Accessibility links

Подобедова - Олимпиада чемпионы


Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова, Лондон, 3 тамыз 2012 жыл

Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова, Лондон, 3 тамыз 2012 жыл

Қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова Лондон олимпиадасында алтын жүлде жеңіп алды.

Лондон олимпиадасында 75 килограмм салмақта сайысқа түскен қазақстандық ауыр атлет Светлана Подобедова аса тартысыты бәсеке кезінде ресейлік спортшыдан басым түсіп, алтын медальға қол жеткізді.

Светлана Подобедова бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанған еді. Олимпиада кезінде жұлқа және серпе көтеру бойынша оның жалпы көрсеткіші 291 килограмға жетті. Серпе көтеруден спортшы олимпиада рекордын жаңартты.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы үш алтын иеленген еді. Велоспортшы Александр Винокуров, ауыр атлеттер Зүлфия Чиншанло мен Майя Манеза да Лондонда топ жарған болатын.

Жалпы командалық есепте Қазақстан олимпиадалық құрамасы Светлана Подобедованың бұл жеңісінен соң төрт алтын медальмен тоғызыншы орында тұр.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG