Accessibility links

Әлем чемпионатына қатысатын елдер белгілі


Украина мен Франция құрамасы арасындағы матч. Киев, 15 қараша 2013 жыл.
Украина мен Франция құрамасы арасындағы матч. Киев, 15 қараша 2013 жыл.

Футболдан 2014 жылы өтетін әлем чемпионатына жолдама алған 32 ел анықталды. Оның бірі – жарыс өтетін Бразилия.

Футболдан әлем біріншілігіне іріктеу 2013 жылы қарашаның 20-cы күні аяқталды. Іріктеуге 203 ел құрамасы қатысты. Чемпионатқа баратын 32 елдің арасында әлем чемпионаты жолдамасын алғаш иеленген Босния мен Герцеговина, әлем біріншілігіне соңғы рет 1998 жылы қатысқан Колумбия да бар. Бұл жолғы жарысқа 2002 жылдан кейін іліне алмай жүрген Бельгия мен Ресей де бармақ.

Футболдан әлем чемпионатына Германия мен Италия осымен он сегізінші рет, Аргенина он алтыншы рет, Мексика он бесінші рет, Франция мен Англия және Испания он төртінші рет қатыспақ.

Іріктеу кезеңінде Украина мен Франция арасындағы ойын тартысты өтті. Киевте Украина Францияны 2:0 есебімен ұтып кетті. Осы матчтан кейін Украинаның әлем чемпионатына шығу мүмкіндігі артқан. Бірақ Париждегі қарымта матчта Франция Украинаны 3:0 есебімен жеңіп, қос матч қорытындысы бойынша әлем біріншілігіне бару мүмкіндігіне ие болды.

Швеция, Польша, Украина, Дания, Чехия құрамалары әлем чемпионатына жолдама ала алмады. Сондықтан жанкүйерлер 2014 жылы Бразилияда өтетін жарыста Златан Ибрагимович (Швеция), Гарэт Бэйл (Уэльс), Давид Алаба (Австрия), Петр Чех (Чехия), Роберт Левандовски (Польша) сынды танымал ойыншыларды көре алмайды.

РОНАЛДУ МЕН ИБРАГИМОВИЧТІҢ САЙЫСЫ

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің Еуропа аймағындағы матчтары қызықты өтті. Жанкүйердің көбі қосымша іріктеу кезеңіндегі Португалия мен Швеция, Украина мен Франция арасындағы кездесуге назар аударды.

Португалия мен Швеция арасындағы ойын қорытындысы бойынша әлем
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду (сол жақта). Варшава, 21 маусым 2012 жыл.
Португалиялық футболшы Криштиану Роналду (сол жақта). Варшава, 21 маусым 2012 жыл.
футболының қазіргі үздіктері Криштиану Роналду мен Златан Ибрагимовичтің бірі Бразилиядағы жарысқа қатысу мүмкіндігінен айырылатын еді. Лиссабондағы ойынша Роналду соққан бір голдың арқасында Португалия жеңіске жетті.

Ал Стокгольмдегі ойынның 50-минутында Роналду есеп ашты. Іле-шала 68-минутта Златан Ибрагимович есепті теңестірді. Ибрагимович 72-минутта тағы бір гол салып, Швецияны алға шығарды. Бес минуттан кейін Роналду тағы бір доп салып, таблодағы есепті теңестірді. Ол 79 минутта тағы бір голдың авторы атанып, бұл матчта Португалия Швецияны 3:2 есебімен жеңді. Ойыннан кейін ФИФА президенті Роналдудың ойынын «ғаламат» деп бағалады.

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕС ҰПАЙЫ

Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуіне бесінші рет қатысып, тағы да жолдамасыз қалды. Бұл жолы Қазақстан Германия, Швеция, Ирландия, Австрия, Фарер аралдарымен жолдамаға таласты.

Қазақстан тек Фарер құрамасын бір рет ұтып, бір рет тең түсті. Австриямен ойында тең (есеп – 0:0) түскен Қазақстан құрамасы жиыны бес ұпай алып, бұл топта бесінші орынға тұрақтады.

Әлем чемпионаты 2014 жылдың 12 маусымы мен 13 шілдесі аралығында Бразилияда өтеді. Алайда ол елдің халқы бұл жарысты өткізуге 1 миллиард доллар жұмсалатына наразылық білдірген.
Футболдан әлем чемпионаты 2018 жылы Ресейде, 2022 жылы Катарда өтеді.

Инфографика: Әлем чемпионатына қатысатын елдер (құрлық бойынша)
XS
SM
MD
LG