Accessibility links

Еуро футболшылары туралы қызық деректер


Еуропа чемпионаты іріктеуінде 12 гол салған футболшы Клаас-Ян Хунтелаар (сол жақта) Камерун ойыншысы Стефан Мбиаға қарсы ойнап жүр. Кейптаун, 24 маусым 2010 жыл.
Еуропа чемпионаты іріктеуінде 12 гол салған футболшы Клаас-Ян Хунтелаар (сол жақта) Камерун ойыншысы Стефан Мбиаға қарсы ойнап жүр. Кейптаун, 24 маусым 2010 жыл.

Еуропа чемпионатына барлығы 368 ойыншы қатысады. Олардың ішіндегі бойы ең ұзыны – швециялық Андреас Исакссон, ал ең қысқасы – италиялық Себастьян Джовинко. Жасы ең үлкен футболшы – грек Костас Халкиас, кішісі – голландиялық Джетро Виллемс.


МАТЧТАР

Нидерланд құрамасында ең тәжірибелі ойыншылар жиналған. Бұл команданың ойыншылары орта есеппен ұлттық құрамада 42 матч өткізіпті. Рафаэль ван дер Ваарттың бір өзі ұлттық құрама киімін 94 рет киген.

Бірақ бұл есепте рекорд жасаушы – Испания құрамасының қақпашысы, ұлттық құрама сапында 129 ойынға қатысқан Икер Касильяс.

Ал ойын тәжірибелері аз топ – Франция мен Польша. Қос құраманың футболшылары орта есеппен 21 кездесуде ойнаған.

ГОЛДАР

Еуропа чемпионатына іріктеуде ең көп гол соққан құрама – Нидерланд (37 гол). Одан кейінгі орынға Германия (34 гол) мен Швеция (31 гол) жайғасқан.

Ал аз гол салған – Грекия командасы (14 гол). Бір қызығы, гректердің алты голының авторы – қорғаушылар.

Жекелей есепке келсек, мерген футболшы – 12 гол салған Клаас-Ян Хунтелаар (Нидерланд). Одан кейінгі орында – неміс Мирослав Клозе (9 гол), Криштиану Роналду (Португалия, 7 гол), Робби Кин (Ирландия, 7 гол)

ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ БОЙЫ

Еуропа чемпионатына қатысатын командалардың ішінде ең ұзын бойлы топ – Германия мен Хорватия командасы. Бұл құрамалардың ойыншыларының орташа
Неміс футболшысы Пер Мертесекер (бойы 198 см) 2010 жылғы әлем чемпионатында. Кейптаун, 3 шілде 2010 жыл.
Неміс футболшысы Пер Мертесекер (бойы 198 см) 2010 жылғы әлем чемпионатында. Кейптаун, 3 шілде 2010 жыл.
бойы – 185 сантиметр. Грекия футболшыларының бойы – 183 сантиметр, Нидерланд, Англия және Португалия – 182 сантиметр.

Ал ең «аласа» команда – Ирландия (166 сантиметр), Чехия және Дания (175 см).

Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылардың бойы ең ұзыны – Швеция құрамасының қақпашысы Андреас Исакссон (199 сантиметр). Одан кейінгі орындарда Пер Мертесакер (Германия, 198 сантиметр), Петр Чех (Чехия, 197 сантиметр), Евгений Хачериди (Украина, 197 сантиметр) тұр.

Қысқа бойлы ойыншылар – Себастьян Джовинко (Италия, 164 сантиметр), Йоанис Фетфасидис (Грекия, 165 сантиметр) .

ОЙЫНШЫЛАРДЫҢ ЖАСЫ

Еуропа чемпионатына баратын командалардың ішіндегі ең жасы «үлкені» – Италия, Ресей, Ирландия, Швеция. Бұл құрамалардың орта жасы – 28 жас. Ал Германия құрамасы – ең «кішісі» (24 жас).

Жекелей ойыншыларға тоқталсақ, жасы үлкен ойыншы – Грекия қақпашысы Костас Халкиас (37 жаста). Одан кейін Александр Горяинов (Украина, 36 жаста), Андерс Свенссон (Швеция, 35 жаста) тұр.

Ал ең жас футболшы – голландиялық қорғаушы Джетро Виллемс (18 жаста).

ПОЛИГЛОТТАР

Еуропа чемпионатына баратын футболшылардың ішінде Златан Ибрагимович – ​
Славен Билич. Хорватия, 5 қыркүйек 2009 жыл.
Славен Билич. Хорватия, 5 қыркүйек 2009 жыл.
нағыз полиглот. Швед футболшысы испан, ағылшын, итальян, голланд, босния тілін біледі.

Германия құрамасының ойыншысы Месут Өзел түрік, неміс, испан, ағылшын тілінде еркін сөйлейді.

Ал бапкерлерден Хорватия құрамасының жаттықтырушысы Славен Билич хорват, ағылшын, неміс, орыс, украин тілін меңгерген. Англия құрамасының бапкері Рой Ходжсон ағылшын, француз, неміс, итальян, швед, дат тілін біледі.

(Материал uefa.com және goal.com ақпараттары негізінде дайындалды)
XS
SM
MD
LG