Accessibility links

Қазақстан да алтын қорын көбейтіп жатыр


Банк қызметкері алтынды тексеріп тұр. (Көрнекі сурет)

Банк қызметкері алтынды тексеріп тұр. (Көрнекі сурет)

Соңғы 12 жылда алтын бағасы тоқтаусыз өсіп келеді. Әлемдегі орталық банктер қазір алтын сатып алған тиімді деп есептейді.

Осы мәселені зерттеген Bloomberg (Блумберг) агенттігінің 28 қаңтарда жарық көрген мақаласы «Ресей мен Қазақстан желтоқсан айында резервін әр тараптандыру (диверсификациялау) үшін алтын қорын көбейткен болатын. 12 жылдан бері алтын бағасы тоқтаусыз өсіп, инвестиция да артып келеді» деп басталады.

ИНФЛЯЦИЯДАН ҚҰТЫЛУ ӘДІСІ

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) сайтында жарияланған дерек бойынша, өткен жылдың желтоқсанында Ресей алтын қорын 2,1 пайызға немесе 957,8 тоннаға, ал 2012 жылы 8,5 пайызға арттырған.

«Ал Қазақстанның қоры өткен айда 1,7 пайызға немесе 115,3 тоннаға көбейсе, жылдық өсімі 41 пайызды құраған» дейді басылым.

Bloomberg-тің пікірінше «Сом алтын құнының шарықтауына инвесторлардың әлсіз валюта мен инфляциядан құтылу жолын іздеуі себеп болды. АҚШ, Европа және Жапония елдерінің үкіметі оның өсуіне барынша күш салды. Өткен айда алтынның биржадағы құны рекордтық көрсеткішке жетті».

Америкалық Morgan Stanley банкінің болжамына сүйенсек, «алтынның құны осы жылы да, 2014 жылдың ортасына дейін өседі».

«Орталық банктер алтын қорын арттыра беруге тиіс, себебі еуроға әлі қауіп төнген 5,5 килограмдық сом алтын аукционда 200 мың фунт стерлингке (шамамен 316 мың АҚШ доллары) бағаланды. Австралия, 17 қаңтар 2013 жыл.

5,5 килограмдық сом алтын аукционда 200 мың фунт стерлингке (шамамен 316 мың АҚШ доллары) бағаланды. Австралия, 17 қаңтар 2013 жыл.

жоқ. Соның арқасында алтынның бағасы ұзақ уақыт қалыпты болады» дейді Сингапурдағы Phillip Futures Pte инвестициялық сарапшысы Линетт Тан.

Қазір алтынның унциясы 0,1 пайызға артып, 1657,57 долларға жетті. Өткен жылы 7,1 пайызға өскен болатын, бұл 2008 жылдан бергі ең аз жылдық өсім болды. «Европадағы қарыз дағдарысы еуроның құлдырауына әкеледі» деген экономистердің болжамынан соң, 2011 жылдың қыркүйегінен бастап алтын бағасы артып, 1921,15 долларға жеткен.

Ресей орталық банкі алтын сатып алуын доғарар емес. «Бірақ сауда қарқыны өзгеруі мүмкін» дейді орталық банк төрағасының бірінші орынбасары Алексей Улюкаев. Оның айтуынша, «Ресейдің орталық банкі резервтегі алтын үлесін 10 пайызға жеткізуді көздемейді».

ХВҚ дерегіне сүйенсек, өткен айда Түркияның алтын қоры 14,5 пайызға немесе 359,65 тоннаға артқан. Елдегі коммерциялық банктерге қойылатын талаптар өзгерген соң алтын қоры көбейді. Қараша айында Филлиппиннің алтын қоры 1 пайызға азайыпты.

АЛТЫН 2014 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚЫМБАТТАЙДЫ

World Gold Council ұйымы келтірген мәлімет бойынша, 2012 жылдың алғашқы тоғыз айында мемлекеттер 373,9 тонна алтынға ие болған. Ал өткен жылдың қарашасында аталған ұйым «2012 жылғы алтын қоры 450-500 тонна алтынды құрайды» деген еді. 2011 жылы орталық банктер 456 тонна алтын сатып алды.

Bloomberg-тің мәлімдеуінше «Өткен айда инвесторлардың алтынмен есептелетін өнімдерге салған салымы 0,4 пайызға артқан, ал 20 желтоқсанда рекордтық көрсеткішке – 2632,5 тонна алтынға жеткен». Осы айда инвесторлардың салымы 0,8 пайызды құрады, себебі алтын құны 0,9 пайызға кеміді.

Morgan Stanley ұйымының 24 қаңтардағы болжамына сенсек, алдағы екі жылда АҚШ-тың федералдық резерві алтын сатып алу саясатын мықтап ұстанады - солайша олар экономикасын көтеруді көздейді.

Сарапшылар Питер Ричардсон мен Джоэль Крайнның жазуынша, «алтын бағасын инвесторлар мен оны сатып алатын орталық банктер ұстап тұрады».

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG