Accessibility links

Сауд Арабиясы шетелдік қыздың басын шапты


Сауд Арабиясынан қайтып келген қызметші әйел (сол жақта) ол елдегі қожайыны денесіне шеге қағып азаптағанын айтады. Шри-Ланка, 25 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Сауд Арабиясынан қайтып келген қызметші әйел (сол жақта) ол елдегі қожайыны денесіне шеге қағып азаптағанын айтады. Шри-Ланка, 25 тамыз 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Daily Telegraph басылымы қаңтар айының 10-ы күні Сауд Арабиясында өлім жазасына кесілген шри-ланкалық бала бағушы жайында мақала басты. Шри-Ланкадағы белсенділер осы іске орай өз үкіметін де айыптайды.

«Сауд Арабиясының үкіметі шри-ланкалық қызметкердің басын кесіп жазалау кезінде халықаралық ұйымдардың қарсылығын тыңдаған жоқ. Қызметші қызға «жас сәбиді тұншықтырып өлтірді» деген айып тағылған. Алайда қыз ол кезде 17-ақ жаста болатын» деп жазады Daily Telegraph («Дэйли телеграф»).

Басылымның жазуынша, үкім Сауд Арабиясының ішкі істер министрлігі сот шешімін бекіткен соң іле-шала – бір сағаттың ішінде Эр-Риядтың жанындағы Дауадми қаласының түрмесінде орындалған.

АЙЫП

Мақала авторының зерттеуінше, Сауд Арабиясына Шри-Ланкадан барған Ризана Нафик есімді бала бағушы қызметші қыз «өзі қарап жүрген төрт жасар сәбиді оның анасымен ұрсысып қалған соң, тұншықтырып өлтіргені үшін» 2007 жылы өлім жазасына кесілген. Ол кезде 17 жастағы Нафик «жас сәби шөлмектен тамақтанып отырғанда қақалып өлді» деген уәж айтқан.

Шри-Ланка үкіметі Нафикке байланысты үкімге қарсылық білдірген. Бірақ 2010 жылы Сауд Арабиясының жоғарғы соты алдыңғы үкімді күшінде қалдырды. Халықаралық ұйымдар қылмыскерге рақымшылық жасау туралы өтініш жасағанымен, ішкі істер министрі бұрынғы үкімді бұзған жоқ.

Автордың пайымдауынша, Сауд Арабиясы ішкі істер министрінің үкім туралы мәлімдемесі Нафикке қолдау көрсеткен адамдарға ауыр тиген. Қолдаушылар «Шри-Ланка үкіметі әлі де болса құн төлеу арқылы жазаны жеңілдету үшін Саудия үкіметімен келіссөз жүргізетін болар» деп үміттеніп жүрген еді.

«АДВОКАТ ЖАЛДАУ МҮМКІНДІГІ БОЛМАҒАН»

Автордың дерегінше, Нафикті құтқару кампаниясын дүниежүзілік деңгейде ұйымдастырған – негізін ағылшын белсендісі Крис Кроустаф қалаған, британиялық әйелдердің қауіпсіздігі үшін күресетін халықаралық ұйымның мүшелері. Олар «Саудия үкіметі осы үкімді орындау арқылы балалар құқығын бұзады» дейді.

– Сауд Арабиясы Ризана Нафиктің жас бала екенін біле тұра оның басын кесті.
Сауд Арабиясының патшасы Абдулла. Мекке, 14 тамыз 2012 жыл.
Сауд Арабиясының патшасы Абдулла. Мекке, 14 тамыз 2012 жыл.
Бірақ барлық тергеу амалдары кезінде Нафиктің адвокат жалдауға мүмкіндігі болмаған, – дейді ұйымның Джоан Мишель есімді сарапшысы.

Басылымның жазуынша, Нафик өзі түсінбейтін араб тілінде жазылған баланы өлтіргені жайлы мойындау хатына қол қойған соң, айыпты деп табылған. Бірақ ол кейіннен «айыпты емеспін» деп мәлімдеді.

Шри-Ланка президенті Махинда Раджапакса Нафикке кесілген үкімнің шапшаң орындалғанын айыптады. Бұдан соң Коломбодағы Шри-Ланка парламенті оны еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.

Daily Telegraph «Шри-Ланка үкіметінің дипломаттары үкім орындалған күнге дейін жазаны жеңілдету туралы келіссөздерді жанталаса жүргізіп жатты» деп жазады.

«Президент Раджапасканың өзі үкім кесілген күні екі мәселе бойынша бірден хабарласты. Осыдан бірнеше күн бұрын үкімді тоқтатып, рақымшылық сұрау үшін тағы да өзі хабарласты» деп мәлімдеген еді Шри-Ланка үкіметі.

Мақалада Нафикті құтқару кампаниясына Human Rights Watch ұйымының да араласқаны жазылған.

«Ризана Нафикті өлтіру арқылы Саудия билігі негізгі адам құқықтарына мән бермейтінін көрсетті. Сонымен қатар, Сауд Арабиясы халықаралық міндеттерін де орындамай отыр» деді әйелдер құқығын қорғаушы Ниша Вария есімді маман.

«ШАРИҒАТҚА ЖҮГІНУ»

Бірақ Шри-Ланкадағы белсенділер «Бұл іске біздің үкімет те кінәлі. Себебі олар Нафиктің өмірін сақтап қалу үшін Саудия билігіне жеткілікті дәрежеде қысым көрсете алған жоқ» дейді.

«Шри-Ланка тұрғындары бұл күнді біз үшін абыройсыз күн деп тануы тиіс.
Шри-Ланка президенті Махинда Раджапакса. Коломбо, 27 қаңтар 2010 жыл.
Шри-Ланка президенті Махинда Раджапакса. Коломбо, 27 қаңтар 2010 жыл.
Ризанаға тағылған «кісі өлтірді» деген айыптың қате екеніне ешқандай дау жоқ. Сауд Арабиясының қылмысты зерттеу кезіндегі амалдары әлемдік нормаларға сәйкес келмейді» дейді Human Rights Watch ұйымының өкілі.

Былтыр Сауд Арабиясына мыңдаған үй күтуші қызметкерлер жіберіп отырған Индонезия осыған ұқсас қылмыс жасаған азаматын өлім жазасынан алып қалу үшін жапа шеккен саудиялық отбасына 534 мың доллар құн төлеген. Сауд Арабиясы былтыр 76 адамның басын «ислам шариғаты бойынша» кескен.

Сауд Арабиясында қатігездік күшейіп, сырттан барған үй қызметшілерін түрмеге қамау және азаптау фактілері көбейген соң, Индонезия мен Филиппин сияқты елдерде осы мәселеге орай қоғамдық қарсылықтар күшейген. Соған байланысты бұл елдер Сауд Арабиясына жұмыс іздеп баратын адам санын шектей бастады.
XS
SM
MD
LG