Accessibility links

Қазақстан әзірше Сочидің 26 жолдамасын ұтты


Қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Ванкувер олимпиадасында. Ванкувер (Канада). 2010 жыл (Сурет Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтынан алынды).
Қазақстандық конькиші Дмитрий Бабенко Ванкувер олимпиадасында. Ванкувер (Канада). 2010 жыл (Сурет Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтынан алынды).

Қазақстан 2014 жылы ақпан айында Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиада ойындарына 26 жолдама алып үлгерді. Ал спорт және дене шынықтыру агенттігі 40 жолдама алудан үмітті.

Ресейдің Сочи қаласында өтетін қысқы олимпиадаға жолдама ұтып алу жарыстары 2012 жылдың қараша айынан басталған еді.

Қазақстан алғашқы лицензияны 2012 жылы қазанда шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша жеңіп алды.

ОН ШАҢҒЫШЫ МЕН ЕКІ МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУШЫ

Ал жақында Канадада өткен мәнерлеп сырғанау жарысынан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Тен күміс жүлдегер атанды.

Осы нәтижеден кейін халықаралық коньки федерациясы Қазақстанға екі жолдама берді. Енді Сочи олимпиадасына Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев қатысады. Тен әлем чемпионатындағы жетістігінен кейін халықаралық коньки
Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының чемпионы Денис Тен Ванкувер олимпиадасы кезінде.
Мәнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының чемпионы Денис Тен Ванкувер олимпиадасы кезінде.
федерациясы жариялаған рейтингте бірден он жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Шаңғымен жүгіруден Италияның Валь Ди Фомме қаласында өткен әлем чемпионатында Қазақстан спортшылары Алексей Полторанин мен Николай Чебатько командалық спринтте қола жүлде алған еді. Кейін Полторанин 50 километрлік марафондық жарыста тағы бір қола медаль иеленді.

Қазақстан шаңғы федерациясының өкілі Диас Қанышев Азаттық тілшісіне берген сұхбатында:

– Италияда өткен әлем чемпионаты мен әлем кубогындағы жетістіктерімізден кейін Сочи олимпиадасына барлығы он жолдама алдық. Алексей Полторанин мен Николай Чебатько олимпиадаға міндетті түрде барады. Жарысқа қатысатын
Қазақстандық шаңғышы Николай Чебатько Ванкувер олимпиадасында. Ванкувер (Канада). 2010 жыл.
Қазақстандық шаңғышы Николай Чебатько Ванкувер олимпиадасында. Ванкувер (Канада). 2010 жыл.
өзге спортшыларды кейін анықтаймыз. Жалпы, олимпиада кезінде шаңғышыларымыз екі жүлде алады деп үміттеніп отырмыз, – деді.

БИАТЛОННАН - ОН, КОНЬКИДЕН - ҮШ ЖОЛДАМА

Биатлоннан да биылғы жарыс маусымы аяқталды. Әлем кубогы мен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан Сочиге он жолдама алды. Он лицензия ерлер мен әйелдерге тең бөлінген. Жолдама жеке спортшыларға емес құрамаға берілгендіктен олимпиадаға қатысатын биатлоншылардың есімін бапкерлер кеңесі жариялайды.

Конькимен жүгіру спортынан әлем кубогы қорытындысы бойынша Қазақстан үш лицензия ұтты. 1000 метрлік қашықтыққа жүгіруден Денис Кузин, 5000 метрге жарысуда Дмитрий Бабенко Сочи олимпиадасына қатысу құқығын жеңіп алды. Әйелдер арасында Екатерина Айдова (1000 метрге жүгіру) Сочиге барады.

Қазақстан коньки федерациясы наурыздың 21-і мен 24-і аралығында өтетін әлем чемпионаты кезінде тағы үш жолдама алуды жоспарлап отыр.

Қазір фристайл, сноуборд, шорт-трек, шаңғымен тұғырдан секіру спорттарынан олимпиадаға жолдама беретін жарыстар әлі өтіп жатыр.

Ал хоккейден Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы олимпиада ойындарының лицензиясын ала алмады. Ерлер құрамасы іріктеу жарысының шешуші
Солдан оңға: Ванкувер олимпиадасында медаль алған қазақстандық спортшы Елена Хрусталева (күміс), норвегиялық Тора Бергер (алтын) және беларусь Дарья Домрачевамен (қола) бірге. Канада, 18 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Солдан оңға: Ванкувер олимпиадасында медаль алған қазақстандық спортшы Елена Хрусталева (күміс), норвегиялық Тора Бергер (алтын) және беларусь Дарья Домрачевамен (қола) бірге. Канада, 18 ақпан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
ойынында Латвиядан ұтылып, жолдамадан айырылды. Әйелдер құрамасы Германия, Қытай, Чехиямен бір жолдамаға таласып, барлық ойында жеңіліп қалды.

Қазақстан спорт және дене шынықтыру агенттігі 2014 жылы өтетін Сочи олимпиадасына барлығы 40 жолдама алуды жоспарлап отыр.

2010 жылы Ванкуверде өткен қысқы олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 39 спортшы қатысып, биатлоншы Елена Хрусталева ғана күміс медаль алған еді.
XS
SM
MD
LG