Accessibility links

Тәжікстанда антитеррорлық операция жүріп жатыр


Тәжік-ауған шекарасындағы әскерлер. (Көрнекі сурет)

Тәжік-ауған шекарасындағы әскерлер. (Көрнекі сурет)

Тәжікстанның шекара әскері 5 наурызда Ауғанстан жақтан өтіп келген қарулы топпен соғысып жатыр.

Тәжікстан шекара әскері баспасөз қызметінің басшысы Мұхаммад Улугходжаевтың дерегінше, елдің шекарашылары Пяндж өзені бойындағы аумақты қарулы топтан тазартып жатыр.

Улугходжаев террорлық топтың Фасхиддин валади Курбон есімді бір мүшесі ғана қаза тапқанын, екі-үш содыр тұтқынға алынғанын айтты. Ол Тәжікстанның төрт шекарашысы қаза тапты деген сыбысты жоққа шығарды. Оның айтуынша, қақтығыс кезінде прапорщик Сухроб Сафалов қана опат болған.

Ауғанстандағы жергілікті биліктің дерегі бойынша, наурыздың 5-і күні Тәжікстан шекарашыларымен Пяндж шекара отряды ауданында атысқан қарулы топ Талибан экстремистік тобына тиесілі.

Имам-Сахиб уезі әкімшілігінің төрағасы Амонуддин Қурайши Азаттықтың Тәжік қызметіне наурыздың 6-сы күні берген сұхбатында бұл қарулы топтың Талибан қозғалысына кіретінін, Тәжікстан билігі 9 әскер құралған топтың жетекшісі деп атаған Мирафзал валади Абробтың бұрын контрабандист болғанын, кейін тәліптерге қосылғанын айтты.

Қурайши Имам-Сахиб уезі маңындағы Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасын Талибан қозғалысының әскерилері бақылайды дейді. Оның айтуынша, қазіргі кезде экстремистік қозғалыс Кундуз провинциясының Имам-Сахиб уезінің 30 пайызға жуығын иеленген.

Сенбі күні кешке Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскері бас басқармасының қоғаммен байланыс орталығы таңғы 9.30-да Тәжікстан мемлекеттік шекарасында режимді қамтамасыз ету кезінде Пяндж шекаралық бекеті аумағында ел шекарашылары мен офицерлері 9 адамнан құралған қарулы топтың мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болғанын байқап, тойтарыс берген деп мәлімдеді. Оларды Ауғанстан азаматы Мирафзал валади Аброб Шерафзал басқарған.

Бұл топқа шабуыл жасау кезінде топтың бір мүшесі өлген, тағы бір мүшесі жараланған. Контрабандашылармен қарулы қақтығыс кезінде Тәжікстанның әскери қызметкері - прапорщик Сухроб Сафалов ауыр жарақаттан көз жұмған.

Тәжікстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара әскері бас басқармасының хабарламасында қазір терроршылар тобын ұстау және көзін құрту бойынша операция жалғасып жатқаны айтылған. Басқарманың қоғаммен байланыс орталығы «қылмысқа қатысы бар адамдар анықталды, оларға қатысты Тәжікстан заңнамасына сай қатаң шара қолданады» деп мәлімдеді.

Азаттықтың Тәжік қызметінің мақаласын орысшадан аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG