Accessibility links

Лэмпард: Еуро-2012 - соңғы чемпионатым шығар


Фрэнк Лэмпард Чемпиондар лигасындағы Барселона-Челси матчынан кейін. Барселона, 24 сәуір 2012 жыл

Фрэнк Лэмпард Чемпиондар лигасындағы Барселона-Челси матчынан кейін. Барселона, 24 сәуір 2012 жыл

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Фрэнк Лэмпардтың ойынша, команданың Еуропа чемпионатындағы ойынына Фабио Капеллоның жаттықтырушы қызметінен кеткені әсер ете қоймайды. Футболшы бұл жолғы еуро-турнирді спорттық карьерасындағы соңғы халықаралық жарыс ретінде қарастырады.

Лэмпард маусымның 11-і күні алғашқы матчын Франциямен өткізетін Англия құрамасы үшін бұл жолғы жарыс табысты болады деп сенеді. Оның командасы топтық кезеңде маусымның 15-і Швециямен, 19-ы Украинамен ойнамақ. UEFA.com сайтына берген сұхбатында ол:

- Барымды салып ойнағанда қаншалықты зор нәтиже бере алатынымды сезсем, сонша бергім келеді. Осы жолғы чемпионатқа қатысу үшін құрама сапына өтуге талпынып, гол кіргізуге сеп болып, өзім де доп соғып, команданың бір бөлшегіне айналғым келеді. Англия құрама командасының ойыншысы ретінде турнирлерге қатысып келем. Жанкүйерлердің қуанғанын сезесің, жақсы нәтижеге жетесің, командаң да ғажап ойнап жатады, чемпионатты жеңіп шығатындай сезімде боласың.

Шынына келсек, бұл - менің соңғы турнирлерімнің бірі шығар. Сондықтан чемпионатты сәтті түрде бастайтын, күші соңына дейін жететін Англия құрамасының бір бөлшегі болғым-ақ келеді. Командаға көмектесіп, маңызды рөл ойнағым келеді, - деді.

Англияның футбол ассоциациясы Капеллоның орнына кім келетінін әлі шешпесе де, Лэмпард жазғы чемпионат кезінде құрама команда жаттықтырушысыз қалады деп қобалжымайды.

- Қандай бапкер келсе де, команданы ширата түсе алады. Ең маңызды нәрсе команда болып ойнау қабілетінің болғаны. Бізде ол қабілет бар деп сенем. Сондықтан [қай бапкер тағайындалса да] жақсы ойнау арқылы команданың әлеуетін біз көрсетеміз, - деді Лэмпард.

Ағылшын тіліндегі сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.
XS
SM
MD
LG