Accessibility links

АҚШ одақтастарын Ауғанстанға көмек беруге шақырды


АҚШ-ң Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джеймс Джонс (сол жақта) жәнде Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Қауіпсіздік конференциясында. Мюнхен, 8 ақпан, 2009 жыл.

АҚШ-ң Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джеймс Джонс (сол жақта) жәнде Ауғанстан президенті Хамид Қарзай Қауіпсіздік конференциясында. Мюнхен, 8 ақпан, 2009 жыл.

АҚШ-тың жаңа әкімшілігі Ауғанстанда алға қойған мақсаттарына қол жеткізетіндіктерін айтып, ол үшін халықаралық қауымдастықты көмекке шақырды. Ауған президенті Хамид Қарзай болса талибандармен бітімге келу қажет деді.

АҚШ президенті Барак Обама Американың Ауғанстандағы мақсат-мүдделерін азайта бастағандай.

Мюнхенде сенбі-жексенбіде өткен жоғарғы деңгейдегі халықаралық қауіпсіздік конференциясы барысында АҚШ ресмилері Ауғанстандағы табысқа жеткізетін мақсаттарымен шұғылданатындары туралы айтып, елдің тұрақтылығы жолындағы өздерінің мақсат-мұраттарын шектеп сөйледі. Ондағы екпін Ауғанстан өзінің алдағы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ете алады дегенге сайды. Өйткені АҚШ ресмилері Ауғанстанда демократияны дамыту мен заңдардың орындалуы туралы көп ештеңе айтпады.

Вице-президент Джо Байден Ауғанстанда АҚШ-тың үлкен алаңдаушылығын тудырып отырған мәселе - бұл аймақтың терористерге қауіпсіз мекен болуына жол бермеу деді:

“Құрама Штаттар Ауғанстан террористердің мекені болмау үшін тұрақтылық жолындағы жұмысын жалғастыра береді.”

Және Байден сондай-ақ Пәкістанға қайрылмай Ауғанстанда ешбір стратегия жүзеге аспайтынын айтты.

Екі елдің арасындағы бақылаусыз тау бөктерлері талибан бүлікшілерінің қолында әрі әл-Қаида содырларының мекені болып отыр деді ол.

АҚШ вице-президенті бұл тұрғыда халықаралық қауымдастықты Пәкістанның тайпалы аймағын тұрақтандыруға көмектесуге шақырып, бұл елдің де экономикасын тұрақтандыру қажет деп айтты.

Ауғанстан мен Пәкістанның пуштун бүлікшілерімен қиындықтары бар деген Байден әлемнің ірі күрделі мәселелері бойынша шешім жасаушыларына бұл қауіп тек Құрама Штаттарға ғана төніп тұрған жоқ, осы жерге жиналған әрбір адамға төнген қауіп-қатер деді.

Және де вице-президент Байден АҚШ өзінің келісім жүргізуші байланыстарынан ұзақ мерзімді әріптестікке қарай ойысады деп айтты.

Байденнің сөзіне қарағанда, президент Барак Обама ашық та нақты мақсаттарға жету үшін Ауғанстан мен Пәкістандағы АҚШ саясатын стратегиялық тұрғыда қайта қарауға нұсқау берген.

Бұл ұстанымды Обаманың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джеймс Джоунс жексенбі күні Мюнхендегі конференцияда тағы қайталады.

НАТО-ның бұрынғы әскери қолбасшысы Джоунстың айтуынша, Барак Обама өзінің Ауғанстан мен Пәкістандағы арнайы өкілі етіп Ричард Холбрукты тағайындау арқылы бұл аймақтағы проблемаға шешімді жолмен келетін болады:

“Бәлкім, біз Ауғанстандағы проблемалар бір елдің шеңберінде ғана емес екенін уақыт өте келе түсінген шығармыз. Бұл аймақтық проблема. Менің пікірімше, стратегиялық тұрғыдан жүзеге асыруға келгенде бұл мәселені барлық аймақ болып қарау өте маңызды болып отыр”.

Байден мен Джоунстың айтуларына қарағанда, Құрама Штаттар өзінің НАТО бастаған халықаралық бітімгершілік күштердегі одақтастарынан ақыл-кеңес пен қатар қолдау іздейтін болады.

АҚШ Ауғанстанға өзінің 30 мың қосымша әскерін алдағы екі жылда әкеліп, өзіне үлкен әскери салмақты алады делініп отыр. Ал НАТО-ның кейбір еуропалық одақтастары Мюнхен конференциясында ешқандай міндеттеме алмады.

Вашингтон Еуропа Одағы мен БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың Ауғанстанның дамуында қажетті жағдайда көбірек үйлестіру рөл атқарғанын қалайды.

Мюнхен конференциясында сөз алған Ауған президенті Хамид Қарзай Құрама Штаттар мен халықаралық қауымдастықтың басқа да елдерін өзінің талибандармен бітім жасау туралы әрекетін қолдауға шақырды:

“Ауғанстанда дәл қазір достық қарым-қатынас құрусыз біз діттеген мақсаттарға жете алатын басқа еш жол жоқ”

Оның айтуына қарағанда, әл-Қаидамен немесе террористермен байланысы жоқ барлық талибандар Ауғанстанға қайтып келе алады әрі алдағы тамыз айында өтетін президенттік сайлауға қатыса алады, жалпы айтқанда қалыпты өмір сүрсе болады деді Ауған президенті.

Ал Ауғанстан мен Ирақтағы АҚШ күштерінің қолбасшысы Дэвид Петреус мұндай бітімге келу жағдайлары өте абай әрі толық Ауған конституциясы негізінде жасалуы керек деді.

НАТО ресмилерінің айтуынша, Қарзай одақпен өз үкіметі арасында жаңадан жан-жақты келісім жасағысы келеді.
XS
SM
MD
LG