Accessibility links

«Пост-советтік елдер Таяу Шығыспен деңгейлес»


Полицейлер қарсылық акциясына қатысқан адамды әкетіп барады. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Полицейлер қарсылық акциясына қатысқан адамды әкетіп барады. Алматы, 25 ақпан 2012 жыл.

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы «Әлемдегі еркіндік» («Freedom in the World») атты есебінде 195 елдегі азаматтық құқық пен саяси бостандықты бағалай келіп, Қазақстанның ахуалын да айтты.

Ұйымның дерегіне қарағанда, Балтық елдерінен басқа бұрын Совет Одағы құрамында болған мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі көрсеткіші нашарлап, әлемдегі саяси және әлеуметтік репрессивтік аймақ ретінде Таяу Шығыспен деңгейлес болып қалған.

ТМД ЕЛДЕРІНІҢ ДЕҢГЕЙІ

Freedom House ұйымының дерегінше, Қазақстан билігі 2012 жылы Жаңаөзен оқиғасына байланысты мәлімет жариялаған оппозициялық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерге қысымды күшейткен.

Бұл тізімде «оппозиция жетекшілерін саяси қисынмен қамаған» Украинаның рейтингі қатарынан екі жыл құлдырап барады.

Ал Тәжікстанның азаматтық еркіндік рейтингі былтыр Таулы Бадахшан облысында өткен әскери операциядан кейінгі сотсыз жазалау және ақпарат құралдарын қудалаудың әсерінен төмендеп кеткен.

Беларусь, Өзбекстан мен Түркіменстан бұл тізімнің ең соңында, Сирия, Сомали және Солтүстік Кореямен қатарлас тұр.

– Еуразияда аумағы бойынша Грузия, Армения және Молдовада жағдай сәл Freedom House жасаған 2012 жылғы әлемдегі еркіндік картасы.

Freedom House жасаған 2012 жылғы әлемдегі еркіндік картасы.

оңалған. Әйтпесе Еуразия еркіндігі жоқ елдердің қара түнегі сияқты болар еді, – дейді халықаралық құқық қорғау ұйымының өкілі Арч Паддингтон.

Есеп «Ресейді қысқан темір құрсау бүкіл өңірдегі ахуалға әсер еткенін» айтады. Ресей президенті Владимир Путин былтыр жариялылық құндылықтарын елемей, шерулерді шектеп, азаматтық қоғам белсенділігін тұқыртып, баспасөз бен интернет еркіндігіне кедергі келтірді дейді есеп авторлары.

ӘЛЕМДЕГІ ЖАҒДАЙ

Еркіндігі шектелген елдер саны жетінші жыл қатарынан артып, 28-ге жетті. Бірақ «еркін» деп аталған елдер де көбейіп, 90 мемлекет болған.

Ұйым былтыр Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінде азаматтық еркіндік ахуалы өзгеріп, Ливия сияқты «еркін емес» кейбір елдердің «жартылай еркін» елдер тобына өткенін айтады.

Freedom House Египеттегі саяси өзгерістер мен Парсы шығанағы елдерінде еркіндіктің шектелуіне, Пәкістан мен Ирактағы зорлық-зомбылықтың жиілеуіне алаңдайтынын айтты.

Баяндамада Түркиядағы азаматтық еркіндікке төнген қауіп, Қытайдағы өзгеше ойлаушыларды қудалау амалы, Ирандағы блогшылар мен азшылық топтарды қуғындау да сөз болған.

Ұйымның есебіне қарағанда, әлем халқының 43 пайызы – «еркін» елде, 23 пайызы – «жартылай еркін» елде, 34 пайызы – «еркін емес» елде өмір сүреді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG