Accessibility links

Ирак футболының жеңісі азаматтарына қатер болды


Ирак футболшысы Бахрейн командасының қақапасына доп салған сәт. 15 қаңтар 2013 жыл.

Ирак футболшысы Бахрейн командасының қақапасына доп салған сәт. 15 қаңтар 2013 жыл.

Футболдан Бахрейнде өтіп жатқан Парсы шығанағы чемпионатының жартылай финалында Ирак Бахрейнді ұтты. Бұл жеңіске қуанған ирактықтар оқ атып, бірнеше отандастарын мерт қылды.

Ирак құрамасы 15 қаңтарда Парсы шығанағы чемпионатының жартылай финалында Бахрейн футболшыларын пенальти сериясымен жеңген: 1:1 (пенальтиден 4:2). Енді олар 18 қаңтар күні финалда Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) құрамасымен ойнайды.

Бірақ Ирак билігі «футболшыларымыз енді БАӘ командасын жеңсе, тағы да бейбіт азаматтарымыз қаза бола ма» деп қауіптенеді.

«БАЛАЛАР МЕН ӘЙЕЛДЕР ДЕ ОҚҚА ҰШТЫ»

Командаларының финалға өткеніне қуанған Ирак тұрғындары қала көшелеріне шығып, жеңістерін тойлаған. Мереке кезінде қуаныштарын жасыра алмаған халық аспанға қарата оқ атқан. Осы кезде абайсызда бірнеше адам қаза тауып, он шақты адам жараланды.

– Футбол матчы аяқталған соң біздің ауруханаға өлген және жарақаттанған адамдарды әкелді. Олардың арасында балалар мен әйелдер де бар. Бұл – Ирак отбасының үйінде қабырғаға сүйеулі тұрған қару. (Көрнекі сурет)

Ирак отбасының үйінде қабырғаға сүйеулі тұрған қару. (Көрнекі сурет)

есуастық. Иракта бұған дейін қаза тапқан және жараланған адамдар аз ба еді, – деді Басра қаласы ауруханасының қызметкері Азаттық радиосына берген сұхбатында.

Ирак ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саад Маан да халықты абай болуға шақырды. Діни жетекшілер мен тұрғындарды мереке кезінде мылтық атпауға үгіттеген өкіл мұндай әдетті «мәдениетсіздік» деп атады.

Ішкі істер министрлігінің өкілі футболшылардың жеңісін тойлау кезінде оқ атқандардың көбі қамалып, кейбіріне айыппұл салынғанын айта келе, «бірақ мұндай оқиғалардың әрқайсысын бақылауға қауіпсіздік күштерінің шамасы жетпейді» деді.

«МЕРЕКЕ КЕЗІНДЕ МЫЛТЫҚ АТУ – ЕЖЕЛГІ ДӘСТҮР»

Кей сарапшылардың ойынша, Ирак ішкі істер министрлігінің өтініші орындала қоймайды. Әлеуметтанушы Зия әл-Жассанидің айтуынша, мереке кезінде оқ ату – Ирактағы ежелгі дәстүрлердің бірі.

– Халық Меккеден келген қажыларды да мылтық атып қарсы алатын. Жерлеу рәсімінде де оқ атады. Ал кейін Саддам Хусейн билігі кезінде бүкіл елде мереке кезінде мылтық ату жиілеп кетті. Хусейн әскери қоғам құрды да, кез келген Ирак азаматы өз үйінде мылтық ұстауды мақтан көрді, – дейді әлеуметтанушы.

Оның айтуынша, адамдар өзін қорғайтын қаруы бар екенін көрсету үшін осындай той-мереке кезінде оқ атады.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG