Accessibility links

Қазақстан атынан ресейлік үш теннисші барады


Теннисші Галина Воскобоева. Мельбурн, Австралия, 2012 жыл.
Теннисші Галина Воскобоева. Мельбурн, Австралия, 2012 жыл.
Лондон олимпиадасына 40 елден 64 теннисші барады. 2008 жылғы Пекин олимпиадасының чемпиондары Роджер Федерер мен Станислас Вавринка (Швейцария, ерлер арасындағы жұптық сайыс), апалы-сіңілілі Серена мен Винус Уильямс (АҚШ, әйелдер арасындағы жұптық бәсеке) биылғы олимпиадаға да қатысады.

Ал жекелей сайыста жеңіске жеткен ресейлік Елена Дементьева спорттық карьерасын аяқтауына байланысты олимпиадаға қатыспайды. Ерлер арасында чемпион атанған Рафаэль Надаль аяғының жарақатына байланысты Лондонға барудан бас тартты.

МИЛЛИОН ҰТҚАН ҮШЕУ

Бұрынғы олимпиада ойындарына Қазақстаннан теннис спортының өкілдері қатыспаған еді. Биылғы Лондон олимпиадасына Қазақстан атынан баратын үш
Теннисші Ярослава Шведова. Ресей, 20 қазан 2009 жыл.
Теннисші Ярослава Шведова. Ресей, 20 қазан 2009 жыл.
спортшы (Ярослава Шведова, Галина Воскобоева және Михаил Кукушкин) Ресейден келген. Теннисшілер олимпиада жолдамасын рейтинг бойынша жеңіп алды.

Шведова мен Воскобоева жекелей және жұптық сайысқа, Кукушкин жекелей жарысқа қатысады.

Ярослава Шведова қазір әлемдік рейтингте 46-орында тұр (тізімде 3500 теннисші бар). Спортшы бір айдың ішінде 230-орыннан 46-сатыға көтерілді. Ол 2007 жылы Үндістанның Бангалор қаласында өткен халықаралық турнирде жеңіске жеткен. Америкалық теннисші Ваня Кингпен жұп құрап, «Үлкен дулыға» жарыстары саналатын «АҚШ ашық чемпионаты» мен «Уимблдон» жарысында көзге түскен. Спорттық карьерасында түрлі жарыстарға қатысып, 2 миллион 335 мың доллар жүлде алған.

Ярослава Шведова Twitter парақшасында «Олимпиада ойындарында қатысып, жүлдегер болғым келеді. Командаласыммен (Галина Воскобоевамен – ред.) бірге жұптық сайыста жүлде алуды алдымызға мақсат ретінде қойдық. Жекелей жарыста бәсеке қатты. Сондықтан жұптық сайыста жүлде алу үшін барымызды саламыз» деп жазған.

Галина Воскобоева әлемдік рейтингте 52-сатыда тұр. 2006 жылы Италияның Кунео
Теннисші Михаил Кукушкин. Рим, 13 мамыр 2012 жыл.
Теннисші Михаил Кукушкин. Рим, 13 мамыр 2012 жыл.
қаласындағы жарыста (жүлде қоры 50 мың доллар), 2011 жылы Марокконың Касабланка қаласында өткен турнирде (жүлдесі 25 мың доллар) жеңімпазы атанды. Воскобоева спорттық жарыстардан 1 миллион 203 мың доллар қаржы ұтқан.

Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте 49-орында тұр. Осы уақытқа дейін 38 кездесуде жеңіске жетіп, 45 матчта жеңілген. Жеке бапкері – ресейлік Анастасия Улихина. АҚШ-та тұрады және сол жақта жаттығады. 2011 жылы Ресейде өткен «Кремль кубогында» орыс теннисшісі Михаил Южныйды ұтып, жеңімпаз атанған. Кукушкин жарыстардан жиыны 956 мың доллар жүлде алған.
XS
SM
MD
LG