Accessibility links

Олимпиадаға Қазақстаннан үш гимнаст барады


Степан Горбачев Гуанчжоудағы Азия чемпионатында. Қытай, қараша 2010 жыл.

Степан Горбачев Гуанчжоудағы Азия чемпионатында. Қытай, қараша 2010 жыл.

Лондонда өтетін олимпиада ойындарына гимнастикадан 58 елден 324 гимнаст-спортшы қатысып, 16 комплект жүлде үшін жарысады.

Олиипиадаға бұл спорт түрі бойынша көп спортшысы баратын елдер – Ресей (21 адам), Германия мен Жапониядан (19 адамнан), Ұлыбритания мен Италия (әрқайсысы 18 гимнаст апарады).

Қазақстан атынан олимпиада ойындарына спорттық гимнастикадан Мөлдір Әзімбай мен Степан Горбачев, көркем гимнастикадан Анна Алябьева барады.

СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКА

Ерлер мен әйелдер жеке-жеке жарысатын, 14 комплект медаль тігілген спорттық гимнастика бәсекесіне Қазақстаннан екі спортшы қатысады.

Мөлдір Әзімбай – Қазақстан құрамасындағы ең жас спортшы (17-де). 2010 жылы Ресейдің Пенза қаласында өткен халықаралық жарыста көпсайыс бойынша қола жүлдеге ие болған. 2011 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен халықаралық турнирде жеке жаттығу бойынша үшінші орын алды. Қазақстанның ІІ жастар ойынының чемпионы. 2011 жылы Жапонияның Токио қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан. Биыл Лондон қаласында өткен олимпиадалық іріктеуде отыздыққа еніп, жолдамаға ие болды.

Ал 28 жастағы гимнаст Степан Горбачев олимпиада ойындарына алғаш рет қатысады. Ол жолдаманы Лондонда өткен іріктеу жарысында жеңіп алған. Қазақстан чемпионы. Азия ойындары мен әлем чемпионатының қатысушысы.

Қазақстандық спорттық гимнастика шеберлері 1996 жылдан бері олимпиадаға Степан Горбачев (сол жақта) пен Ернар Ерімбетов Қазақстан чемпионатында. Алматы, 2009 жыл.

Степан Горбачев (сол жақта) пен Ернар Ерімбетов Қазақстан чемпионатында. Алматы, 2009 жыл.

қатысып келеді. Атланта ойындарында ерлер арасында Сергей Федерченко жеке жаттығу бойынша 12-орын алған, әйелдер арасында Ольга Козевникова 56-орын иеленген.

2000 жылы Сидней олимпиадасында Сергей Федерченко 5-орын иеленді.

2004 жылы Афинада Ернар Ерімбетов 8-орын алды.

Қазақ спортшылары 2008 жылы өткен Пекин олимпиадаға спорттық гимнастикадан жолдама ала алмады.

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКА

Олимпиада ойындарында көркем гимнастикадан екі комплект жүлде (жекелей және командалық) беріледі.

Бұл спорт түрінен Қазақстаннан олимпиадаға Анна Алябьева барады. Ол – Азия ойындарының чемпионы (2010), Азия чемпионы, әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері, 2010-2011 жылдары өткен әлем чемпионатына қатысқан.

Көркем гимнастика бойынша бұған дейінгі Афина (2004 жыл) және Пекин (2008 жыл) олимпиадасына Әлия Юсупова қатысқан. Ол Грекиядағы ойында – төртінші, ал Қытайда бесінші орын алған.
  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG