Accessibility links

Олимпиада жұлдыздары


Спортшы Илья Ильин олимпиада кезінде. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл.

Спортшы Илья Ильин олимпиада кезінде. Лондон, 4 тамыз 2012 жыл.

Қытайдағы олимпиада ойындарда алтын алып, Лондонда да сол жетістігін қайталаған спортшылардың бірі - қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин. Пекин олимпиадасында чемпион атанған спортшы Лондон ойындарында өз атағын қорғап қалды.

Жеңіл атлетикадан ямайкалық желаяқ, Пекинде үш алтын алған Усэйн Болт та Лондонда үш алтын еншіледі (100, 200 метрге жеке жарыс және эстафеталық жарыс).

Америкалық жүзгіш Майкл Фелпс Лондонда төрт алтын, екі күміс жүлде иеленіп, бүкіл олимпиадалардан алған жүлделерінің санын 22-ге жеткізді (оның 18-і – алтын)

Бокстан аса жеңіл салмақта қытайлық Зоу Шимиң қатарынан екі рет олимпиаданы ұтты. Қытай боксшысы ширек финалда қазақстандық Біржан Жақыпты жеңді.

Өзбекстандық балуан Артур Таймазов Лондонда үш дүркін олимпиада чемпионы атанды. Таймазов еркін күрестен Афина және Пекин ойындарында да алтын алған.

Волейболдан Бразилия әйелдер құрамасы екінші рет финалда АҚШ командасын жеңіп, олимпиада үздігі атанды.

Ал футболдан АҚШ әйелдер құрамасы Лондонда Пекиндегі жетістіктерін қайталап, олимпиада чемпионы атанды. Олар финалда Жапония командасын ұтты.

Гандболдан Норвегия әйелдер құрамасы қатарынан екінші олимпиадасын ұтып отыр.

ЛОНДОНДА ЖҮЛДЕСІЗ ҚАЛҒАН ПЕКИН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Афина мен Пекин олимпиадасының чемпионы ресейлік Елена Исинбаева Лндонда қоланы қанағат тұтты. Исинбаева Қытайдағы ойындарда 5,05 метрге секіріп, әлем рекордын жаңартқан еді. Ал Лондонда бар болғаны 4,70 метрді бағындырды. Ал алтын жүлдені Джениффер Сюр (АҚШ) жеңіп алды.

2008 жылы олимпиада чемпионы атанған үш қарғып секіруші Яргерис Савинье Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. (Суретті дайындаған Аңса Мұстафа). 13 тамыз 2012 жыл.

Лондон олимпиадасында алтын алған қазақстандық спортшылар: Ольга Рыпакова, Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Зүльфия Чиншанло, Майя Манеза, Илья Ильин, Светлана Подобедова. (Суретті дайындаған Аңса Мұстафа). 13 тамыз 2012 жыл.

(Куба) Лондонда тек тоғызыншы орын алды. Биыл үш қарғып секіруде қазақстандық Ольга Рыпакова олимпиада чемпионы атанды.

5000 метрге жүгіруден Пекинде алтын алған Тиренуш Дибаба (Эфиопия) Лондонда қола жүлде алды. Лондонда оның отандасы Месерет Дефер чемпион атанды. Дефер Пекинде үшінші орынды иеленген еді.

Афина, Пекин олимпиадаларында 400 метрлік эстафетада алтын алған АҚШ-тың спортшы жігіттері Лондонда Багам аралдарының спортшыларынан қалып қойды.

Бокстан Пекин олимпиадасының чемпионы Роберто Каммарелле (Италия, +91 кг) Лондонда Антонио Джошуадан (Ұлыбритания) ұтылып, екінші орын алды.

Велоспорттан 2008 жылғы олимпиада чемпионы Фабиан Канчелларре (Швейцария) Лондонда жүлдесіз қалды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG