Accessibility links

Грекия мен Дания командаларының да құрамы белгілі болды


Дания қақпашысы Томас Соренсонның Жапония шабуылшысы Синдзи Окадзаки тепкен допқа ұмтылған сәті. Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионаты, 24 маусым 2010 жыл.
Дания қақпашысы Томас Соренсонның Жапония шабуылшысы Синдзи Окадзаки тепкен допқа ұмтылған сәті. Оңтүстік Африкада өткен әлем чемпионаты, 24 маусым 2010 жыл.

Грекия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш Еуро-турнирге дайындалатын құрама тізімін жариялады. Ал Дания командасының жаттықтырушысы Мортен Ольсен құрлық біріншілігіне баруға дайын 20 ойыншының есімін атады. Бұл құрамада әлі үш ойыншыға орын бар.


Дат бапкері Мортен Ольсен тізімдегі 20 ойыншы Еуропа чемпионатына баруға дайын деп отыр. Ал қалған үш футболшының есімі 24 мамыр күні жарияланбақ,

ДАНИЯ БАПКЕРІНІҢ ЖОСПАРЫ

Ольсен тізіміне 2010 жылдан бері құрама жейдесін кимеген Томас Каленберг ("Эвиан-Тонон-Гайяр" ) еніпті. Каленберг туралы бас бапкер «Биыл бұл ойыншы өз клубында көп ойын өткізді. Біз әр матчта оның аяқ алысын жіті бақыладық. Бәлкім, оның ойыны жылдам емес шығар. Бірақ дер кезінде алаң ортасында дұрыс шешім қабылдай біледі. Еуро-турнирде оның көмегі бізге керек болады» деді.

Ал ұлттық құрамадағы бос тұрған үш орынға «Манчестер Юнайтед» қақпашысы Андерс Линдегор, «Хоффенхайм» қорғаушысы Янник Вестергор және форвард "Гронинген" шабуылшысы Никлас Педерсен үміткер.
Дания ұлттық құрамасының шабуылшысы Никлас Бентнер. Оңтүстік Африка, 24 маусым 2010 жыл.
Дания ұлттық құрамасының шабуылшысы Никлас Бентнер. Оңтүстік Африка, 24 маусым 2010 жыл.

«Менің нақты шешімім алдағы өтетін жолдастық кездесулерден кейін жарияланады. Жақсы ойынымен көзге түскен 2ойыншыларды құрамаға шақырамын» деді Ольсон УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Еуро-2012 жарысы алдында Дания құрамасы екі жолдастық кездесу өткізеді. Мамырдың 26-сы Бразилиямен алаңға шықса, маусымның 2-сі Австралия командасымен кездеседі.

Дат құрамасы чемпионатта В тобында ойнайды. Қарсыластары - Голландия (мамырдың 9-ы, Харьков), Португалии (маусымның 13-і, Львов) және Германия (маусымның 17-сі, Львов).

ДАНИЯ ТІЗІМІ

Қақпашылар: Томас Серенсен ("Сток Сити"), Стефан Андерсен ("Эвиан").

Қорғаушылар: Ларс Якобсен ("Копенгаген"), Даниэль Васс ("Эвиан"), Даниэль Аггер ("Ливерпуль"), Симон Кьер ("Рома"), Андреас Бьелланд ("Норшелланд") Симон Поульсен ("Алкмаар").

Жартылай қорғаушылар: Кристиан Поульсен ("Эвиан"), Якоб Поульсен ("Митьюлланд"), Вилльям Квист ("Штутгарт"), Ники Зимлинг ("Брюгге"), Томас Каленберг ("Эвиан"), Кристиан Эриксен ("Аякс"), Микаэль Сильбербауэр ("Янг Бойз"), Лассе Шене ("Неймеген").

Шабуылшылар: Деннис Роммедаль ("Брондбю"), Никлас Беннтнер ("Сандерлэнд"), Микаэль Крон-Дели ("Брондбю"), Тобиас Миккельсен ("Норшелланд").

ГРЕКИЯ БАПКЕРІНІҢ ПІКІРІ

Грекия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантущ құрамаға 36 жастағы «АЕК» шабуылшысы Никос Либеропулосты қосыпты.

Бұл ардагер іріктеу жарысының тек ойынына қатысқан. Дегенмен, құрама сапына АЕК командасындағы белсенділігінің арқасында қосылып отыр.

Ал команда қақпасын бапкер Михалис Сифакис, Костас Халкиас және Александрос Цорвас сынды қақпашыларға сеніп тапсырыпты. «Команда сапына қосылуға бес-алты қақпашы үміткер болды. Дегенмен, іріктеу жарысында көп ойын өткізген осы үш қақпашыға тоқтадым» дейді португалиялық маман УЕФА сайтындағы мәлімдемесінде.
Грекия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александрос Циолис (сол жақта) пен қорғаушы Гиоргос Сейтаридистің (оң жақта) Оңтүстік Корея құрамасының жартылай қорғаушысы Пак Чжи Сунмен (ортада) допқа таласқан сәті. Оңтүстік Африка, 12 маусым 2010 жыл.
Грекия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Александрос Циолис (сол жақта) пен қорғаушы Гиоргос Сейтаридистің (оң жақта) Оңтүстік Корея құрамасының жартылай қорғаушысы Пак Чжи Сунмен (ортада) допқа таласқан сәті. Оңтүстік Африка, 12 маусым 2010 жыл.

«Арис» командасының қақпашысы Сифакис жарақат алып, биылғы маусымда біраз ойыннан тыс қалған. Ал Цорвас - «Палермо» командасының қосалқы қақпашысы. Халкиас ПАОК сапында биыл көп ойын өткізген жоқ. Бірақ бұл жайттарға қарамастан Сантуш құрамаға осы голкиперлерді алып отыр.

«Панатинаикос» қақпашысы Орестис Карнезис биылғы Еуропа біріншілігінен тыс қалды. Сантуштың айтуынша, Карнезис дәл қазір ұлттық құрамада және ірі турнирлерде ойнауға дайын емес.

Грекия құрамасы мамырдың 22-сі Австрияға оқу жаттығу жиындарына аттанады. Дайындық кезінде Словения (мамырдың 26-сы) және Армения (мамырдың 31-і) командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

ГРЕКИЯ ТІЗІМІ

Қақпашылар: Александрос Цорвас («Палермо», Италия), Михалис Сифакис («Арис»), Константинос Халкиас (ПАОК).

Қорғаушылар: Вангелис Морас («Чезена», Италия), Кириакос Пападопулос («Шальке», Германия), Сократис Папастатопулос («Вердер», Германия), Георгиос Цавелас («Монако», Франция), Авраам Пападопулос, Василис Торосидис, Хосе Холибас (бәрі - «Олимпиакос»), Стелиос Малезас (ПАОК).

Жартылай қорғаушылар: Константинос Кацуранис, Гиоргос Карагунис, Сотирис Нинис (бәрі – «Панатинаикос»), Григорис Макос (АЕК), Александрос Циолис («Монако», Франция), Гиоргос Фотакис (ПАОК), Иоаннис Фетфатцидис («Олимпиакос»), Панайотис Коне(«Болонья», Италия), Константинос Фортунис («Кайзерслаутерн», Германия).

Шабуылшылар: Георгиос Самарас («Селтик», Шотландия), Теофанис Гекас («Самсунспор», Турция), Димитрас Салпингидис (ПАОК), Константинос Митроглу («Атромитос»), Николаос Либеропулос (АЕК).
XS
SM
MD
LG