Accessibility links

Қазақстанда дін қатты шектелген деп бағаланды


Университет ұстазы хиджаб киген студент қызды оқу ғимаратына кіргізбей тұр. Атырау, 12 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Университет ұстазы хиджаб киген студент қызды оқу ғимаратына кіргізбей тұр. Атырау, 12 қараша 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Pew Research Center ұйымы жариялаған жаңа есепте дінге байланысты әлеуметтік араздық деңгейі тым жоғары елдер қатары алты жылда тым көбейіп кеткен деп көрсетілген. Қазақстандағы ахуал да сынға ілікті.

Вашингтондағы (АҚШ) Pew Research Center зерттеу ұйымы осы аптада әлемдегі діни шектеулерге қатысты бесінші есебін жариялады. Есепте келтірілген деректерге қарағанда, 2012 жылы әлемнің шамамен әрбір үшінші елінде (29 пайыз) мемлекет дін саласын көп немесе тым көп шектеген. 2011 жылы бұл көрсеткіш – 28 пайыз, ал 2007 жылдың ортасында 20 пайыз болған.

Есепте «Кейбір зерттелген елде (мысалы, Қытайда) халық саны өте көп болғандықтан, 5,3 миллиард адам (әлем халқының 76 пайызы) дін саласына көп немесе тым көп шектеу салынған елдерде тұрады» деп көрсетілген.

Қазақстан 2012 жылы дін еркіндігі құқығы тым көп шектелген бес елдің бірі ретінде аталады.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШЕКТЕУДІҢ ӨСУІ

Мемлекет тарапынан шектеу индексі өте жоғары елдер саны 2011 жылғы 20 елден 2012 жылы 24 елге дейін көбейіп, 20 пайызға өскен. 2012 жылы бес елде (Әзербайжан, Тәжікстан, Марокко, Ирак және Қазақстанда) бұл көрсеткіш тым Айт намазын оқып тұрған мұсылмандар. Алматы, 15 қазан 2013 жыл.

Айт намазын оқып тұрған мұсылмандар. Алматы, 15 қазан 2013 жыл.

жоғары болған. Ал 2011 жылдың рейтингісінде бұл мемлекеттер ең нашар елдер қатарына кірмеген.

Есептегі деректерге сәйкес, Қазақстандағы шектеу деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда, 1,0-ден 1,9 пунктке дейін өскен. Ирак, Тувалу, Тәжікстан, Австрия, Түркия және тағы жеті елде осындай өсім байқалған.

Дін туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін Қазақстандағы сенім еркіндігіне қатысты ахуал нашарлап кетті. Заң қабылданған соң тіркеуден өткен діни бірлестіктер саны 2012 жылы күрт қысқарып, тіркеуден өтпеген бірлестіктердің қызметі заңсыз деп жарияланды. Азаттық бұл проблема жайында талай мақала жариялаған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, «билік діни бірлестіктер мен олардың өкілдеріне қысым көрсету, айыппұл салу, полиция рейдтерін жүргізу, қамау сияқты толып жатқан санкция қолданады».

ҚЫТАЙДАН ФРАНЦИЯҒА ДЕЙІНГІ АХУАЛ

Ұйым жариялаған есепте дін саласындағы шектеу мен қысым туралы кейбір мысалдар келтірілген.

Мысалы, 2012 жылдың қараша айында Қытайда ұлты қытай азамат Хэнань провинциясында тұратын ұлты ұйғыр мұсылман бойжеткенге тиісіп, оның Қытайдағы ұйғыр әйелдері ұлтаралық қақтығыс кезінде. Үрімжі, 14 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытайдағы ұйғыр әйелдері ұлтаралық қақтығыс кезінде. Үрімжі, 14 шілде 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

жамылғысын жұлып алған. Жүздеген ұйғырдың бұл әрекетке қарсы наразылық акциясы қақтығысқа ұласқан. Жаңа мешіт тұрғызып жатқан хуэй мұсылмандарына Тибеттің буддист монахтарының шабуылынан кейін – 2012 жылдың қазанында Ганьсу провинциясында басталған діни қақтығыс та зорлық-зомбылыққа ұласқан.

Молдова астанасы Кишиневте мұсылман әйелді «террорист» деп кемсіткен екі ер адам оның басындағы жамылғысын жұлып алған.

2013 жылы «Әл-Шабаб» тобының Кенияның Найроби қаласындағы сауда орталығына жасаған шабуылы Pew Research Center есебінде «дінге байланысты өршіген терроризмнің бір бөлігі» деп аталған. Бұл шабуыл жайында ақпарат құралдары көп жазған.

2012 жылдың мамыр айында Кенияда бір топ мұсылманнан құрылған банда ислам дінінен христиан дініне өткен адамның халін білуге келген екі пасторды Найробидегі сауда орталығындағы оқиға кезінде. Кения, 23 қыркүйек 2013 жыл.

Найробидегі сауда орталығындағы оқиға кезінде. Кения, 23 қыркүйек 2013 жыл.

өлтірді. 2012 жылдың шілде және қараша айларында жарылғыш және атыс қаруымен қаруланған содырлар Кения-Сомали шекарасы түбіндегі шіркеуге шабуыл жасап, 10 адамды өлтіріп, 50-ден аса адамды жарақаттады.

2012 жылдың наурызында Францияның Тулуза қаласында ислам экстремисі раввин мен еврей мектебінде оқитын үш еврей баласын өлтірді.

2012 жылдың тамызында АҚШ-тың Висконсин штатында сикх ғибадатханасында болған атыста діншілдердің алтауы қаза тауып, үшеуі жараланған.

Pew Research Center ұйымы есебінде 198 ел мен аумаққа 10 критерий бойынша баға берілген. Бұл критерийлер «мемлекеттік шектеулер индексі» мен «әлеуметтік араздық индексі» деген екі топқа жіктелген. Бірінші топ критерийлері бойынша мемлекеттің дін туралы заңдары, белгілі бір қауымның қызметіне тыйым салу немесе артықшылық беру, дін ұстану еркіндігін шектеуге тырысу сияқты саясаты мен қимыл-әрекеті бағаланады. Ал екінші топ – жекелеген тұлға, ұйым немесе топтар тарапынан діни алауыздық сипатындағы қарулы қақтығыстар немесе террористік әрекеттер ұйымдастыру, діни сеніміне байланысты қудалау немесе қысым көрсету.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG