Accessibility links

Баннова мен Ганькин - олимпиадаға баратын садақшылар


Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшы Анастасия Баннова. (Сурет әлеуметтік желіден алынды).

Олимпиадаға қатысатын қазақстандық спортшы Анастасия Баннова. (Сурет әлеуметтік желіден алынды).

Лондон олимпиадасында садақ атудан төрт комплект жүлде сарапқа салынады. Ерлер мен әйелдер жекелей және командалық жарыста жүлдеге таласады.

Садақ атудан бәсеке Лондондағы Сент-Джонс-Вуд ауданындағы Lord’s Cricket Ground крикет стадионында өтеді. Олимпиадаға 64 елден 128 мерген келеді.

Ең көп спортшы Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Жапония, Мексика, Оңтүстік Корея, Тайпей, Украина, АҚШ-тан келеді. Бұл мемлекеттердің әрқайсысынан 6 садақ атушы келеді. Олимпиадаға Венесуэла (екі спортшы), Бутан, Бангладеш, Чили, Кот-д‘Ивуар, Фиджи, Ирак, Мьянма, Самоа, ОАР елдерінен де бір-бір мерген барады.

ЕКІ СПОРТШЫ

Қазақстан жанкүйерлері екі спортшыға үміт артып отыр. Олар – Анастасия Баннова мен Денис Ганькин.

26 жастағы Баннова Пекин олимпиадасына қатысып, 36-орын алған. Ал Лондон олимпиадасына жолдаманы АҚШ-тың Огден қаласында өткен іріктеу жарысында жеңіп алды. 2011 жылы Иранның Тегеран қаласында өткен Азия чемпионатында алтын алған.

Денис Ганькин де лицензияны АҚШ-та алды. Ол 2011 жылғы Азия чемпионы. Биылғы Қазақстан біріншілігінің алтын жүлдегері.

Екі спортшы жарысқа шілденің 27-сі күні шығады.

БҰҒАН ДЕЙІНГІ ЖЕТІСТІК - ЖЕТІНШІ ОРЫН

Қазақстан спортшылары 1996 жылғы олимпиада ойындарына да садақ атудан қатысқан еді. Анна Можар, Ирина Леонова және Яна Тоуниятце командалық сайыста 8-орын алған. Ал Вадим Чикарев, Виталий Чин, Сергей Мартунов 16-орынға жеткен. Бұл спортшылар жекелей сында үздік отыздыққа ене алмады.

Сидней олимпиадасында Вадим Чикарев, Станислав Забродцкий, Александр Ли үштігі командалық жарыста 7-орын алған.

Афина олимпиадасында Станислав Забродский 18-орын, Виктория Белослуцева 23-орын, Ольга Филипова 57-орын алды.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG