Accessibility links

Арақ іздеген сақшылар клиенттерді сабады


Ирак зиялылары мен ақындары жиналатын кафе. Бағдат. (Көрнекі сурет)

Ирак зиялылары мен ақындары жиналатын кафе. Бағдат. (Көрнекі сурет)

Бағдаттың мейрамханаларында, бар мен клубтарында отырған зиялы жұрт әдетте Ирак қауіпсіздік қызметкерлерінен таяқ жейміз деп ойламайтын.

ОНҒА ДЕЙІН САНАУ, ОДАН КЕЙІН САБАУ

Бірақ қыркүйектің 4-і күні қауіпсіздік күштері алкогольді ішімдік сататын он шақты дүкен мен бар, клубтарды тексерді. Олар кіріп-шыққан жерлерде сынған шөлмек, жарақат алған адам, ең бастысы «Ирак ислам республикасына айналып кетуі мүмкін» деген қауіп қалды.

Бұл кафелер – Ирак интеллигенттері бас қосатын өте танымал орындар. Ал кинотеатрлардың біреуі Ирактың ресми жазушылар одағымен бірігіп кеткен. Қауіпсіздік қызметкерлері жергілікті уақыт бойынша ол жаққа сағат 8-де айғайлай боқтап кіріп, іштегі 300 адамға «онға дейін санап болғанша шығып кетіңдер» деп бұйырған.

Абдул Рида Шамари есімді ересек кісі іштегі жұрт даурығып көтерілгенде аяғын сындырып алыпты.

– Менің аяғым сынды. Шамамен қырық шақты жігіт кенеттен жынды адамша кіріп келді. Біз әуелі олар террорист пе, әлде басқа ма – түсінбей қалдық. Олар бейне бір дұшпанмен алысып жатқандай, бізді мылтықпен ұрып, сыммен сабап, электрлі шокпен қинай бастады. Бірақ кино залда отырған қонақтардың бәрі де зиялы әрі құрметті кісілер еді, – дейді Абдул Рида Шамари.

Рейдтер Бағдаттың мұсылмандар мен христиандар аралас тұратын, Каррада және Арасат деп аталатын көршілес екі ауданында жүргізілген. Ирак заңы бойынша, Ішімдік сататын әлеуметтік клубтарды жабуға қарсылық танытып тұрған адамдар. Бағдат, 3 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Ішімдік сататын әлеуметтік клубтарды жабуға қарсылық танытып тұрған адамдар. Бағдат, 3 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

ликер сататын дүкендер мен клубтарға рұқсат қағаз христиан немесе исламға қатысы жоқ дін ұйымның мүшесіне ғана беріледі. Бірақ клиенттер көбіне тек осы топтардың мүшесі бола бермейді.

Сағад Ясин – дәстүрлі күрд, зороастризм және сопылық сенімдердің қосындысынан пайда болған Язиди ағымының мүшесі. Оның айтуынша, қыркүйектің 4-і күнгі рейд кезінде 150-ге жуық қонақ ауласындағы мейрамханада бинго ойнап отырған.

– Біз осы клубты ашу үшін 2009 жылы рұқсат қағаз алғанбыз. Себебі біз – язидтерміз. Бізге мұндай орын ұстауға, алкоголь сатуға ресми рұқсат етілген. Қауіпсіздік күштері ішке басып кіріп, бәрін қиратып, бізді қызметшілерімізбен қоса сабады. Шамамен қарулы 25 жауынгер қонақтарды тысқа итеріп шығарды да, мылтықтың, тапаншаның дүмімен соққылады, – дейді Сағад Ясин.

Оның айтуынша, сарбаздар «Алкоголь сатқанша «абыройлы» жұмыс тауып алмайсың ба?» деп қорқытқан.

«БІЗ ИСЛАМ МЕМЛЕКЕТІ ЕМЕСПІЗ»

Рейд жүргізген сарбаздардың кім екені әлі құпия. Кейбір қауіпсіздік басшылары «олар – премьер министр Нури әл-Мәликидің әкімшілігінің қауіпсіздік қызметіне тікелей бағынатын таңдаулы сарбаздар» деп бейресми мәлімдеді. Бұл сарбаздардың тікелей басшысы – генерал Фарух әл-Араджи.

Үкімет бұл операциялар жайлы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Жергілікті басшылар Азаттық радиосының Ирактағы тілшісіне:

– Бұл операциялар заңсыз бизнеске қарсы жасалды және бәрі кәсіби деңгейде бақыланды, – деп хабарлады.

Бағдаттағы ликер сататын дүкендерді полиция жиі-жиі жауып тастап отырады. Ирак балалары бұрын ішімдік сатқан, қазір біреулер өртеп кеткен дүкенді тамашалап тұр. Ирбил, 8 мамыр 2012 жыл.

Ирак балалары бұрын ішімдік сатқан, қазір біреулер өртеп кеткен дүкенді тамашалап тұр. Ирбил, 8 мамыр 2012 жыл.

Ондай дүкендер «әл-Каида» сияқты топтардың бомбалауына, фундаменталист содырлардың шабуылына жиі ұшырайды.

Алайда қыркүйектің 4-і күнгі таңдаулы сарбаздардың күмәнді жағдайда рейдке араласуы оқиғаға саяси реңк жамады.

Өйткені ислам құндылықтарын қатаң жолмен тәпсірлейтін түсініктерді ендіруге, алкогольді ішімдіктерге тыйым салуға тырысатын шииттердің діни партиясының көпшілігі Ирак үкіметінде басшылықта отыр.

Кейбір сарапшылар «бұл рейдтер – болашағы жоқ қазіргі заңдарымен Иракты ислам республикасына айналдырғысы келетін (діншіл) партиялардың қоғамда арттырып отырған қысымдарының бірі» деп біледі.

Сүнниттердің рухани жетекшісі Шайх Халид әл-Мулланың айтуынша, «прокурордың рұқсатынсыз болған бұл рейдтер кейбір елдердегі мораль полициясының іс-әрекетін еске түсіреді».
Ирактың үкіметтік жүйесі тек ислам құндылықтарын қорғауға ғана бағытталмаған.

– Біз ислам мемлекеті емеспіз. Ирактың үкіметтік жүйесі тек ислам құндылықтарын қорғауға ғана бағытталмаған. Бізде ислам партиялары бар, әрі халықтың көпшілігі – мұсылман. Бірақ олардан бөлек қорлық көруге тиіс емес басқа да азшылық топтар жетерлік. Басқа бір елдерде қолданылатын рейд жасау сияқты әдістер біздің елде қабылданбайды, – деді Шайх Халид әл-Мулла.

Иракқа көршілес Иран мен Сауд Арабиясында алкоголь сатуға заңмен тыйым салынған. Мораль полициясы ол жақта рейдті қалауынша жасай береді.

КОНСТИТУЦИЯДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ

Ал Иракта ислам құндылықтарын зорлап таңу фактілері күшейе берсе, ондай әрекетке қарсы шығу да оңайға түспейді. Оның бір себебі – Ирак қандай мемлекет болуы тиіс деген мәселе бұл мемлекеттің конституциясында әлі анықталмаған.

Шииттердің діни жетекшісі Шайх Абдул Хасан әл-Фурати бұл мәселені былай Иранға контрабандалық ішімдік апара жатқан ирактықтар. Ирак, Сүлеймения, 26 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекім сурет)

Иранға контрабандалық ішімдік апара жатқан ирактықтар. Ирак, Сүлеймения, 26 қаңтар 2012 жыл. (Көрнекім сурет)

түсіндіреді:

– Конституцияның екінші бабында «шариғаттың үкіміне сәйкес келмейтін заңдарды қабылдауға рұқсат етілмейді» дейді де, іле-шала «демократиялық құндылықтар мен адам құқықтарын бұзатын заңдарды қабылдауға рұқсат етілмейді» деп жазған. Біз осы қарама-қайшылықты қалайда шешуіміз керек.

Әл-Фурати осы проблеманы шешу үшін шариғат және азаматтық құқық мамандарының басын қосып, бір комитет құруды ұсынып отыр. «Конституциядағы осы түйткіл биліктің заңдарды өз қалауынша икемдеп, өз мүддесіне пайдаланып кетуіне мүмкіндік беріп тұр» дейді ол.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG