Accessibility links

Хорват бапкері де Еуро-турнирден кейін қызметінен кетпек


Хорватия құрамасының бас бапкері Славен Билич. 5 қыркүйек 2009 жыл.

Хорватия құрамасының бас бапкері Славен Билич. 5 қыркүйек 2009 жыл.

Хорватия құрамасының бас бапкері Славен Билич Еуропа чемпионатына баратын ойыншылар тізімін жариялады. Құрлық біріншілігіне баратын футболшылар есімін атаған соң Билич осы жарыстан соң қызметінен кететінін мәлімдеді.


– Бұл менің Хорватия құрамасымен өткізетін соңғы чемпионатым, Мен команда үшін аянған жоқпын. Дәл қазір тек ойлағаным – Еуро-турнир. Әрқашан құраманың жанкүйері болып қала беремін. Себебі бұл команда өмірімнің бір бөлігіне айналған. – деді 43 жастағы бапкер Славен Билич УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Осыған дейін Ресей құрамасының бас бапкері Дик Адвокат та Еуропа чемпионатынан кейін отставкаға кетемін деп мәлімдеген. Осы аптада Дик Адвокат голландиялық ПСВ командасымен жаңа келісім-шарт жасасты.

«ТӨРТ ЖЫЛ БҰРЫНҒЫДАЙ ЕМЕСПІЗ»

«Вест Хэмнің» бұрынғы қорғаушысы Славен Билич Хорватия құрамасын алты жылдан бері жаттықтырып келеді. Еуропа чемпионатында оның шәкірттері С тобында Италия, Испания, Ирландия футболшыларымен күш сынасады. Дәл Хорватия футболшылары Еуро-2012 турниріне іріктеуден өткеніне қуанып жатыр. Загреб, 15 қараша 2011 жыл.

Хорватия футболшылары Еуро-2012 турниріне іріктеуден өткеніне қуанып жатыр. Загреб, 15 қараша 2011 жыл.

осындай қиын қарсыластарға қарамастан Билич өз командасының Еуро-турнирде жақсы ойнайтынына сенімді.

– Еуро-2008 жарысында біз футбол ойнай алатынымызды дәлелдедік. Биылғы құрлық біріншілігіне де үлкен дайындықпен барамыз, – деді Билич.

Хорватия құрамасы ол біріншілікте ширек финалға дейін жетіп, пенальти сериясы бойынша түріктерден жеңілген еді.

– Дәл қазір біз төрт жыл бұрынғы күш-қайратқа иеміз деп айта алмаймын. Бірақ күшейе түстік. Австрия мен Швейцариядағы жарысты ұтамыз деп барғанбыз. Менің командамның биылғы мақсаты да осы, – дейді хорват маманы.

Славен Биличтың айтуынша, іріктеу турниріне қатысқан ойыншыларының 30 пайызы клубтарында жиі ойын өткізе алмаған.

– Жасырмаймын, командада қазір осы – басты мәселе. Бірақ бұл Еуро-турнирде бізге бөгет бола қоймас, – дейді Билич.

Хорватия құрамасы 25 мамыр күні өз алаңында Эстониямен, одан кейін Норвегиямен жолдастық матч өткізеді. Ал Еуропа чемпионатындағы алғашқы кездесуі 10 маусым күні Познаньда Ирландияға қарсы өткізеді.

Еуро-турнирге қатысатын Хорватия құрамасы


Қақпашылар: Стипе Плетикоса ("Ростов"), Даниель Субашич ("Монако"), Иван Келава ("Динамо" Загреб"), Горан Блажевич ("Хайдук")

Қорғаушылар: Ведран Чорлука ("Тоттенхэм"/"Байер"), Йосип Шимунич ("Динамо" Загреб), Гордон Шильденфельд ("Айнтрахт" Франкфурт), Дарио Срна ("Шахтер" Донецк), Шиме Врсалько ("Динамо" Загреб), Домагой Вида ("Динамо" Загреб), Даниель Праньич ("Бавария"), Деян Ловрен ("Лион"), Юрица Бульят ("Маккаби" Хайфа), Иван Стринич ("Днепр").

Жартылай қорғаушылар: Лука Модрич ("Тоттенхэм"), Огнен Вукоевич ("Динамо" Киев), Томислав Дуймович ("Динамо" Москва/"Сарагоса"), Иван Перишич ("Боруссия" Дортмунд), Иван Ракитич ("Севилья"), Нико Кранчар ("Тоттенхэм"), Милан Бадель ("Динамо" Загреб).

Шабуылшылар: Эдуардо ("Шахтер" Донецк), Марио Манджукич ("Вольфсбург"), Никица Елавич ("Эвертон"), Ивица Олич ("Бавария"), Никола Калинич ("Днепр"), Иво Иличевич ("Гамбург").
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG