Accessibility links

Дәрігерлер жаңа вирустан сақтануға кеңес береді


Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жаңа вирус жұқтырып ауруханада жатқан адаммен сөйлесіп тұр. 13 мамыр 2013 жыл.
Сауд Арабиясы денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жаңа вирус жұқтырып ауруханада жатқан адаммен сөйлесіп тұр. 13 мамыр 2013 жыл.

Таяу Шығыста жаңа вирусты жұқтырған адамдардың кейбірі қайтыс болған. Вирус енді қажыға баратындарды алаңдатып отыр. Ал мамандар одан қорғануға болатынын айтады.

Биыл қажылықты ұйымдастырушы кейбір топтар Таяу Шығыста жаңа жұқпалы індеттің тарағанынан қауіп етіп отыр. Осы кезге дейін оны жұқтырғандардың жартысына жуығы өмірмен қоштасқан. Дәрігерлер «қарапайым сақтану әдістері бұл вирустан қорғануға көмектеседі» дейді.

ҚАУІПТІ ІНДЕТ

Бирмингемде орналасқан «Британ қажыларының қауымдастығы» қазан айында болатын сапар қарсаңында тиісті сақтану шараларын қолға алу керектігін айтып ескерту жасады.

– Иммундық жүйесі әлсіз адамдардың биылғы қажылыққа бармай-ақ қойғандары жөн. Ал басқа ниет қылушыларға сапарға шығардан бұрын дәрігерге көрініп, денсаулығын тексертіп алуға кеңес береміз. Сауд Арабиясына келген соң гигиена талаптарын мұқият орындауды сұраймыз. Жеке заттарын алмастырмай, топ арасында болғанда жөтелмей жүргендері дұрыс, - дейді ұйымның бас хатшысы Халид Первез.

Таяу Шығыс респираторлық синдромы коронавирусы («тәж вирусы») – MERS-CoV (Middle East
«Тәж вирусының» (coronavirus) электрондық микроскоптан қарағандағы көрінісі. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі таратқан сурет.
«Тәж вирусының» (coronavirus) электрондық микроскоптан қарағандағы көрінісі. Ұлыбритания денсаулық сақтау агенттігі таратқан сурет.
Respiratory Syndrome Coronavirus) деген жұқпалы дерт. Ол өткен жылдың соңында пайда болды. Содан бері бұл вирус 50 шақты адамға жұққан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДСҰ) наурыздың 31-і күнгі мәліметінде осы диагнозбен 50 адамның тіркелгені айтылған.

Ақпарат құралдары өткен аптада бұл вирусты жұқтырған адамның Италиядан да табылғанын, вирус жұқтырғандар саны 53 адамға жеткенін хабарлады. Вирус жұқтырғандардың жартысына жуығы опат болған.

Қазіргі мәліметтерге қарағанда, бұл індеттен болатын адам өлімі көрсеткіші осыдан он жыл бұрын Оңтүстік-Шығыс Азияда тараған SARS вирусынан асып түседі. 2003 жылы ғаламдық эпидемияға айналған ол індеттен әлемде 775 адам көз жұмған еді. Опат болғандар - дертті жұқтырғандардың 10 пайызы.

САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

MERS-CoV дертін жұқтырғандар дем жетпей, тұншығып өледі деген үрейлі әңгіме тарап жатыр. Бірақ денсаулық сақтау саласының мамандары «әдеттегі сақтану шаралары арқылы індеттен қорғануға болады» дейді. Британиядағы Рединг университетінің вирусология профессоры Йан Джонс:

– Қажылыққа баратындарға жұрт көп жиналатын жерлерде қолданылатын сақтық шараларынан өзге, ешқандай сақтану амалдарын жасаудың қажеті жоқ. Ең бастысы – жеке басының гигиенасына жақсылап көңіл бөлген жөн. Алдымен
Бетіне тұмаудан қорғанатын маска тағып алған қажылыққа келген мұсылман. Мекке, Сауд Арабиясы, 12 қараша 2009 жыл
Бетіне тұмаудан қорғанатын маска тағып алған қажылыққа келген мұсылман. Мекке, Сауд Арабиясы, 12 қараша 2009 жыл
астың тазалығына баса назар аударып, тазалық тұрғысынан күдікті көрінетін нәрселерден аулақ болған дұрыс, көзсіз тәуекелге бармау керек. Бұл – тек осы індеттің таралауына байланысты емес, ауа арқылы жұғатын вирустардың бәріне қатысты қолданылатын сақтық шаралары, - деп кеңес береді.

Денсаулық сақтау мамандарының айтуынша, бұл дерт пайда болғалы бері оны жұқтырғандардың саны тез көбейе қойған жоқ. Ауруға шалдыққандардың көбі - Сауд Арабиясының тұрғындары. Демек бұл – осыдан он жыл бұрын жаһанға жайылған SARS індетіне қарағанда анағұрлым баяу таралатын ауру.

Лондондағы Куин Мэри колледжінің вирусолог профессоры Джон Оксфорд
Астың тазалығына баса назар аударып, тазалық тұрғысынан күдікті көрінетін нәрселерден аулақ болған дұрыс, көзсіз тәуекелге бармау керек.
MERS-CoV инфекциясының былтыр қазан айында пайда болғанын, бірақ ол кезде қажылыққа келушілер арасында көп таралмағанын айтады.

– Таяу Шығыста бұл дертті жұқтырғандар былтырғы қажылық қарсаңында тіркелді. Сонда бұл вирус тез таралып кетеді деген қауіп болған. Менің байқауымша, бұл вирус соншалық жұқпалы емес. Біз соған қуануымыз керек, – дейді ол.

ЖАУАБЫ ЖОҚ СҰРАҚТАР

Бірақ денсаулық сақтау мамандарының қаупі сейіле қойған жоқ. Себебі «Бұл вирус қайдан шықты? Қалай және қаншалықты жылдам жұғады?» деген сұрақтарға жауап әлі табылмады.

Зерттеушілердің айтуынша, MERS-CoV вирусын Таяу Шығыс жарқанаттары
Жарқанат. Көрнекі сурет.
Жарқанат. Көрнекі сурет.
таратып отыр. Кейбір жануарлар өздеріне зиянсыз, бірақ адамға қауіпті індеттердің таратушыларына айналады. Вирус жарқанаттанадамға қалай жұқты деген сауалдың да нақты жауабы жоқ. Кейбір болжамдар бойынша, ол вирус жұққан азық-түлік өнімдері немесе жарқанат тістеген ешкі, түйе сияқты жануарлардың еті арқылы жұғуы ықтимал.

Йан Джонстың айтуынша, вирустың адамнан адамға жұғу оқиғалары өте сирек кездеседі.

– Адамнан адамға жұғу оқиғалары екі рет қана тіркелді. Екі жағдайда да ол ауруханада жатқан, яки бір-бірімен тығыз араласқан аурулар арасында таралған. Осыған қарағанда, бұл вирус адамнан адамға табиғи жолмен баяу таралады.
Кейбір болжамдар бойынша, ол вирус жұққан азық-түлік өнімдері немесе жарқанат тістеген ешкі, түйе сияқты жануарлардың еті арқылы жұғуы ықтимал.
Мұның сыртында індетке шалдыққандар ауруханаға келмес бұрын көшеде, ұшақта, отбасында талай адаммен сөйлесіп, жақын байланыста болған. Біздің білуімізше, науқаспен қарым-қатынас жасаған адамдарға бұл індет жұқпаған, - дейді маман.

Індеттің бір адамнан басқа адамға жұғуы Британия мен Францияның ауруханаларында тіркелді. Вирус ауа арқылы таралды ма, әлде ауру жұққан затты пайдаланғаннан болды ма - ол жағын тап басып ешкім айта алмай отыр.

САПАРҒА ШЫҒУҒА ШЕКТЕУ ЖОҚ

Ұлыбритания мен Франциядағы, Германиядағы оқиғалардың барлығында вирусты жұқтырғандар – Таяу Шығысқа сапар шегіп қайтқан жолаушылар. Әзірге вирустың таралу ошағы Сауд Арабиясы болып отыр. Ал оны жұқтырғандар Йордания, Катар, Тунисте және Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелді.

Италияның Флоренция аймағындағы қонақүйде жұмыс істейтін йорданиялық
Қажылық кезінде Арафат тауына жиналған мұсылмандар. Мекке, Сауд Арабиясы, қазан, 2012 жыл.
Қажылық кезінде Арафат тауына жиналған мұсылмандар. Мекке, Сауд Арабиясы, қазан, 2012 жыл.
жігіт пен оның кішкене немере қарындасы және қасындағы әріптесі – соңғы тіркелген науқастар.

Жақында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Сауд Арабиясына мамандар тобын жіберіп, оларға індеттен келетін қауіп-қатерді зерттеп, қажылық қарсаңында оның салдарын азайтуға қатысты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Халықаралық ұйым әзірге корольдік аумағына сапар шегуге ешқандай шек қойып отырған жоқ, әуежайларда жолаушыларды тексеріп өткізу жөнінде де арнайы нұсқау болмаған.

Жыл сайын Мекке қаласына 2 миллион адам діни парызын өтеуге барады. Биылғы қажылық сапары қазанның 13-і мен 18-і аралығында өтпек.

Азаттық тілшісі Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.
XS
SM
MD
LG