Accessibility links

Алмас Өтешов – олимпиадаға баратын ауыр атлет


Ауыр атлет Алмас Өтешов Қазақстан чемпионатында олимпиада жолдамасын алған сәті. Талдықорған, 7 маусым. 2012 жыл.

Ауыр атлет Алмас Өтешов Қазақстан чемпионатында олимпиада жолдамасын алған сәті. Талдықорған, 7 маусым. 2012 жыл.

Алмас Өтешов – ауыр атлетикадан Лондон олимпиадасына қатысатын спортшы. 24 жастағы атлет 94 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Ол Лондон олимпиадасы жолдамасын маусым айының басында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында жеңіп алды.

«ЖЕҢІЛСЕМ, ӘКЕМ ӨКПЕЛЕП ҚАЛАДЫ»

Алмас Өтешов сегіз жасынан бастап қазақша күреспен айналысқан. Қызылорда қаласындағы спорт мектептерінің бірінде оқыған.

– Ауыр атлетикаға 14 жасымда келдім. Мектепте қазақша күрес үйірмесі болмаған соң, дзюдомен айналысып та көрдім. Бірақ кейін мектептегі жаттықтырушылар мені ауыр атлетика секциясына ауыстырып жіберді, – дейді Алмас.

Алмас – үйінің үлкені. Соңынан ерген бір інісі, екі қарындасы бар. Бауыры Айдос та ауыр атлетикамен айналысады.

– Анам Айман ауыр атлетикамен шұғылданғаныма қарсы емес. Ал әкем Дәулетияр Ауыр атлет Алмас Өтешов Қазақстан чемпионатында. Талдықорған, 7 маусым. 2012 жыл.

Ауыр атлет Алмас Өтешов Қазақстан чемпионатында. Талдықорған, 7 маусым. 2012 жыл.

– менің нағыз жанкүйерім. Жарыстардан жеңіліп келсем, өкініп, өкпелеп қалады, – деді Алмас Өтешов.

Алмас Өтешовтің негізгі мамандығы – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Зайыбы Айжан да – ауыр атлет. Бір ұлдары бар.

– 2010 жылы университетті тәмамдадым. Оқу орнында жүріп, ауыр атлетикамен айналысып жүрдім. Қолым босаса, университет кітапханасына барып, газет-журналдар оқитынмын. Сол әдетім әлі сақталған. Көшедегі дүңгіршектерден спорт газеттері мен журналдарын алып, оқып тұрамын. Жақында Қабдеш Жұмәділовтың «Соңғы көш» кітабын аяқтадым, – деді спортшы.

Алмас ауылға демалысқа бара қалса, атқа мініп, серуенге шыққанды жақсы көреді.

– Жаттығудағы негізгі тамағым – жылқы еті мен қымыз. Бапкерлердің белгілеуі бойынша қайнатылған тамақтарды көп жейміз. Етті сорпасымен жегенді ұнатамын. Қуырылған тамақтарды жегім келмейді, – деді спортшы.

ПАРИЖДЕГІ СӘТСІЗДІК

Алмас Өтешов – жастар арасындағы Азия чемпионы (2008 жыл, Оңтүстік Корея), ересектер арасындағы Азия чемпионатының екі мәрте қола жүлдегері (2008 жыл, Жапония; 2009 жыл, Қазақстан).

2011 жылы Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Алмасты Париждегі әлем чемпионатына алып барды. Алайда атлет жұлқа көтеруде 180 килограмды көтере алмай, жарысты ерте аяқтады.

– Парижге дайындықсыз бардым. Мойындаймын. Бірақ дәл осындай сәтсіздікке ұшыраймын деп ойламадым. Әлемдік деңгейдегі жарысқа алғаш қатысқандықтан болар, психологиялық тұрғыдан жеңілдім, – дейді спортшы.

СПОРТШЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Алмас Өтешов биыл 7 маусымда Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында жалпы есепте 405 килограмм салмақты көтеріп, Пекин олимпиадасының чемпионы Илья Ильиннен кейінгі екінші орынды алды. Бапкерлер кеңесі Алмастың нәтижесіне қарап, оған Лондонға жолдама берді. Лицензия алған соң атлет жеке бапкері Вилорий Пакпен бірге Астанаға жаттығуға аттанды.

– Талдықорғанда жұлқа көтеруде алғашқы екі мүмкіндігімді пайдалана алмадым. 181 килограмды үшінші талпынысымда ғана көтердім. Ал серпе көтеру жаттығуы маған оңайлау. Бұл сайыста 225 килограмды көтердім де, екі сайыс қорытындысы Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни. Талдықорған, 7 маусым 2012.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни. Талдықорған, 7 маусым 2012.

бойынға 405 килограммен олимпиада лицензиясын алдым. Алайда бұл көтерген салмақпен Лондонда жүлде алу қиын. Қазір сол үшін жарысқа дейін күнімді құр жібермей жаттығып жатырмын, – дейді Алмас Өтешов.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Алмастың «психологиялық тұрғыдан әлсіздеу» екенін айтты.

– Алмас жұлқа көтеру жаттығуында әлсіз. Оны өзі де мойындайды. Кейде штанганы орнынан жұлып алғанымен, тұра алмай қалады. Кейде техникалық қателіктер жібереді. Ал кей сәттерде толқуын баса алмайды, – деді Алексей Ни.

БАПКЕРДІҢ АРМАНЫ

Алмастың жеке бапкері Вилорий Пак шәкірті жайлы көп ештеңе айтқысы келмеді.
Менің арманым – ауыр атлетикадан бір қазақты олимпиада тұғырына шығару.

– Дайындығы қызу. Бұл дайындықтың нәтижесін Лондонда көреміз. Менің арманым – ауыр атлетикадан бір қазақты олимпиада тұғырына шығару, – деді атлеттің жеке бапкері.

Алмас жарысқа түсетін 94 килограмм салмақта олимпиадаға қазақстандық Илья Ильин де қатысады.

– Спортта Илья – басты қарсыласым, ал өмірде – жан досым. Бірдеңе болса, бірігіп шешеміз, – дейді атлет Алмас Өтешов .

Алмас Өтешовке Лондонда Илья Ильинге қоса Артем Иванов (Украина), Александр Иванов (Ресей), Саид Мохаммадпур (Иран), Руслан Нуриддинов (Өзбекстан), Ким Мин Джа (Оңтүстік Корея) сынды спортшылар басты қарсылас болмақ.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG