Accessibility links

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты


Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.
Тамыздың 29-ы кешке (Лондон уақытымен) өткен Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатындағы қойылымдарға әуесқой актерлер мен мүгедек жандар қатысты.

Режиссерлер ойынның ашылуында Ұлыбританияның тарихын, ал салтанатты шарада британ ғылымына байланысты қойылымдарды көрсетті, «Исаак Ньютонның алмасын» стадион ортасына әкелді.

ШЕКСПИР МЕН НЬЮТОН

Лондондағы паралимпиада ойындарының басты кейіпкері британиялық танымал физик-теоретик, ауыр науқас кесірінен мүгедектер арбасына таңылған Стивен Хокинг болды. Ол Ньютон заңының арқасында әлемде ғылым мен білімнің, адамзаттың дамығанын көрсетті.

Ашылу салтанатының негізгі желісі ретінде Шекспирдің «Боран» спектаклі таңдалыпты. Бас кейіпкер Миранда (ағылшын актрисасы Никола Уилдин ойнады)
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.
мүгедектер арбасынан көтерілді де, аспанға ұшып, бүкіл стадионды шарлап шықты.

Шекспир кейіпкерінің жанында қолдаушы ретінде бірнеше адам да ұшып жүрді. Бұл қолдаушылардың барлығы да мүмкіндігі шектеулі спортшылар – жеңіл атлет Роберт Барретт, теннисші Кей Форшоу, найза лақтырушы Тони Гриффин, дзюдошы Иэн Роуз және жүзгіш Марк Вудс.

Әлемнің жаратылуын бейнелейтін қойылымнан кейін жарысқа қатысушы елдер спортшыларының шеруі өтті.

СТАДИОНДА – СЕКСЕН МЫҢ КӨРЕРМЕН

Шеруден соң Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизавета Паралимпиаданы ресми түрде ашты.

Паралимпиадашылар антын Ұлыбритания азаматтары – жүзуден 2008 жылғы ойындардың жүлдегері Лиза Джонсон, регби төрешісі Ричард Оллкрофт, ат спортынан жаттықтырушы Дэвид Хантер қабылдады.

Халықаралық паралимпиада комитетінің басшысы Филип Крэйвен осыдан алпыс
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.
Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты. Лондон, 29 тамыз 2012 жыл.
жыл бұрын паралимпиаданы ойлап тапқан британ халқына және ағылшын хирургы Людвиг Гуттманға алғыс айтты.

Лондон олимпиадасы мен паралимпиадасын ұйымдастыру комитеті төрағасы Себастьян Коу «Спортта шекара жоқ. Спортқа өмірдегі түрлі қиындықтар мен әртүрлі жағдайлар кедергі бола алмайды» деді.

Олимпиаданың ресми қонақтары сөздерін аяқтаған соң паралимпиада алауы тұтанды. Алауды стадионға 24 жастағы триатлоншы Джо Таунсенд алып кірді. Ауғанстанда әскери борышын өтеп жүргенде екі аяғынан айырылған мүгедек Таунсенд алауды көзі нашар көретін футболшы Дэвид Кларкқа тапсырды. Кларк алау отын 1960 жылғы паралимпиада чемпионы, садақшы Маргарет Монға жеткізді. 84 жастағы Мон паралимпиаданың ресми алауын тұтатты.

Паралимпиаданың салтанатты ашылуын ІІ Елизавета ханшайыммен бірге Уильям ханзада мен оның әйелі Кэйт Миддлтон, Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Жак Рогге де тамашалады.

Паралимпиаданың ашылу салтанатын стадионнан сексен мыңға жуық адам көрді.

ВИДЕО: Паралимпиаданың ашылу салтанаты



Биылғы Паралимпиадалық ойындарға Қазақстан атынан суда жүзушілер Әнуар Ахметов пен Зүльфия Ғабидуллина, жеңіл атлеттер Ислам Сәлімов, Айнұр Байдулдаева, Сергей Харламов, пауэрлифтинг бойынша Әбжан Айбек пен Кәбира Асқарова қатысады.

Спортшылардың жарысқа қатысу кестесін мына жерден көре аласыз.
XS
SM
MD
LG