Accessibility links

Еуро-турнирге қатысатын тағы үш команданың ойыншылары белгілі


"Байер" шабуылшысы Марио Шомес (сол жақта) пен "Реал Мадрид" қорғаушысы Альваро Арбелоа. Германия, 17 сәуір 2012 жыл.
"Байер" шабуылшысы Марио Шомес (сол жақта) пен "Реал Мадрид" қорғаушысы Альваро Арбелоа. Германия, 17 сәуір 2012 жыл.

Германия мен Голландия құрамасының бас бапкерлері еуро-турнирге баратын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Ал Ирландия командасының жаттықтырушылар штабы құрлық біріншілігіне қатысатын футболшылардың аты-жөндерін жариялады.

Ирландия құрамасы дайын


Sky Sports басылымының мәлімдеуінше, Ирландия құрамасына «Уиган» командасының жартылай қорғаушысы Джеймс Маккарти енбей қалған. Ол онкологиялық ауруға шалдыққан әкесінің сыртқанына байланысты Украина мен Польшаға барудан бас тартыпты. Ал Ирландия командасында биыл ғана алғашқы ойынын өткізген Джеймс Макклин және мәскеулік «Спартакта» ойнайтын Эйден Макгиди біріншілікке қатысады.

Еуро-2012 турниріне баратын Ирландияның толық құрамасы:

Қақпашылар: Шей Гивен («Астон Вилла»), Киран Вествуд(«Сандерленд»), Дэвид Форд («Миллоулл»).

Қорғаушылар: Джон О’Ши («Сандерленд»), Стивен Келли(«Фулхэм»), Стефен Уорд, Кевин Фоли (екеуі де - «Вулверхэмптон»),Ричард Данн («Астон Вилла»), Шон Сент-Ленджер («Лестер»), Даррен О’Ди («Лидс»).

Жартылай қорғаушылар: Джеймс Макклин («Сандерленд»), Гленн Уэлан («Сток Сити»), Кейт Эндрюс («Вест Бромвич»), Кейт Фейхи («Бирмингем»), Даррон Гибсон («Эвертон»), Дэмьен Дафф(«Фулхэм»), Эйден Макгиди («Спартак»), Стивен Хант («Вулверхэмптон»).

Шабуылшылар: Робби Кин («Лос-Анджелес Гэлакси»), Кевин Дойл («Вулверхэмптон»), Шейн Лонг, Саймон Кокс (екеуі - «Вест Бромвич»), Джонатан Уолтерс («Сток Сити»).

Бірақ Ирландия құрамасының бас бапкері Джованни Трапатони 28 мамырға дейін бұл тізімге өзгеріс енгізе алады. Ойыншылардың бірі жарақат алып қалса, қосалқы құрамадағы Даррен Рендольф («Мотеруэлл»), Пол Макшейн («Кристал Пэлас»), Пол Грин («Дерби»). Шеймус Коулман («Эвертон»), Энди Кио («Миллуолл») тізімге қосылуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, Ирландия командасы топтық кезеңде Испания, Италия, Хорватиямен кездеседі.

Голландия бапкері 36 ойыншыны құрамаға алып отыр


Goal.com порталының мәлімдеуінше, Голландия құрамасының бас бапкері Берт ван Марвейк біріншілік алдындағы кеңейтілген құрамаға 36 ойыншыны шақырыпты. Бірақ бұл тізім 28 мамыр күні 23 ойыншыға қысқарады.

Ұлттық құрамаға «Фейенорд» қақпашысы Эрвин Малдер, қорғаушылар Ник Вервегер (АЗ), Джетро Виллемс (ПСВ) және Стефан де Врей («Фейенорд») алғаш
"Спартак" (Мәскеу, Ресей) мен "Аякс" (Амстердам, Нидерланд) командаларының ойыны. Мәскеу, 17 наурыз 2011 жыл.
"Спартак" (Мәскеу, Ресей) мен "Аякс" (Амстердам, Нидерланд) командаларының ойыны. Мәскеу, 17 наурыз 2011 жыл.
​рет шақырылып отыр. Бұған қоса, команда көшбасшылары Арьен Роббен, Робин ван Перси, Класс-Ян Хунтелар, Уэсли Снейдер де тізімде бар. Сондай-ақ ауыр жарақаттан айыққан «Барселона» ойыншысы Ибрагим Афеллай да - еуро-турнирге баратындар сапында.

Нидерланд командасы чемпионатқа дейін Болгария, Словакия, Солтүстік Ирландия және «Бавария» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді. Ал Еуро-2012 турнирін 9 маусым күні Данияға қарсы ойынмен бастайды.

Голландия құрамасының чемпионат алдындағы кеңейтілген құрамы:

Қақпашылар: Яспер Килессен («Аякс»), Тим Крул («Ньюкасл»), Эрвин Малдер («Фейенорд»), Мартен Стекеленбург («Рома»), Мишель Ворм («Суонси»).

Қорғаушылар: Вюрнон Анита («Аякс»), Халид Булахруз («Штутгарт»), Вильфред Боума (ПСВ), Урби Эмануэльсон («Милан»), Джон Хейтинга («Эвертон»), Йорис Матайсен («Малага»), Эрик Питерс (ПСВ), Грегори ван дер Вил («Аякс»), Ник Вергевер (АЗ), Рон Влар («Фейенорд»), Стефан де Врей («Фейенорд»), Джетро Виллемс («ПСВ»).

Жартылай қорғаушылар: Ибрагим Афеллай («Барселона»), Марк ван Боммел («Милан»), Найджел де Йонг («Манчестер Сити»), Адама Маер (АЗ), Эдвиж Мадуро («Валенсия»), Стин Шаарс («Спортинг»), Уэсли Снейдер («Интер»), Кевин Струтман (ПСВ), Рафаэль ван дер Варт («Тоттенхэм»), Джорджиньо Вейналдум (ПСВ).

Шабуылшылар: Клас-Ян Хунтелар («Шальке»), Сим де Йонг («Аякс»), Люк де Йонг, Ола Йон (екеуі де - «Твенте»), Дирк Кюйт («Ливерпуль»), Джермейн Ленс (ПСВ), Лусиану Нарсинг («Херенвен»), Робин ван Перси («Арсенал»), Арьен Роббен («Бавария).

Германия құрамасындағы 27-і ойыншының 24-і бундеслигада ойнайды


Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев Twitter-де Еуропа біріншілігіне баруы мүмкін 27 ойыншының тізімін жариялады. Құрамадағы бұл футболшылардың 23-і бундеслигада ойнайды.

Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Марк-Андре тер Штеген(«Боруссия» Менхенгладбах), Тим Визе(«Вердер»), Рон-Роберт Цилер («Ганновер»);

Қорғаушылар: Хольгер Бадштубер («Бавария»), Джером Боатенг («Бавария»),
Германия құрамасының жанкүйерлері. Оңтүстік Африка, 10 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Германия құрамасының жанкүйерлері. Оңтүстік Африка, 10 шілде 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Бенедикт Хеведес («Шальке»), Матс Хуммельс («Боруссия» Д), Филипп Лам («Бавария»), Пер Мертезакер («Арсенал», Англия), Марсель Шмельцер («Боруссия» Д);

Жартылай қорғаушылар: Ларс Бендер («Байер»), Свен Бендер («Боруссия» Д), Юлиан Дракслер («Шальке»), Марио Гетце («Боруссия» Д), Илкай Гюндоган («Боруссия» Д), Сами Хедира («Реал», Испания), Тони Кроос («Бавария»), Томас Мюллер («Бавария»), Месут Өзел («Реал», Испания), Лукас Подольски («Кельн»), Марко Ройс («Боруссия» М), Андре Шюррле («Байер»), Бастиан Швайнштайгер(«Бавария»);

Шабуылшылар: Какау («Штатгурт»), Марио Гомес («Бавария»), Мирослав Клозе («Лацио»).

Еуропа чемпионатына қатысатын барлық команда 28 мамыр күні толық құрамын жариялап, УЕФА комиссиясына ұсынуы тиіс.
XS
SM
MD
LG