Accessibility links

Иранда президентті сайлаудың мәнісі бар ма?


Ирандағы президент сайлауында дауыс беріп жатқан әйел. 14 маусым 2013 жыл.

Ирандағы президент сайлауында дауыс беріп жатқан әйел. 14 маусым 2013 жыл.

Иранда президент сайлауы өтіп жатыр. Кейбір сарапшылар "сайлау нәтижесі Иранның сыртқы саясатына әсер етпейді" деп санайды.

Теократиялық Иранда ақтық шешімді президент емес, рухани басшы қабылдайды, армия да соның бақылауында. Осындай жағдайда, маусымның 14-і күні Иран азаматтары президент сайлауына дауыс беріп жатыр. Қазіргі президент Махмуд Ахмадинежад бұл сайлауға қатыспайды. Дауыс берушілер Иранның болашақ президентін 6 үміткердің арасынан таңдайды.

ТЕОКРАТИЯ МЕН ДЕМОКРАТИЯ

Маусымның 12-сі Иранда сайлау кампаниясының соңғы күні болды, науқан барысында халықтық демократияның барлық сыртқы көріністері байқалды. Жұмаға белгіленген президент сайлауының қарсаңында кандидаттар соңғы рет жұрт алдына шығып сөз сөйлесе, жоғары рухани басшы – аятолла Әли Хаменеи сайлау құқығы бар барша жұртты дауыс беруге, сол арқылы өз еліне қолдау көрсетуге шақырды.

Алайда ақтық шешімді президент емес, жоғары рухани басшы қабылдайтын саяси жүйе орнаған елде президент сайлауында кімнің жеңіске жететіні қаншалықты маңызды?

Бұл сұраққа жауап беру қиын. Себебі Иранда басқарудың екі түрі – демократия мен теократияны жымдастыра қолданатын саяси жүйе қалыптасқан. Бұл жүйе бойынша шариғат заңдарының білгірі саналатын рухани басшы халық өкілі саналатын президенттің үстінен қарайды.

АЯТОЛЛАНЫҢ ПӘРМЕНІ

Иран туралы зерттеу материалдар жариялайтын EA World View веб-сайтының басқарушы редакторы Джоанна Парасчуктың айтуынша, «президент рухани басшы кесіп-пішіп берген шеңбердің аясында ғана еркін бола
Әли Хаменеи – Иранның рухани жетекшісі.
Хаменеи 1939 жылы Иранда туған. Ислам революциясының (1979) көсемі аятолла Рухолла Хомейнидің сенімді серігі. Революциядан кейін Иран президенті болды.

Хаменеи жоғарғы рухани жетекші лауазымына 1989 жылы, Хомейни қайтыс болған соң сайланды.

Иранда рухани жетекшінің құптауынсыз саяси шешімдер жүзеге аспайды. Ол президент, парламент, министрлер кеңесі, сот жүйесі, қарулы күштер мен полиция жұмысын қадағалайды.
алады». Бұған әкімшіліктегі басты тұлғаларды тағайындау, ішкі экономикалық бағдарламаларды әзірлеп ұсыну және шетелдерде Иранның атынан өкілдік ету функциялары кіреді.

Бірақ оның санкциялардан титықтаған экономика мәселелерінде Хаменеидің саясатына қарсы келуге қақысы жоқ.

– Жаңа президент Батыстың санкциялары қыспаққа алып тұрған тұста экономиканы қалпына келтіру жөніндегі жүзеге асуы неғайбіл тапсырманы орындауы тиіс. Оның қандай жоспарды алға тартатыны мүлде маңызды емес, әйтеуір «экономикадағы мәселелер – санкциялардың кесірінен» дегенді айтуға қақысы жоқ, себебі бұл «санкциялар ел экономикасына ешқандай кері әсерін тигізе қойған жоқ» деген Хаменеи пікіріне қайшы келеді, - дейді сарапшы.

ЯДРОЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – БАСТЫ ТҮЙТКІЛ

Аятолла Хаменеи "елдегі жұмыссыздықтың көбеюі мен инфляцияның өсуі - біраз сынға ұшырап биліктен кетіп бара жатқан қазіргі президент Махмұд Ахмадинежадтың сауатсыз саясатының кесірі" деген сөзді жұрт алдында айтты да. Ахмадинежад билікте екі мерзім болған кезінде Хаменеидің адамдарымен шекісіп қалып жүрді, Хаменеи Есфандияр Рахим Машаиді ізбасар етіп өз қолымен тағайындап, оны жазалады.

Бірақ келесі президенттің «экономика санкциялардан зардап шегіп жатқан жоқ» Бушердегі атом электр станциясы. Иран, 26 қазан 2010 жыл.

Бушердегі атом электр станциясы. Иран, 26 қазан 2010 жыл.

деп, жауырды жаба тоқып жүре алғанымен, сыртқы саясат мәселесіне келгенде шектелетін түрі бар. Себебі Иранның сыртқы саясаттағы қазіргі ең үлкен мәселесі – Хаменеи тікелей басқарып отырған ядролық бағдарлама.

Сайлау қарсаңында ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздерде тәжірибесі бар екі кандидаттың арасында қызу пікірталас өрбіді. Олардың бірі – Иранның ядролық бағдарламасі бойынша қазіргі келіссөзшісі Саид Жалили болса, екіншісі – бұрынғы президент Мұхаммед Хатамидің кезінде осы қызметті атқарған Хасан Рохани.

САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТЕ МЕ?

Келіссөздердің бірінде Тегеран уранды байыту жоспарын кідірте тұруы керек деген ой айтып қалған Рохани елді қатаң санкцияларға душар еткен Жалилидің бірбеткей ұстанымын сынға алды. Бірақ сарапшы Парасчуктың айтуынша, тіпті президент болып сайланған күннің өзінде елдің ядролық мәселеге қатысты ұстанымын өзгертуге оның қауқары жетпейді.

– Рохани АҚШ-пен тікелей келіссөздерді бастау керек десе, Жалили бұған үзілді- Президенттікке кандидат Хасан Рохани (оң жақта) сайлауда дауыс беріп тұр. Тегеран, 14 маусым 2013 жыл.

Президенттікке кандидат Хасан Рохани (оң жақта) сайлауда дауыс беріп тұр. Тегеран, 14 маусым 2013 жыл.

кесілді қарсы болып отыр. Демек егер Рохани сайланса, онда Иранның сыртқы әлемге қатысты саясаты біраз өзгеріп, ашық бола түсер еді. Бірақ ақыр соңында жоғары басшы бұған вето қоятындықтан, оның мұндай келіссөздерді әрі қарай жалғастыруға құлқы болады деп ойламаймын, - дейді сарапшы.

Жұмадағы сайлауға қатысты тағы бір түйткілді жайт – «Ирандықтар берген дауыстарының қаперге алынатынына қаншалық сенімді?» деген сауал.

Теократиялық билікті қолдайтындар үшін дауыс беру оңай. Олар жоғары басшыға қолдау білдіргілері келсе, додаға түскен 5 консерватордың біріне дауыс береді.

Бірақ Иранды демократиялық үлгідегі республика ретінде көргісі келетіндер "кімге дауыс беремін?" деген сауалға жауап таппай қиналады. Парасчуктың айтуынша, олар алдымен «Сайлау әділ өте ме?» деген сұраққа жауап іздейді.

– Иранда қоғамдық пікірді зерттеген бірнеше сауалнама жүргізілді. Бірақ әдістемесі айқын болмағандықтан, бұл зерттеулердің нәтижесіне сенім аз, яки ирандықтардың 60 пайызы әлі күнге кімге дауыс беретіндерін білмейді. Олар соңғы сәтте шешім қабылдаймыз деп отыр. Бұл ел ішіндегі немқұрайдылықтан хабар береді. Сайлау учаскелеріне барып дауыс бергісі келмейтіндердің
Президенттікке кандидат Саид Жалили.

Президенттікке кандидат Саид Жалили.

көпшілігі реформаларды және зайырлы исламды қолдаушылар болмақ. Себебі олар сайлау әділ өтпейді, дауыс берудің де қисыны жоқ деп есептейді, - дейді Джоанна Парасчук.

Немқұрайды сайлаушылар тобы «реформашылардың ұстанымын қолдап отырған жалғыз кандидат Роханиге дауыс береміз бе, жеңіске жеткен жағдайда ол тым болмаса кейбір мүдделерімізді қорғай ала ма?» дегенді ойлайды.

Екі жағдайда да үміт сәулесін оятатын бір нәрсе бар. Ол – Иран басшылығының теократия аясында президентті халық таңдайтын республикалық жүйені де сақтап отырғаны. Иран билігіне "демократия мен теократия қатар дамыған ел" имиджі қажет. 2009 жылы жұрт сайлау әділ өткен жоқ деп «Жасыл қозғалыс» құрып, қарсылық білдірген еді. Бұл жолы да олар "тағы қарсылық жасап көрсек пе?" деп ойланып отыр.

Чарльз Рекнагельдің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Мұхтар Екей.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG