Accessibility links

Барлық құрамалардың нақты тізімі жария етілді


Киевтің Орталық стадионының дәлізінде ілініп тұрған алып Tango 12 атты чемпионат үшін жасалған доп макеті. 29 мамыр 2012 жыл

Киевтің Орталық стадионының дәлізінде ілініп тұрған алып Tango 12 атты чемпионат үшін жасалған доп макеті. 29 мамыр 2012 жыл

Футболдан Еуропа чемпионатына қатысатын 16 команданың 23 ойыншыдан тұратын құрамалары нақтыланды. Әр команданың бас бапкерлері сынақтан өтпегендерді тізімнен шығарып тастады.

Еуропа чемпионатына барлығы 368 футболшы қатысады. Мамырдың 29-ы күні Франция, Италия, Чехия, Хорватия және Украина бапкерлері нақты тізімді УЕФА-ға ұсынды. Дания мен Ирландия командаларына соңғы уақытта біраз өзгерістер енді. Даниядан қақпашы Томас Соренсен, ал Ирландиядан қорғаушы Кевин Фоли біріншілікке бармайды. Екі футболшы да жарақат алған. Олардың орнына жарысқа тиісінше, Каспер Шмейхель мен Пол Макшейн қатысады.

Ал қалған командалар футболшыларын мамырдың 28-і күні жариялаған. Енді жаттықтырушылар құрамаға өзгерту енгізу алмайды. Тек ойыншыладың бірі жарақат алса ғана, алмастыруға мүмкіндігі бар. УЕФА ережесінде бұл туралы «Егер командада ойыншылардың бірі чемпионат басталғанға дейін жарақат алса, басқа футболшыға алмастыруға болады. Алмастырмас бұрын, ойыншының жағдайын УЕФА медицина комитеті мен команданың дәрігерлері жарақаттың қауіпті екенін нақтылауы керек» деп жазылған.

Ал бүгін назарларыңызға Еуропа чемпионатына қатысатын барлық командалардың ойыншылар тізімін ұсынамыз.


Ескерту: Әр топтағы командалар УЕФА ресми сайтындағы ретпен жазылды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG