Accessibility links

Қазақ олимпиадашыларының кестесі: 30-31 шілде


Қазақ боксшысы Қанат Әбутәліповтің 56 кг салмақта 1/32 финалда жеңіске жеткен сәті. Лондон, 28 шілде 2012 жыл

Қазақ боксшысы Қанат Әбутәліповтің 56 кг салмақта 1/32 финалда жеңіске жеткен сәті. Лондон, 28 шілде 2012 жыл

Назарларыңызға 30-31 шілде күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылардың кестесін ұсынамыз.

30 ШІЛДЕ

Бұл күні садақ атудан Қазақстанның екі спорт шысы Денис Ганкин мен Анастасия Баннова жарысқа шығады. Мергендер Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де іріктеу бәсекесіне қатысады. Егер іріктеуден өтсе, 31 шілде күні жүлдеге таласады.
Бокстан 52 килограмм салмақ дәрежесінде Ілияс Сүлейменов Астана уақытымен 18:30-да басталатын сессияда шаршы алаңға шығады. Қазақстандық боксшының алғашқы қарсыласы – Саломо Н Туве (Швеция).

Дзюдодан 73 килограмм салмақта Ринат Ибрагимов татамиге шығады. Бұл салмақтың жеңімпазы осы күні анықталады.

Теннистен Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева жұбы үшінші кезеңге өту үшін ресейлік Надежда Петрова мен Марина Кириленкомен кездеседі.

31 ШІЛДЕ

Астана уақыты бойынша кешкі 18:30-да Біржан Жақып, ал түнгі 01:30-да Данияр Елеусінов алғашқы кездесулерін өткізеді. Жақыптың қарсыласы – Жереми Вессау (Франция). Ал Елеусінов Жамел Херрингпен (АҚШ) кездеседі.

Су добынан Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі екінші ойынын Австралияға қарсы өткізеді. Бұл матч Астана уақыты бойынша сағат 19:10-да басталады.

Кешкілік, сағат 20:30-да (бұл да Астана уақыты) ауыр атлет Мая Манеза (63 кг) жарысқа шығады. Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикада бірден жүлде сарапқа салынады

Дзюдодан 81 келіде Ислам Бозбаев пен каноэ есуші Рафаиль Вергоязов да осы күні жүлдеге таласады.

Басқа да жарыстар туралы ақпаратты Азаттықтың олимпиада кестесінен таба аласыздар.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG