Accessibility links

Татарстан енді сөзі бар әнұран айтады


Қазан Кремліндегі концерт. (Көрнекі сурет)

Қазан Кремліндегі концерт. (Көрнекі сурет)

Татарстан арнайы комиссия тағайындап, қоғамдық сайыс жариялаудың арқасында сөзі бар әнұранға ие болмақ. Комиссия мүшелері ең ауыр міндет екі ресми тіл – татар мен орыс тілдерінің теңдігін сақтау болғанын айтады.

Ресей федерациясы құрамындағы Татарстан республикасының жеке әнұраны 20 жылдан бері бар, бірақ ол әнұран тек әуеннен тұратын.

– Әнұранды естіген сайын оны сөзімен бірге шырқағысы келетін адамдарды көремін, – дейді гимнді қайта қарау үшін тағайындалған комиссияның жетекшісі Римма Ратникова.

«ГИМНІҢ СӨЗІ – СССР КЕЗІНДЕГІ МӘТІННІҢ ӨЗГЕРТІЛГЕН НҰСҚАСЫ»

1991 жылы Совет Одағы тараған соң Ресейдің құрамындағы бірнеше республика ұлттық ерекшелігін байқататын жеке әнұрандарын іздеді. Бірақ кең тараған саяси жікшілдік идеясы мен Ресейдің одан әрі ыдырап кетуінен қорыққан татар саясаткерлері тәуекелге бел бумады.

Сөйтіп 1993 жылы дүние салған татар композиторы Рүстем Яхинның «Менің отаным» әні әнұран ретінде қабылданды.



Бұл ән 1990 жылы Татар АССР-інің 50 жылдығына арналған конкурста жеңіп шыққан еді. Совет Одағы ыдырамай тұрған кезде ол жарыс құпия өткізілді. Әнұранның сөзі екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, 1989 жылы көз жұмған Рамазан Байтеміровтің Татарстанға арнаған мына өлеңінен алынды:

Көп жол жүріп, әлемді көрдім,
Назды жел бетімді сипады.
Саған қайтқанда, туған жерім,
Көкірегіме шаттық сыймады.

Рамазан Байтеміровтің "Туған жерім" өлеңінің мәтіні.

Рамазан Байтеміровтің "Туған жерім" өлеңінің мәтіні.

Сенен бір күн алыстасам,
Жетім баланың күйін кешемін.
Тек сен ғана сұлулығы,
Шамшырағысың бар дүниенің.

Бірақ 1990 жылдардың басында Байтеміровтің өлеңін татар саясаткерлері мен зиялылары жаратпай, «есте жақсы сақталмайды» деп уәж айтты.

– Ол қиын кезең болатын. Сол тұста Татарстандағы сарай ақындарының біразы жаңа мәтін жазып, ақша табуды көздеді. Олардың кеңесімен татар басшылығы «мәселені кейін, заман тынышталғанда шеше жатармыз» деп жылы жауып қойды, – дейді Азаттық радиосы Татар-Башқұрт қызметінің директоры Рим Гилфанов.

«ТАТАР ТІЛІНЕ ҚАУІП БАР»

2012 жылы татар парламенті әнұранның сөзін тез арада даярлау үшін Ратникова бастаған комиссияны құрды. Комиссия құрамында әдебиет және музыка саласының профессорлары, парламент депутаттары болды. Комиссияға татар және орыс тілінде жазылған 200 мәтін келді. Комиссия мүшелері ақыры Рамазан Байтеміровтің өлеңінің сәл өзгертілген нұсқасын таңдап алды.

Комиссия үшін ең қиын міндет республикадағы ресми тіл саналатын татар және орыс тілдерінің арасындағы теңдікті сақтап қалу болды. Татарстанда 1980 жылдардан бастап татар тілінде сөйлейтін халық саны артқанмен, ол елде орыс тілі әлі де кеңінен қолданылады. Сондықтан татар ұлтшылдары «ана тілімізге қауіп төніп тұр» деп дабыл қағады.

2012 жылдың соңында Ресей президенті Владимир Путин орыс тілінде білім алуға кепілдік беретін даулы заңға қол қойды. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енген жаңа заң ата-аналарға баласын мектепте өзі қалаған тілде оқытуға мүмкіндік береді. Татарстанның жарты халқын құрайтын этникалық орыстар 2012 жылы орыс мектебінде татар тілін міндеттеп оқытуға қарсы шықты.

Елдің осы ерекшелігін ескерген комиссия «әнұранның екі шумағы орыс тілінде, ал Гимнге мәтін таңдаған комиссия мүшелері. Татарстан, 11 қыркүйек 2012 жыл.

Гимнге мәтін таңдаған комиссия мүшелері. Татарстан, 11 қыркүйек 2012 жыл.

екеуі татар тілінде болады, алдымен татар тіліндегі бөлігі айтылады» деп шешті.

– Біз татар тіліндегі шумақтарды Татарстанда тұратын ұлты татар емес халықтардың бәрі айтқанын жөн көреміз, – деді комиссия басшысы Римма Ратникова.

83 федералдық бөліктен құралған Ресей федерациясында байырғы этникалық тұрғындар негізін қалайтын 23 республика бар.

Жеке тілі мен конституциясы бар ол республикалардың әнұранға деген көзқарасы әртүрлі. Татарстанның көршісі Башқұртстанда мәтіні бар әнұран баяғыда қабылданған. Онда әуелі гимннің башқұрт тіліндегі бөлігі айтылады.

Дағыстанның ресми әнұраны жоқ, бірақ авар тілінен орыс тіліне аударылған танымал әуен әнұран есебінде айтылады.

Шешенстанда республикалық әнұранның сөзі мен әуенін қазіргі президент Рамзан Қадыровтың әкесі, 2004 жылы қаза тапқан Ахмет Қадыров жазған. Бірақ ол әнұран ресми шараларда орындалған емес, оның орнына Ресейдің әнұранын ойнатқанды жөн көреді.

2013 жылғы студенттердің спорт сайысы – Жазғы универсиада Татарстанда өтетінін еске салған Римма Ратникова әнұран мәтінін бекітуді жөн көреді.

– Халықаралық спорт сайысы кезінде біздің әнұранды тыңдаған әсерлі болар, – дейді ол.

Татар парламенті Татарстан Республикасының әнұранын бекіту мәселесін ақпанның 21-і күні өтетін сессияда қарайды.

Мақала Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Алсу Құрмашеваның материалы негізінде жазылды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG