Accessibility links

Еуропа чемпионатының алғашқы жарақаты мен төбелесі


Поляк футболшысы Роберт Левандовски (сол жақта) мен грек ойыншысы Костас Халкиас допқа таласқан сәт. Варшава, 8 маусым 2012 жыл.

Поляк футболшысы Роберт Левандовски (сол жақта) мен грек ойыншысы Костас Халкиас допқа таласқан сәт. Варшава, 8 маусым 2012 жыл.

Грекия құрамасының қорғаушысы Авраам Пападопулос маусымның 8-і күні Польшамен өткен ойында (1:1) жарақат алып, Еуропа чемпионатын ерте аяқтады. Осы күні өткен Ресей мен Чехия (4:1) құрамаларының арасындағы ойыннан кейін орыс және украин жанкүйерлері төбелесіп қалды.

Бұл – Еуропа чемпионатындағы алғашқы жарақат. Авраам Пападопулас Польшамен ойынның 37 минутында допқа талас кезінде сол аяғын қайырып алған еді. Медициналық тексерістен кейін «Олимпиакостың» 27 жастағы футболшысы алдағы ойындарға қатыса алмайтыны белгілі болды. Қазір ойыншы Грекиядағы емханалардың біріне жеткізілді.

Грекия құрамасы дәрігерлерінің айтуынша, Авраам Пападопулас енді жеті ай бойы алаңға шықпайды.

ЖАНКҮЙЕРЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫ

Маусымның 8-і күні өткен Ресей мен Чехия арасындағы (4:1) ойында орыс және украин жанкүйерлері төбелес ұйымдастырды.

Львов қаласындағы стадионға жиналған фанаттар кездесуден кейін қақтығысқан. Gazeta.ru агенттігінің мәлімдеуінше, орыс және украин жанкүйерлері арасындағы Ресей құрамасы жанкүйерлері команданың жеңісіне қуанып тұр. Врослав, 8 маусым 2012 жыл.

Ресей құрамасы жанкүйерлері команданың жеңісіне қуанып тұр. Врослав, 8 маусым 2012 жыл.

төбелеске жиырма адам қатысқан. Қақтығысты құқық қорғау органының адамдары уақытында тоқтатып үлгерді. Украина құрамасының бір жанкүйері қамауға алынған.

Бұған қоса осы ойын кезінде орыс жанкүйерлері стадионда қызмет етіп тұрған стюардты сабап тастаған. Еріктілер орыс футбол фанаттарына пиротехникалық заттарды беруді талап етіп, оны стадион ішінде алып жүруге болмайтынын ескерткен. Бұл талапты тыңдағысы келмеген жанкүйерлер оларға қол жұмсаған.

Маусымның 8-і күні Украинаның кеденінен 3 мың 400 жанкүйер өтіп, көбісі Борисполь, Харьков және Львов қаласына барған.

Маусымның 9-ы күні Украинаға тағы 6 мың жанкүйер барады. Олардың көбі – Германия, Голландия және Польша құрамаларының фанаттары. «Сегодня» агенттігі елдің әуежайларына бір күннің ішінде 36 рейс қонады деген ақпарат таратты.

ҚҰРМЕТТІ ҚОНАҚТАР

Еуропа чемпионатының ашылу салтанатына УЕФА президенті Мишель Платини, Украина президенті Виктор Янукович, Польша басшысы Бронислав Коморовский қатысты.

Маусымның 9-і күні өтетін Германия мен Португалия арасындағы ойынды неміс Бундестагының депутаты Карл-Георг Веллманн, Украинадағы Германия елшісі Ганс-Юрген Гаймзет, Украинадағы Португалия елшісі Марио Жезуш душ Сантуш те тамашалайды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG