұрылымдарға ие (олардың арасында электр, газ жүйесі, гидротехникалық құрылымдар да бар) жеке компаниялар арасында киберқауіп туралы ақпаратпен алмасуды күшейтетін қаулыға қол қойды. Конгресс инфрақұрылымдарды қорғау талаптарын белгілейтін заңнаманы әлі қабылдамаған" деп жазылған мақалада.

Автордың жазуынша, Барак Обама мен оның көмекшілері белгілі бір дәрежеде Қытаймен арадағы қарама-қайшылықтарға алаңдағанмен, оны жария түрде мәлімдемеген.

Қытай мен АҚШ-тың халықаралық қауіпсіздік мәселелерінде әріптестік танытуы керек екенін жазған автор "егер кибер-соғыс басталып кетсе, әріптес болу мүмкін емес" дейді.

"Қытайдың қылмысын жариялау және хакерлердің интернетке кіруіне тосқауыл қою Пекин үшін жасалған ескертпе болуы керек. Вашингтон өз мүддесін қорғауға құқылы. Бірақ бұл екі халық киберагрессияның мәні мен оған үкіметтердің қалай жауап беруіне қатысты жаңа келісім жасасып, халықаралық бастаманы қолға алуы тиіс" деп түйіндейді автор.

ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАУПІ

Ал Daily Telegraph басылымы "Қытайдың кибер соғысы бәрімізге қауіпті" атты мақаласында хакерлік шабуылдардан қауіптенген Ұлыбританияның сақтық шараларына көшкенін жазады.

Мақала авторы Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронның үнділік әріптесі Манмохан Синкхпен кибер қауіпсіздік туралы жаңа пактіге қол қойғанын Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

еске салып, бұл пакт тек "үнділік қызмет көрсету орталықтарына тіркелген миллиондаған британдық әйелдердің жеке мәліметтер қорын қорғауда ғана маңызды емес" екенін жазады.

Ұлыбритания азаматтарының интернет алаяқтарға жиі алданатынын айтқан басылым Қытайдың кибер шабуылдарының одан да қауіптірек екенін жазады.

«Екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап кетсе, сарапшылардың бағалауынша, қытайлар бір түймені басып-ақ Ұлыбританиядағы қуатты станциялар мен кассалық аппараттар сияқты өте маңызды ұлттық инфрақұрылымдарды істен шығара алады. Тіпті қазіргідей достық қарым-қатынас жағдайында, жетекші индустрия және технологиялық компаниялардан бастап, Пентагон мен АҚШ үкіметі, New York Times пен Coca Cola-ға жасалған хакерлік шабуылдарға қытай фирмалары мен мемлекеттік агенттіктерінің қатысы барлығы айтылды» деп жазады басылым.

"СҰРҚИЯ КҮРЕС ӘДІСІНІҢ" ТАРИХЫ

"Қытайдың әлемдік жетекші кибер қылмыскер атанғаны анық" деп тұжырым жасаған басылым Қытайдың күрес жүргізуінің мұндай сұрқия түрі 1990 жылдардан бастау алғанын жазады.

Басылымның жазуынша, "америкалықтарға ешқашан ашық түрде шарттар қоя алмайтынын түсінген Қытайдың әскери күштері соғыс ашпай-ақ дұшпанын ойсырататын шексіз күрес концепциясын дамытқан".

Қытайдың халықты азат ету армиясына бағынатын (тікелей аударғанда, "рұқсат Қытай армиясы. (Көрнекі сурет)

Қытай армиясы. (Көрнекі сурет)

етілген алаңнан тыс күрес" деген мағынаны білдіретін) доктрина әуелі экономикалық мүдде үшін қолданылса, 1990 жылдар соңында тек кибер кеңістіктегі соғысқа көшкен.

"Қытай Батыстағы бәсекелестерінен технологиялық ноу-хау ұрлап, өнеркәсіптік тыңшылық тәжірибесін пайдаланды, өзінің мүддесін ұтымды қолдана білді. Киберсоғыстың әлемдік алпауытына айналған Қытайдың бұған құлай берілгені соншалықты - халықты азат ету армиясы хакерлер арасында байқаулар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттап, өте құпия хакерлердің кибер-командасына бірден қабылдайды" деп жазылған мақалада.

Индустриялық тыңшылықтың Қытайда ұлттық деңгейде өріс ала бастағанын жазған автор мұны зерттеу де қауіпті екенін айтады.

"Өткен жылы жазда Сингапурде 31 жасында жұмбақ жағдайда көз жұмған калифорниялық электроника инженері Шань Тодтың отбасы оның өлімін химия өндірісімен шұғылданатын қытай компаниясына қатысты жүргізген маңызды зерттеуімен байланыстырады" деп жазады автор.

Басылымның жазуынша, британдық барлау қызметіне жетекшілік ететін сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі, Mandiant компаниясының баяндамасын шығаруға көмегі болған Уильям Хагг "Ұлыбритания экономикалық мүдделерге қайшы келсе де, Пекинге өзінің наразылығын жеткізуі тиіс" деп мәлімдеген.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG