Accessibility links

Дрон түсірген әсерлі видеолар


Бордода өткен көрмеде ұшып жүрген дрон. Франция, 9 қыркүйек 2014 жыл.

Бордода өткен көрмеде ұшып жүрген дрон. Франция, 9 қыркүйек 2014 жыл.

Кезінде тек әскерилердің құралы болған қашықтан басқарылатын шағын ұшатын аппаратты (дрон) қазір әркім ала алады. Осы құралдың арқасында әлемді түрлі қырынан бақылауға мүмкіндік туды.

Amazon сайтында бар болғаны 50 долларға сатылып жатқан бұл аппараттың көмегімен 2014 жылы түсірілген ең әсерлі видеоларды тамашалаңыз.

Бұлттан асқан шіркеу

​Утрехт қаласындағы Дом мұнарасы Нидерландыдағы ең биік ғимарат саналады. Камера орнатылған дронның ғимараттың ұшар басына шыққандағы көрінісі, бұлт үстінен көрінген шіркеу керемет әсерге бөлейді.

Таиланд жағалауы

​Quartz сайты бұл видеоны дрон 2014 жылы түсірген үздік видеолардың қатарына қосқан. Таиландта түсірілген бұл видеоның ерекшелігі – көше мен теңіз жағалауының көріністері жерге өте жақын деңгейде алынған. Мұндағы жағажайда ойнап жүрген кішкене балалардың көрінісі кинодағыдай ерекше көрінеді.

Фейерверк

​Фейерверктің атылған кезіндегі көрінісі қандай болады екен деп армандап жүрсеңіз, осы видеоны тамашалаңыз.

Жанартаудың іші

​Фейерверкке ұқсас, бірақ одан әлдеқайда қорқынышты жер – буырқанған жанартаудың іші. Жанартаудың ішіне ұшып кірген болсаңыз, мынадай картинаны көресіз. (Тынық мұхитының оңтүстігіндегі Танна аралында түсірілген видео).

Чернобыль

​Украинаның Чернобыль апат аймағында қалған Припят қаласындағы көріністер видео ойынға және қорқынышты киноға пайдаланылған. Мына видеоны көргеннен кейін оның себебін жақсы түсінесіз. Арса-арсасы шыққан көп қабатты үйлер, бос қалған балалар алаңқайы, тот басқан кабиналары теңселіп тұрған атракциондар көрген кісінің жүйкесін шымырлатпай қоймайды.

Әуеден түсірілген Майдан

​Бір жылда қоғам қалай өзгереді? 2013 жылдың желтоқсан айында Украина астанасындағы Тәуелсіздік алаңының күндіз және түнде жоғарыдан түсірілген көріністері Майдан наразылық шарасының қаншалық ауқымды болғанын көрсетеді. Бір жыл өткен соң Азаттық радиосы осы оқиғаның бір жылдығына орай әуеге басқарылатын аппарат жіберіп, алаңды тағы да видеоға түсірген. Айырмашылықты өзіңіз байқап көріңіз.

Дельфиндер тобы

​Калифорния жағалауына әлденеден шошынған мыңдаған дельфин жиналды. Бұл көріністі камераға түсірген Дейв Андерсон есімді жігіт: «Бүкіл өмірімде түсірген ең әдемі әрі әсерлі көрініс осы 5 минуттық видео болды. Өзімді жаңа бір өлшемге кіріп кеткендей сезіндім» деді.

Таудай толқын

​Гаваи аралындағы толқындар. Серфинг жасап бара жатқан жігітті көргенде ғана бұл толқындардың қаншалық биік екенін байқайсыз.

Құс мен аппараттың күресі

Құс жеңіске жетті.

Мына видеолар да өте әсерлі:

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG