Accessibility links

Велоспорттан Винокуров пен Базаев қатысады


Александр Винокуров "Тур-де-Франс" көпкүндігінде. По қаласы, Франция, 20 шілде 2012 жыл. (Суретті "Астана" командасы берген).
Александр Винокуров "Тур-де-Франс" көпкүндігінде. По қаласы, Франция, 20 шілде 2012 жыл. (Суретті "Астана" командасы берген).
Олимпиада ойындарына әлемнің 74 елінен 199 велоспортшы барады. Австралиядан – 29, Ұлыбритания мен Голландияның әрбірінен – 27, Германиядан – 25, АҚШ пен Францияның әрқайсысынан – 24, Жаңа Зеландиядан – 22, Бельгия, Канада, Колумбиядан – 17 спортшы қатысады. Өзбекстан, Әзербайжанның әрбірі Лондонға екі-екі спортшыдан жібереді.

Лондон олимпиадасындағы 18 комплект жүлде белгіленген жарыста велоспортшылар тас жолда, тректе, таулы жолда жарысады. Сондай-ақ ВМХ стилі (мотокросс) бойынша да жүлде беріледі.

Велотрек жарыстары 12 мың көрермен сиятын Лондон велопаркінде өтсе, тас жолдағы бәйге Риджентс бағында болады. Ал маунтинбайк бәсекесін Хадли таулы шатқалында өткізу жоспарланған.

ВИНОКУРОВ: «БҰЛ СОҢҒЫ ОЛИМПИАДАМ БОЛАДЫ»

Атланта олимпиадасына жеті, Сидней ойындарына бес, Афина олимпиадасына сегіз, Пекин олимпиадасына үш спортшысы қатысқан Қазақстан Лондонға екі велоспортшы – Александр Винокуров пен Асан Базаевты жібереді.

Екі спортшы тас жолдағы жарысқа қатысады. Топтық жарыс (велоспортшылар сөреден топпен шығып, жалпы жарысқа түседі) пен жекелей жарыста (спортшылар сөреден жеке-жеке шығып, уақыт бойынша жарысады) жүлдеге таласады.

Александр Винокуров – Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері, 2004 және 2006 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2006 жылғы Азия ойындарының күміс
Велоспортшы Асан Базаев. (Суретті "Астана" командасы ұсынды).
Велоспортшы Асан Базаев. (Суретті "Астана" командасы ұсынды).
жүлдегері, Әлемдегі 20 кезеңнен тұратын «Вуэльта» көпкүндігінің жеңімпазы (2006 жыл), «Тур де Франс» көпкүндігінің үшінші орын иегері (2007 жыл).

Атланта, Сидней, Афина олимпиадаларына да қатысқан Винокуров «Лондон олимпиадасы спорттық карьерамдағы соңғы жарысым болады» деп мәлімдеді. Винокуров спорттағы жетістіктерінің арқасында Қазақстанның ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен мараппатталған.

Асан Базаев – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, Азия чемпионатының жеңімпазы, «Президент туры» (Түркия) мен «Грекия турында» жеңіске жеткен. Әлем чемпионатына және «Джиро д‘Италия», «Тур де Франс» сынды ірі жарыстарға қатысқан.

Александр Винокуров қазір «Тур де Франс» көпкүндігінде, ал Асан Базаев «Польша турына» қатысып жатыр. Жарыстарын аяқтаған соң Лондонға аттанады.

Лондон олимпиадасына баратын Қазақстан велоспортшылары 29-29 шілде күні жарысқа шығады.
XS
SM
MD
LG