Accessibility links

Солтүстік Кавказда Царнаевтарды ақтаушылар көп


Джохар Царнаевтың теледидардан көрсетіліп жатқан суреті. АҚШ, Бостон, 23 сәуір 2013 жыл.

Джохар Царнаевтың теледидардан көрсетіліп жатқан суреті. АҚШ, Бостон, 23 сәуір 2013 жыл.

Солтүстік Кавказ тұрғындары жерлестері Царнаевтардың Бостондағы жарылысқа қатысы бар дегенге күдікпен қарайды. Жергілікті халық «ол екеуі АҚШ басшылығының қалауымен жазықты болған» деседі.

АҚШ басшылығы Джохар мен Тамерлан Царнаевтардың 15 сәуірдегі 3 адамды мерт етіп, 260 адамды жарақаттаған жарылысты ұйымдастырғанын дәлелдейтін «бұлтартпас айғақтарды келтіріп отырмыз» дейді.

Бірақ Солтүстік Кавказдың кейбір тұрғындары ағайынды Царнаевтарды қолдап, америкалық тергеушілердің айтқандарына күмән келтірді.

«ЭКСТРЕМИСКЕ ҰҚСАМАЙДЫ»

Царнаевтардың ағайын-туыстары тұратын, олар өздері де аз уақыт өмір сүрген Дағыстан халқы ағайындыларға тағылған айыптарға сенбейді.

Құрылыс саласында жұмыс істейтін, өзін Багауддин деп таныстырған 34 жастағы жігіт Азаттыққа берген сұхбатында:

– Шынымды айтсам, бұған сенбеймін. Жаңалықтардан көргенім бойынша, күдіктілердің бірі мектепте оқыған. Олар экстремистке ұқсамайды, – деді.
Бостондағы жарылысқа күдікті делінген Джохар (сол жақта) және Тамерлан Царнаевтар. 18 сәуір 2013 жыл. (FBI сайтынан алынған сурет)

Бостондағы жарылысқа күдікті делінген Джохар (сол жақта) және Тамерлан Царнаевтар. 18 сәуір 2013 жыл. (FBI сайтынан алынған сурет)


26 жастағы Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде қаза тапқан.
Оның 19 жастағы інісі Джохар кейінірек ұзақ қуғыннан кейін Бостон қаласында қолға түсті, қазір мойнына оқ тиіп, ауруханада жатыр. Содан бері оған «жарылысты ұйымдастыруға қатысты» деген айып тағылған. Айыбы дәлелденсе, ол өлім жазасына кесілуі мүмкін.

«ЖАҚСЫ ЖІГІТТЕР»

Ағайындылардың Махачкалада тұратын әкесі ұлдарының жазықсыз екенін, Федералдық тергеу бюросы (FBI) айыпты өтірік ұйымдастырып, оларды кінәлі етіп шығарғанын айтты. Кейбір жергілікті тұрғындар да осы пікірді қолдайды.
Джохар және Тамерлан Царнаевтардың әкесі Анзор Царнаев. Махачкала, 19 сәуір 2013 жыл.

Джохар және Тамерлан Царнаевтардың әкесі Анзор Царнаев. Махачкала, 19 сәуір 2013 жыл.


– Әрине, Бостонда болған – өте қайғылы оқиға. Бірақ оны Дағыстанның тұрғындарымен байланыстырғаны жаныма батады. Бірақ олар мұны өздері істеді ме, әлде бұл қолдан ұйымдастырылды ма, ол жағын айта алмаймын – себебі менде толық ақпарат жоқ, – дейді дағыстандық 26 жастағы азамат Магамед Магамедов.

Біз әңгімеге тартқан тағы бір кісі де ағайынды Царнаевтар «жақсы жігіттер» екендерін айтты.

Дағыстанмен көршілес Шешенстанда да Джохар Царнаевты қолдаушылар наразылық білдіріп жатыр. Ғимараттардың сыртында ілініп тұрған плакаттарда оның жазықсыз айыпталып отырғаны айтылады. Бір плакатта «Бекем бол, бауырым!» деп жазылған.

«Джохар Царнаевтың еш кінәсі жоқ» деп жазылған екінші бір плакатта онлайн арызға сілтеме көрсетілген. «Президент Обама бұл арызды оқып, осы жайтты мұқият тексертеді, Джохардың ісінде қателікке ұрынбайды деп үміттенеміз» деп жазылған бұл плакатта.

«В контакте» әлеуметтік желісіндегі Царнаевтарды қолдау тобына 3 мыңнан астам адам мүше болып кірген.
Журналистер Джохар және Тамерлан Царнаевтардың анасы Зубейдат Царнаевамен сөйлесіп келеді. Махачкала, 23 сәуір 2013 жыл.

Журналистер Джохар және Тамерлан Царнаевтардың анасы Зубейдат Царнаевамен сөйлесіп келеді. Махачкала, 23 сәуір 2013 жыл.


Бұдан бұрын ағайынды Царнаевтардың Солтүстік Кавказдағы исламшыл содырлармен байланыстары бар деп хабарланған еді. Бірақ 21 сәуір күні Шешенстандағы «Имарат Кавказ» («Кавказ әмірлігі») исламшыл қарулы тобы Бостон жарылысына қатысы жоқ екенін айтты. Олар керісінше «бұл қантөгіске Ресей құпия қызметі араласқан болуы мүмкін» деген болжам айтқан.

Сәуірдің 25-і күні АҚШ Федералды тергеу бюросының (FBI) аты-жөнін атамаған қызметкері Орталық барлау басқармасының (CIA) Тамерлан Царнаевті Бостондағы жарылыс болардан 18 ай бұрын террористер тізіміне қосып қойғанын хабарлады.

FBI қызметкері 26 жастағы Тамерлан Царнаевқа қатысты тергеу бұрын да жүргізілгенін, бірақ одан ешқандай қауіп-қатер байқалмағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, ЦРУ 2011 жылы қыркүйекте ресейлік арнайы қызмет өкілдері хабарласып, Царнаевтан күдіктенетіндерін хабарлаған соң оны тізімдеріне қосқан.

Бұл ақпарат "АҚШ арнайы қызметі Царнаевтың күдікті адам екенін біле тұра неге оны бақылауға алмады?" деген сұрақ туындатып отыр.

Ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар 15 сәуірде Бостонда болған жарылысты ұйымдастырды деген күдікке ілінген еді. Тамерлан Царнаев полициямен атыста қайтыс болды. Ал Джохар Царнаев қазір қамауда отыр.

Мақаланы Мұхтар Екей аударды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG