Accessibility links

Боксшы Серік Сәпиев: «Лондонға жеңу үшін барамын»


Боксшы Серік Сәпиев. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Боксшы Серік Сәпиев. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиев өзінің екінші олимпиадасы – Лондон ойындарына Алматыда дайындалып жатыр. Оны жастайынан боксқа баулыған бапкері Александр Стрельников «биылғы олимпиадада Серік қалай да алтын алуы керек» дейді.

Серік Сәпиев – Қазақстанның бес дүркін чемпионы. Ол – 2005 жылы Мяньянда (Қытай), 2007 жылы Чикагода (АҚШ) өткен әлем чемпионатының алтын жүлдегері. Бұған қоса боксшы әлемдік доданың күмісі (2011 жыл, Баку) мен қола жүлдесін (2009 жыл, Милан) алған. 2010 жылы Гуанчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы Серікте тек олимпиада медалі ғана жоқ.

«МИЫМДЫ ЖАТТЫҚТЫРАМЫН ДЕП ШАХМАТ ОЙНАЙДЫ»

– Серік үшін бұл соңғы олимпиада болуы да мүмкін. Қазір ол 28 жаста. Ал Рио-де-Жанейро олимпиадасында жасы отыздан асады. Демек, Лондонда Серік үлкен серпіліс жасауы керек. Қазір біз жарысқа тынымсыз дайындалып жатырмыз – дейді боксшының жеке бапкері Александр Стрельников.

Серіктің өзі де бұл жолғы олимпиаданың маңызды екенін жақсы түсінетінін айтты.

– 2008 жылы Бейжіңде өткен олимпиадада жанкүйерлердің бәрі менің алтын алатыныма сенді. Бірақ таиландтық Манус Бунжумнонгтан ұтылғанымды жақсы білесіздер. Күтпеген жеңіліс болды. Боксшы Серік Сәпиев жаттығу залында жүр. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Боксшы Серік Сәпиев жаттығу залында жүр. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Сол жеңілістен кейін көпке дейін өз-өзіме келе алмадым. Одан кейін Миланда өткен әлем чемпионатындағы жеңілісім де қатты соққы болды. Италияға алтын аламын деп барып, қоланы қанағат тұттым. Былтыр Бакуде өткен әлем біріншілігінде алтынға жақын қалғанда жеңілдім. Міне, осы жеңілістердің жарасын жазар кез келгендей. Лондон шаршы алаңында барымды саламын. Және жеңіс үшін барамын, – дейді боксшы Серік Сәпиев.

Қазір Серік Лондон олимпиадасына жеке бағдарлама бойынша дайындалып жатыр. Күнінің көбі жаттығуға барлық жағдай жасалған залда өтеді. Бапкерлері жіті қадағалап жүреді.

– Отбасыма бармағалы да екі айдай уақыт болды. Жарым барлығына түсіністікпен Серік Сәпиевтің жеке бапкері Александр Стрельников. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Серік Сәпиевтің жеке бапкері Александр Стрельников. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

қарайды. Ол – менің нағыз жанкүйерім. Лондонға кетерде туған жерім Қарағанды жаққа бір барып қайтармын. Ал қазір жаттығу – маңызды, – дейді Серік Сәпинв.

Боксшының бапкері Александр Стрельниковтың айтуынша, Серіктің бойында боксшыға керек қасиеттердің бәрі бар.

– Шәкіртім боксшыға керекті шапшаңдық, қулық сынды қасиеттерге ие. Шаршы алаңда кез келген жағдайдан шығарға жол іздейді. Тіпті миымды жаттықтырамын деп күніне екі рет менімен шахмат та ойнайды, – дейді бапкер.

USA TODAY: «СӘПИЕВ – ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫНА БАСТЫ ҮМІТКЕР»

USA Today (АҚШ) басылымы Серік Сәпиев биыл Лондонда алтын алуға басты үміткер боксшылардың бірі деп санайды. Америкалық сарапшылар Серік Сәпиев финалда украиналық Тарас Шелестюкті ұтады деп болжайды.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановтың айтуынша, қазір Серіктің дайындығы мен бабы жақсы.

– Серікке қарсы барлық қарсыластары жеке дайындалары анық. Андрей Замковой Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов. Алматы, 6 мамыр 2012 жыл. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов. Алматы, 6 мамыр 2012 жыл. (Сурет жеке мұрағаттан алынған).

(Ресей), Тарас Шелестюк (Украина), Эррол Спенси (АҚШ), Эгидиюс Каваляускас (Литва), Маик Карвальо (Бразилия), жарыс қожайыны Фред Эванс – Сәпиевтің басты қарсыластары. Қазір біз бұл боксшылардың түрлі жарыстарда түсірілген бейне жазбаларын көріп, тактикаларын «оқып» жатырмыз, – дейді Мырзағали Айтжанов.

Ал Серік Сәпиев «олимпиадаға осал боксшы бармайтынын», сондықтан бәрінің дәрежесі де, деңгейі де бір» екенін айтады.

– Мықтымыз шаршы алаң төрінде анықталамыз. Бастысы – жарақат пен ауру сырқаудан аман болсақ болды, – дейді боксшы.

ҮНДІСТАН БАПКЕРІ: «АЗИЯДА СӘПИЕВКЕ ҚАРСЫЛАС ЖОҚ»

Жақында Үндістан боксшылары Алматыда Қазақстан құрамасымен біріккен оқу жаттығуын өткізді. Бұл жиынға үнді елінің 10 боксшысы келді. Екі апта бойы қос елдің боксшылары жаттығу залында бір-бірімен тәжірибе алмасты.

Алматыға өз шәкірттерін бастап әкелген Үндістан құрамасының бас бапкері Гурбакшсингх Санду Серіктің шеберлігіне разы болғанын айтты.

– Серік Сәпиевтің жекпе-жектерін Гуанчжоудағы Азия ойындарында, Баку мен Үндістан құрамасының бас бапкері Гурбакшсингх Санду. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Үндістан құрамасының бас бапкері Гурбакшсингх Санду. Алматы, 8 мамыр 2012 жыл.

Миландағы әлем чемпионатында көрдім. Техникасы өте мықты. Азияда бұл боксшыға қарсылас жоқ. Біздің боксшылардың да бұл спортшыдан үйренері көп. Менің ойымша, биылғы Лондон олимпиадасында сіздердің боксшыларыңыз алтын алуы тиіс. Оған күші де, техникасы да жетеді, – дейді үнді бапкері Гурбакшсингх Санду.

Қазір Серік Сәпиев AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) жариялаған рейтингте 69 килограмм салмақ дәрежесінде сайысатын боксшылар арасында жетінші орында тұр. Алайда Мырзағали Айтжанов айтуынша, «бұл рейтинг маңызды емес – Серіктің Лондондағы өнеріне бұл тізім еш әсер етпейді».

Лондонға соңғы дайындығын жасап жатқан Серік Сәпиев олимпиадаға дейін ешқандай ірі жарысқа қатыспайды. Бапкерлер «Сәпиевтің қарсыластары оның тактикасын біліп қоймасын» деп осындай сақтық жасап отыр.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG