Accessibility links

Командалар чемпионатқа дайындалып жатыр


2012 жылғы Еуропа чемпионатының белгісі. (Көрнекі сурет)

2012 жылғы Еуропа чемпионатының белгісі. (Көрнекі сурет)

Украина мен Польшада өтетін Еуропа чемпионатына қатысатын 16 команда өз құрамасында ойнайтын футболшыларды түгелге жуық анықтап, қазір қызу дайындыққа кірісті.

2012 жылғы Еуропа чемпионаты маусымның 8-інде Варшавада басталып, финалы шілденің 1-інде Киевте өтеді.

Англия

Англия құрамасы мамырдың 26-сында Норвегиямен жолдастық кездесу өткізеді. Қазір Рой Ходжсон баптауға кіріскен бұл команда Лондонда дайындалып жатыр. Осы жаттығу кезінде қақпашы Джон Радди жарақаттанып қалды. Ол енді Еуро-турнирге қатыса алмайды. Команда бапкері Рой Ходжсон оның орнына Англия чемпионатының төртінші дивизионында ойнайтын «Челтенхэм» командасының голкипері, 19 жастағы Джек Батлендті шақырып отыр.

Германия

«Баварияның» Чемпиондар лигасындағы жеңілісі неміс жанкүйерлеріне қатты соққы болды» деп жазады Bild басылымы. Германия футболшылары бұл сында кеткен есені Еуропа чемпионатында қайтармақ. Жақында Германия құрамасының Еуро-2012 ойыны билетінің үлгісі. Киев, 23 сәуір 2012 жыл.

Еуро-2012 ойыны билетінің үлгісі. Киев, 23 сәуір 2012 жыл.

жаттығуларын белгілі автошабандоз Михаэль Шумахер арнайы келіп тамашалады. Йоахим Лев баптайтын бұл команда қазір толық құрамда жаттығып жатыр.

Грекия

Грекия командасы оқу-жаттығу жиынын Кицбюэл қаласында өткізіп жүр. Бұл құраманың сапында қазір 25 ойыншы бар. Бас бапкер Фернанду Сантуш жақында екі ойыншыны үйіне қайтарады.

– Чемпионатқа уақыт аз қалды. Әр күн біз үшін бағалы. Сондықтан жаттығу уақытын көбейтіп, тынбай тер төгіп жатырмыз, – дейді құрама қақпашысы Костас Халкиас УЕФА сайтына берген сұхбатында.

Дания

Бас бапкер Мортен Ольсен осыдан бір апта бұрын Еуропа чемпионатына дайындалатын 20 футболшының тізімін жариялаған еді. Жақында жаттықтырушы Eуро-2012 жарысының кубогы. Киев, 11 мамыр 2012 жыл.

Eуро-2012 жарысының кубогы. Киев, 11 мамыр 2012 жыл.

құрамаға тағы екі ойыншыны қосты. Еуро-турнирге дат командасының сапында қорғаушы Жорес Окоре пен шабуылшы Никлас Педерсен қатысады. Қазір Дания құрамасы Бразилия командасымен жолдастық кездесуге дайындалып жатыр. Матч маусымның 2-сі өтеді.

Ирландия

Джованни Траппатонидің командасында қазір жарақат алған ойыншылар көп. Қақпашы Шаи Гивен жіліншігін, қорғаушы Джон О'Ши тобығын ауыртып алғандықтан, сенбі күні Босния және Герцеговинамен өтетін жолдастық кездесуге қатыспайды. Сондай-ақ Ричард Данн (бұлшық ет жарақаты), Робби Кин (жамбас жарақаты), Шейн Лонг (бел жарақаты), Джонатан Уолтерс (тізе жарақаты) және Кит Эндрюс (бұлшық ет жарақаты) те емделіп жатыр.

Испания

Соңғы Еуропа чемпионатын ұтқан Испания құрамасы қазір Австрияда жаттығу жиынын өткізіп жүр. Команда бапкері Еуро-турнирге баратын ойыншылар тізімін әлі нақтылаған жоқ. Белгілісі – команда шабуылшысы Давид Вилья жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Италия

Коверчиано жаттығу базасында қазір Италияның 32 футболшысы Еуро-турнирге дайындалып жатыр. Команда бапкері Чезаре Пранделли мамырдың 29-ы осы 32 спортшының ішінен Украинаның Еуро-2012 чемпионатына арнап шығарған монетасы. 27 желтоқсан 2011 жыл.

Украинаның Еуро-2012 чемпионатына арнап шығарған монетасы. 27 желтоқсан 2011 жыл.

чемпионатқа баратын 23 футболшыны таңдайды.

2012 жылы Англия чемпионатында көзге түскен «Манчестер Сити» ойыншысы Марио Балотелли де қазір осы командамен бірге жаттығып жүр.

– Италия құрамасының намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе. Кез келген футболшы үшін Еуропа чемпионатында ойнау – бақыт, – дейді футболшы.

Голландия

Голландия құрамасы Еуро-турнирге дайындық ретінде «Бавария» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:3 есебімен ұтылып қалды. Берт ван Марвейк баптайтын бұл команда Лозаннадағы жаттығу базасында дайындығын бастады. Грегори ван дер Вил, Джон Хейтинга, Марк ван Боммел және Робин ван Перси сынды мықты ойыншылар да жаттығу алаңында жүр. Мамырдың 25-і олардың қатарына Португалия кубогының финалынан кейін «Спортинг» ойыншысы Стейн Схаарс пен «Бавария» шабуылшысы Арьен Роббен қосылады. «Барселона» футбошысы Ибрахим Афеллай бүгін Испания кубогының финалына қатысып, Голландия командасына мамырдың 28-і келеді.

Польша

Польша құрамасының қорғаушысы Дамьен Паркидің Еуро-туриирге қатысу-қатыспауы белгісіз. Франциялық «Сошо» командасында ойнайтын футболшы Командалардың қай топқа бөлінгені бейнеленген экран. Киев, 2 желтоқсан 2011 жыл.

Командалардың қай топқа бөлінгені бейнеленген экран. Киев, 2 желтоқсан 2011 жыл.

наурыз айында аяғын сындырып алған еді. Құраманың жаттығуына жауапты Ремикиуш Жепка «Парки 8 маусымға дейін жарақатынан жазылады деп айта алмаймын» деп мәлімдеді.

Португалия

Жарақат алып, Еуро-турнирден бас тартқан Карлуш Мартинуштың орнына Угу Виана келді. O Jogo басылымының жазуынша, отбасымен бірге Тенерифе қаласында демалысқа аттанбақ болған Виана сол күні құрамаға шақырылған. Бұл команда қазір «Обидуш Мунисипал» стадионында жаттығуда жүр.

Ресей

Ресей құрамасының екі бірдей ойыншысы – Василий Березуцкий мен Роман Шишкин Еуро-турнирге қатыспайды. Орыс футболшылары мамырдың 25-і Уругвай құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Дик Адвокат чемпионатқа барар нақты құраманың тізімін осы кездесуден кейін жариялаймын деп отыр.

Украина

Украина құрамасы Түркиядағы дайындық жұмыстарын аяқтап, еліне оралды. Олег Блохиннің шәкірттері Антальяда жергілікті «Антальяспор» командасының қосалқы құрамымен жолдастық кездесу өткізіп, 16:1 есебімен жеңіске жетті. Украина Чемпионатқа дайындалған Тәуелсіздік алаңы. Киев, 14 мамыр 2012 жыл.

Чемпионатқа дайындалған Тәуелсіздік алаңы. Киев, 14 мамыр 2012 жыл.

ойыншыларының арасында қазір жарақаттанған ешкім жоқ. Тек бұрынғы жарақаты қайта сыр берген Руслан Ротань Антальядағы кездесуге қатыспады. Енді Украина құрамасы Австрияға жаттығу жиынына аттанады.

Франция

Француздар Клерфонтен жаттығу базасында дайындықтарын бастады. Жереми Менез, Самир Насри, Карим Бензема және Атем Бен-Арфа командаға жуықта қосылды. Ал «Бавария» ойыншысы Франк Рибери жаттығу жиынына алдағы аптада бір-ақ келеді.

Хорватия

Славен Биличтің командасы мамырдың 25-і Эстониямен жолдастық кездесу өткізеді. Бас бапкер бұл ойынға «сынақ» құраманы шығармақ.

– Бүгін ойынға шығатын ойыншылардың көбі – сынақта жүргендер. Мен олардың ішінен Еуро-турнирге баратындарды таңдап аламын. Бұл – оларға берілген соңғы мүмкіндік, – деді 43 жастағы жаттықтырушы.

Ал Чемпиондар лигасының финалында ойнаған Ивица Олич пен Даниель Праньич командаға мамырдың 25-сі қосылды.

Чехия

Чехия құрамасының негізгі қақпашысы, «Челси» сапында Чемпиондар лигасының финалын өткізген Петр Чех командаға қосылып, Еуро-турнирге жаттығуын бастады. UEFA еріктілері Ұлттық өнер сарайы алдында. Киев, 1 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

UEFA еріктілері Ұлттық өнер сарайы алдында. Киев, 1 желтоқсан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазір Чехия құрамасы Австрияның Бад-Вальтерсдорф қаласында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Ел құрамасы Австрия чемпионатының төменгі дивизионында ойнайтын командалардың бірімен дайындық кездесуін өткізіп, 7:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойынды Петр Чех лазаретте тамашалады.

– Мен Чемпиондар лигасындағы жеңістің қуанышынан енді арылып келе жатырмын. Қазір бар ойым – Еуропа чемпионатында. Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалып жатырмыз, – деді қақпашы УЕФА сайтына берген сұхбатында.

Ал команданың бас бапкері Михал Билек Томаш Росицкидің денсаулығына алаңдап отыр. Томаш ойындардың бірінде балтырын жарақаттап алған еді. «Арсенал» ойыншысы Томаш Росицки 1 маусым күні командаға қосылады деген болжам бар. Осы күні Чехия құрамасы Прагада Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді.

Швеция

Эрик Хамрен баптайтын Швеция құрамасы Балтық теңізінің жағалауындағы Готланд аралында дайындалып жүр. Құрама ойыншылары Андерс Свенссон, Тобиас Хюсен және Кристиан Вильгельмcсон командаға кейінірек қосылады – олар қазір өз клубтарының сапында жүр. Ал «Алкмаар» футболшысы Расмус Эльм ағасы Давидтің үйлену тойына байланысты бас бапкерден сұранып кеткен. Команда капитаны Златан Ибрагимович топқа осы аптаның аяғында қосылады.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG