Accessibility links

Еуро-турнирге Португалия мен Швеция құрамасы да дайын


Португалия футболшысы Криштиану Роналду (сол жақта) мен Ұлыбритания ойыншысы Питер Крауч Әлем чемпионатында. Германия, 1 шілде 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Португалия футболшысы Криштиану Роналду (сол жақта) мен Ұлыбритания ойыншысы Питер Крауч Әлем чемпионатында. Германия, 1 шілде 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина мен Польшада өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын командалардың бас бапкерлері құрамаларын жасақтап жатыр. Жақында Португалия мен Швецияның Еуро-турнирге баратын футболшылары да белгілі болды.

ПОРТУГАЛИЯ ҚҰРАМАСЫ

Португалия құрамасының бас бапкері Паулу Бенту команда сапына құрамада бірде-бір ойын өткізбеген Мигел Лопеш пен Куштодиуды шақырып отыр. Қос дебютант «Брага» командасында ойнайды. Бұл клуб биыл Португалия чемпионатында үшінші орынды иеленген. Осы нәтиженің арқасында «Браганың» көшбасшы ойыншылары Португалия құрамасына еніп отыр. Ал осы команданың тағы бір ойыншысы Угу Виана Еуропа чемпионатына қатыспайды.

– Куштодиу мен Лопеш биыл «Брага» құрамында өте жүйелі ойын көрсетті. Куштодиу – өзіндік ойын өрнегімен біздің басқа жартылай қорғаушылардан ерекше. Ал Лоеш – қорғаныста мықты, керек кезінде шабуыл ұйымдастыруға қауқарлы. Угу Виана да – жақсы ойыншы. Бірақ ойын стилі біздің командаға сай келмейді, – деді бапкер Паулу Бенту УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.

Сондай-ақ бас бапкер тізімге «Бенфика» ойыншысы Нельсон Оливейрадан бастап, Криштиану Роналду, Пепе, Фабиу Коэнтрау (бәрі де – «Реалдан«), Нани (««Манчестер Юнайтед»») және Раул Мейрелеш («Челси» ойыншысы) сынды мықты ойыншыларды да қосыпты.

Португалия құрамасы алғашқы оқу-жаттығу жиынын 21 мамыр күні Лиссабон маңындағы Обидуш қалашығында бастайды. Ал Еуро-турнирдегі алғашқы кездесуі 9 маусым күні өткізіп, немістерге қарсы ойнайды.

Еуропа чемпионаты басталмас бұрын Бенту шәкірттері Македония (26 мамыр) және Түркия (2 маусым) құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

– Еуро-турнирде барымызды саламыз. Тіпті жеңімпаз біздің топтан шығып қалуы да ғажап емес, - дейді Португалия құрамасының бас бапкері Паулу Бенту.

Португалия құрамасы Германия, Дания, Голландиямен бір топта ойнайды.

Еуропа чемпионатына қатысатын Португалия құрамасының толық тізімі


Қақпашылар: Эдуарду ("Бенфика"), Бету (ЧФР), Руй Патрисиу ("Спортинг").

Қорғаушылар: Бруну Алвеш ("Зенит"), Фабиу Коэнтрау ("Реал"), Жоау Перейра ("Спортинг"), Пепе ("Реал"), Рикарду Кошта ("Валенсия"), Роланду ("Порту"), Мигел Лопеш ("Брага").

Жартылай қорғаушылар: Карлуш Мартинш ("Гранада"), Жоау Моутинью ("Порту"), Мигел Велозу ("Дженоа"), Раул Мейрелеш ("Челси"), Рубен Микаэл ("Сарагоса"), Куштодиу ("Брага").

Шабуылшылар: Криштиану Роналду ("Реал"), Угу Алмейда ("Бешикташ"), Элдер Поштига ("Сарагоса"), Нани ("Манчестер Юнайтед"), Нелсон Оливейра ("Бенфика"), Рикарду Куарежма ("Бешикташ"), Силвестре Варела ("Порту").

ШВЕЦИЯ ҚҰРАМАСЫ

Швеция бапкері Эрик Хамреннің құрама тізіміне ұлттық құраманың белді ойыншыларының бірі Джон Гвидетти жарақатына байланысты енбей қалған. Оның Швеция футболшысы Хенрик Ларссон мен ресейлік ойыншы Денис Колодин. Швеция, 18 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

Швеция футболшысы Хенрик Ларссон мен ресейлік ойыншы Денис Колодин. Швеция, 18 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)

орнына жаттықтырушы үш жыл бойы құрамада ойнамаған 29 жастағы Маркус Розенбергті шақырыпты. Бұған қоса оң аяғының тобығын шығарып алған Йохан Элмандер де жарақатынан толық айыққан жоқ. Бірақ бұл ойыншы да тізімде бар.

«Вест Бромвич» қорғаушысы Юнас Ольссон өзінің спорттық карьерасында алғаш рет ірі турнирде ойнау мүмкіндігіне ие болмақ. 29 жастағы ойыншы биыл Ағылшын премьер лигасында көзге түсе білді.

– Құрамаға шақырту алғаныма қуаныштымын. Бұл бала күнгі арманым еді, – деп қуанды Ольссон

Хамрен жасақтаған құрамаға енген Олоф Меллберг («Олимпиакос») үшін Еуропа чемпионаты – төртінші, Ким Келлстрем, Андерс Свенссон және Златан Ибрагимович үшін – үшінші халықаралық турнир.

Шведтер Еуропа чемпионатын 11 маусым күні Украинаға қарсы ойыннан бастайды. 15 маусымда Англиямен, ал 19 маусымда Франциямен күш сынасады.

– Бұл бізге қызық сынақ. Тобымыз өте қиын. Күтпеген нәтиже болуы да ғажап емес. Үш ойынды да керемет өткізіп, топтан шыға алмай қалуымыз да мүмкін. Біздің мақсат – бірінші кезекте, ширек финалға шығу. Егер топтық кезеңнен өтіп жатсақ, тоқтап қалмай, жүлдеге таласамыз, – деді Швеция құрамасының бапкері Эрик Хамрен.

Еуропа чемпионатына баратын Швеция құрамасының толық тізімі


Қақпашылар: Андреас Исакссон (ПСВ), Юхан Виланд ("Копенгаген"), Пер Ханссон ("Хельсинборг").

Қорғаушылар: Микаэль Антонссон ("Болонья"), Андреас Гранквист ("Дженоа"), Олоф Меллберг ("Олимпиакос"), Юнас Ольссон ("Вест Бромвич"), Мартин Ольссон ("Блэкберн"), Беранга Сафари ("Андерлехт"), Микаэль Лустиг ("Селтик").

Жартылай қорғаушылар: Эмир Байрами ("Твенте"), Расмус Эльм ("Алкмаар"), Самуэль Хольмен ("Стамбул"), Ким Келлстрем ("Лион"), Себастьян Ларссон ("Сандерлэнд"), Андерс Свенссон ("Эльфсборг"), Понтус Вернблум (ЦСКА Мәскеу), Кристиан Вильгельмcсон ("Әл-Хилал").

Шабуылшылар: Йохан Элмандер ("Галатасарай"), Тобиас Хюсен ("Гетеборг"), Златан Ибрагимович ("Милан"), Маркус Розенберг ("Вердер"), Ола Тойвонен (ПСВ).
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG