Accessibility links

Электрондық темекі шынымен қауіпсіз бе?


Электрондық темекі шегіп отырған адам. Қытай, 25 мамыр 2009 жыл.
Электрондық темекі шегіп отырған адам. Қытай, 25 мамыр 2009 жыл.

Жұрттың көбі «электрондық темекі кәдімгі шылымнан гөрі зиянсыз» деп ойлайды. Бірақ оның денсаулыққа әсері әлі толық зерттелген жоқ.

Темекінің электрондық түрі – жаңа өнім. Мұндай темекіні тартатын адамдарды кім деп атайтыны да белгісіз. Америкада кәдімгі темекі шегетін шылымқорлар түтінсіз электрондық темекі тартатын таныстарын «бу шығарушы» деп атайды. Себебі электрондық темекіні тартқанда түтін емес, никотиннің буы будақтайды.

Ингалятор сияқты жасалған электрондық темекінің ішіне сұйық никотин (оған су, хош иіс беретін химикат, ол химикатты ыдырататын приполенгликоль қосылған) құйылып, оны қыздыратын кішкентай батерея орнатылған.

22 ПАЙЫЗ

Түтінсіз темекі тартушылардың қатары жылдам көбейіп келеді. Ұлыбританиялық денсаулық сақтау қайырымдылық ұйымы таяуда шылым шегушілерді тексергенде елдегі электрондық темекі тартушылар екі есе көбейгенін анықтаған. Ондай шылым шегушілер 2010 жылы 9 пайыз болса, 2012 жылы 22 пайызға жеткен.

Темекінің жаңа түрін қолданушылардың барлығына жуығы – бұған дейін де шылым шеккен адамдар. Олардың 40 пайызы «электрондық темекі шексек,
Шылым шегіп отырған жастар. Мәскеу, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Шылым шегіп отырған жастар. Мәскеу, 16 қазан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
шылымның залалды әсерінен құтыламыз» деп үміттенген. Әдетте кәдімгі шылым жанғанда одан бөлінетін улы токсиндер мен смола адамның рак ауруынан өлу қаупін арттырады.

Лондондағы шылымның денсаулыққа әсерін зерттейтін орталықтың маманы Аманда Сэнфордтің айтуынша электрондық темекінің құрамында никотин ғана бар.

– Никотин шылымның түтінімен салыстырғанда әлдеқайда залалсыз. Ол – шылымның құрамында болатын қалыпты зат. Адамды шылымға үйір қылатын да сол. Бірақ шылым түтінін өкпеге тартқанда денсаулық одан көбірек зиян шегеді. Шылымның құрамынан алынған никотиннің өзін таза күйінде беретін болғандықтан ол әлдеқайда залалсыз болады, – дейді ол.

Зерттеуші Аманда Стэнфордтың сөзінше, «электрондық темекінің денсаулыққа нақты қандай кері әсері барын кесіп айтуға әлі ерте». Себебі темекінің бұл түрі
Электрондық шылым шегіп тұрған адам.
Электрондық шылым шегіп тұрған адам.
Ұлыбританияға енді ғана көп мөлшерде келіп жатыр. Сондықтан әлі де жан жақты медициналық тексеру жасалуы тиіс.

«Адамдар шын шылымнан көрі электрондық темекіні көбірек қолданбай ма? Электрондық темекіні қауіпсіз деп ойлағандықтан олар никотинге тәуелді боп қалуы мүмкін ғой?» деген сауалдар да көп қойылады.

Елді көбірек мазалайтын тағы бір сұрақ: «Негізінен Қытай мен Азия елдерінен келіп жатқан электрондық темекінің құрамында олар айтқан залалсыз заттардың бар-жоғына қалай көз жеткізуге болады?»

Электрондық темекінің қорабына никотиннің мөлшері «азырақ» немесе «көбірек» деп жазылғанына қарамастан, олардың құрамындағы никотинның құрамы жоғары екені анықталды. Түтінсіз темекінің иісін шығару үшін құрамына тағы не қосқаны да жете тексерілмеген.

«ТЕМЕКІ ТАЛАСЫ»

Көптеген елдерде мұндай мәселені реттеп отыратын арнайы үкімет комиссиясы «Электрондық темекінің түрлерін қалай классификациялап, оларды стандарттық сапаға қалай келтіреміз?» деп ақылдасып жатыр.

Қазір бұрыннан келе жатқан шылым өндіруші компаниялар мен жаңа шыққан электрондық темекі жасаушы кәсіпкерлер арасындағы бәсекелестік күшейіп
Темекі тартып отырған адам.
Темекі тартып отырған адам.
барады. Компаниялар клиенттер үшін ғана таласып жатқан жоқ. Олардың дауы сотқа дейін жетті. Себебі электронды темекі шығаратын компаниялар оны «темекі өнімі» деп бекіткісі келеді.

АҚШ тағы Tobacco Vapor Electronic Cigarette Association ұйымының басшысы Рей Стори «қазір Еуропадағы реттеуші агенттіктер электрондық темекіге «медициналық құрал немесе дәрі-дәрмек» деген анықтама бергісі келеді» дейді. Мұндай амал нарықта электронды темекі сататын компанияларға шектеулерді көбейтеді, ал бұрыннан келе жатқан кәдімгі шылым дистрибютерлерін бәсекелестіктен қорғайды.

– Реттеуші кеңестер электрондық сигаретті дәрі деп белгілейтін пікірінен айнымай отыр. Бірақ бізге айтар нақты уәжі жоқ. Олай болса біз тауарларымызды нақты бір елдерге қандай жолмен болса да сату арқылы мәселені ушықтырғымыз келеді, – дейді Рей Стори.

Ол осы әрекетінен кейін электрондық темекіге тыйым салынып, іс қозғалатынын, сол кезде сотқа: «Бұл өнім не себепті темекі өнімі деп саналмады?» деп сұрайтынын айтады.

Дәл қазір дүкендерде электрондық темекі кәдімгі шылым өнімдерімен салыстырғанда азырақ.

Бұл оқиға АҚШ-тағы шылым өндіретін ірі компаниялар арасында электрондық шылым нарығына қызығушылық артып келе жатқанын білдіреді.

Мақаланы ағылшын тілінен Сағынай Кәрім аударды.
XS
SM
MD
LG