Accessibility links

Малала Нобель сыйлығын алды


Малала Юсуфзай, әйелдер құқығы үшін күресіп жүрген пәкістандық белсенді
Малала Юсуфзай, әйелдер құқығы үшін күресіп жүрген пәкістандық белсенді

Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығы 2014 жылы пәкістандық Малала Юсуфзай мен үндістандық құқық қорғаушы Кайлаш Сатъяртхиге берілді.

Нобель сыйлығының мәлімдемесінде Бейбітшілік сыйлығы аталған екі белсендіге ""Балалардың еңбегі қаналмай, мектепке барулары керек" деп жастар мен балалардың құқығын жаншуға қарсы және балалардың білім алуын жақтап шыққандары үшін" берілген.

Комитет Пәкістан мен Үндістан өкілдеріне ортақ іске үлес қосқандары үшін сыйлық тең бөлінгенін атап айтты.

Сатъяртхидің есімі Юсуфзай сияқты белгілі емес. Ол - бала еңбегін қанауға қарсы қозғалыс мүшесі. Оның ұйымы ондаған мың баланы эксплуатациядан құтқарып, олардың есін жиып, білім алуына жағдай жасаған.

Ал Малала Юсуфзайдың аты дүниеге мәлім. Жас қыз отбасымен Пәкістанның солтүстік-шығысында Сват аңғарында тұрған. Талибан бақылайтын ауданда өмір сүргеніне қарамастан ол қыздар үшін мектептердің жабылып жатқаны, әйелдердің әдемі киінуіне тыйым салынғаны туралы блог жазған. Екі жыл бұрын 14 жастағы Малалағы Талибан шабуыл жасап, қатты жаралаған. Қазір Ұлыбританияда тұратын жас белсендіге бұған дейін Сахаров сыйлығы табыс етілген.

Назарларыңызға былтыр Малала Юсуфзайдың Азаттықтың Пәкістан қызметіне берген сұхбатын қайыра ұсынамыз:

Малаланың сұхбаты
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:34 0:00

XS
SM
MD
LG