Accessibility links

Кремль мен Ақ үйдің ақпараттық соғысы


АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин. Солтүстік Ирландия, 17 маусым 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама мен Ресей президенті Владимир Путин. Солтүстік Ирландия, 17 маусым 2013 жыл.

Путин мен Обаманың телефон сұхбаттары ондаған жылдардан кейін ғана жарияланады. Әзірге Ақ үй мен Кремль таратқан қасаң мәліметтерге қарап, екі тараптың ақпараттық соғысы қызып тұрғанын байқау қиын емес.

Қазір Ақ үй таратқан ақпарат АҚШ президенті Барак Обаманың Қырымдағы әрекеттері үшін Ресей президенті Владимир Путинді сынағанынан басталады: «Президент Обама Ресейдің Украина конституциясын бұза отырып, әскери басқыншылық жағдайында өткізген Қырымдағы «референдумын» АҚШ пен әлемдік қауымдастық ешқашан мойындамайтынын айтты».

Ал Кремль таратқан ақпарат президент Путиннің Киевтегі оқиғаларды сынаған пікірінен басталады: «Путин Киевтегі қазіргі биліктің елдегі жағдайды тұрақсыздандырып, орыс тілділер мен Ресей азаматтарымен қоса, қарапайым халықты үрейлендіріп отырған әсіреұлтшыл және радикал топтарды сабасына түсіруге қауқарсыздық танытқанына назар аудартты».

Екі тарап та ақпаратты өз пайымындағы әділетсіздік болып жатқан аймақтың атын атап, түсін түстеуден бастайды. Вашингтон үшін ол – Қырым. Батыс мемлекеттері басшыларының айтуынша, Мәскеу айналасы үш аптаның ішінде халықаралық құқық нормаларын бұза отырып, бұл аймақты өзіне қаратып алды.

Ресей үшін әділетсіздік ошағы – Киев пен Украинаның шығыс бөлігі. Ресми Мәскеудің пікірінше, бұл аймақта жаңа басшылықтың үнсіз қолдауының арқасында оңшыл топтар орыс тілді азшылық өкілдеріне қарсы террор жасап отыр.

РЕФЕРЕНДУМ

Ақ үй Қырымдағы наурыздың 16-сы күнгі референдумға жауап ретінде «санкция саламыз» деп мәлімдеді.

«Обама Ресейдің әрекеттері Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзғанын баса ескертті және Еуропадағы әріптестерімен бірлесіп, Ресейді Қырымдағы референдумда дауыс беретін адамдарды күтіп отырған комиссия мүшелері. Бақшасарай, 16 наурыз 2014 жыл.

Қырымдағы референдумда дауыс беретін адамдарды күтіп отырған комиссия мүшелері. Бақшасарай, 16 наурыз 2014 жыл.

жауапқа тарту үшін шаралар қолданатынын мәлімдеді» дейді АҚШ.

Ал Кремльдің көзқарасынша, референдум - «халықтың өз мәртебесін өзі айқындауының» мысалы.

«Референдум мәселесіне тоқталған Путин референдум өткізу туралы шешім халықаралық құқық нормаларына және БҰҰ жарғысына сай қабылданғанын, Косоводағы прецедентке сәйкес болғанын айтты. Референдум Қырым халқының өз көзқарасын еркін білдіруіне мүмкіндік беріп, олардың өз мәртебесін өзі айқындау құқығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды» дейді Ресей.

Батыс елдері «Қырымда Ресейге қосылу туралы референдум өтсе, Ресейге қарсы санкция жариялаймыз» деп ескертіп келген. «Дауыс бергендердің 95 пайызы Мәскеуді таңдады» деген хабар тарағаннан бір тәулік өтпей жатып Еуропа Одағы (ЕО) Украина мен Ресейдің 21 лауазымды басшысына санкция жариялады.

АҚШ - Ресейдің 7, Украинаның 4 азаматына санкция салды. Олардың арасында Ресей үкіметі төрағасының екі орынбасары, президенттің екі Қырымдағы референдум нәтижесіне қуанып жатқан жұрт. Севастополь, 17 наурыз 2014 жыл.

Қырымдағы референдум нәтижесіне қуанып жатқан жұрт. Севастополь, 17 наурыз 2014 жыл.

көмекшісі, Қырымдағы ресейшіл екі саясаткер және биліктен шеттетілген Украина президенті Виктор Янукович те бар.

1994 жылғы халықаралық келісім бойынша Украина ядролық қарудан бас тартып, оның аумақтық тұтастығына кепілдік берілген. Мұндай кепілдік берген елдердің қатарында Ресей де бар. Бірақ Ресей «АҚШ-тың 2008 жылы Косовоның тәуелсіздігін мойындауы аймақтардың бөлініп шығуына прецедент (үлгі) болды» деп Батысты сынап келеді.

Алайда бұл екі жағдайдың арасында қаншама айырмашылық бар екенін Азаттық бұған дейін талдап жазған еді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР

АҚШ президенті Барак Обама Ресейден зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін Қырымға халықаралық бақылаушылар жіберуге қолдау білдіруді сұрады.

Ал Ресей халықаралық бақылаушылар миссиясына күмәнмен қарайды. Кремль Обама мен Путин жағдайды бақылау үшін Украинаға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) бақылаушылар миссиясын жіберу мәселесін талқылағанын, Путиннің мырза бұл миссия жіберілген жағдайда бүкіл Украина аумағын қамтуы керек дегенін ескертеді.

Наурыз айының басында ресейшіл қарулы жасақтар 57 ел мүше болып отырған ЕҚЫҰ-ның әскери бақылаушыларын Қырымға кіргізбей қойды. Олар Украинаның оңтүстігі мен шығысындағы сепаратистік бағыттағы топтардың белсенді әрекеттеріне алаңдаған премьер-министр Арсений Яценюктің шақыруымен келген.

Путиннің бұл ұсынысқа мұндай «жауабы» Киевтегі үкіметті кекеткендей әсер қалдырды.

Жаңа үкімет билікке келгелі наразылық шаралары Украинаның оңтүстігі мен шығысында ғана болып жатыр. Елдің барлық аймақтарына бақылаушылар жіберуді ұсыну арқылы Путин бүкіл елде билік вакуумы қалыптасты дегенді емеурінмен білдірді.

ӘСКЕР

АҚШ Украина территориясында Ресей әскери күштерінің болуына наразылық білдірді.

«Президент Обама Ресей әскери күштері Украина аумағына қол сұғуын Қырымда ресейлік әскери көлікпен жүрген адам. Симферополь, 4 наурыз 2014 жыл.

Қырымда ресейлік әскери көлікпен жүрген адам. Симферополь, 4 наурыз 2014 жыл.

​ жалғастырып, Украинамен шекаралас аймақта кең ауқымды әскери жаттығуларды өткізе берсе, бұл шиеленісті дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік бермей, жағдайды одан сайын ушықтыратынын айтты» дейді Ақ үй.

Қырымда және ішкі Украинаның кем дегенде бір елді мекенінде ешқандай айырма белгілері жоқ униформа киген Ресей солдаттары жүр. Ресей бұл әскердің өзінікі екенін мойындамайды және мәлімдемелерінде бұл туралы ештеңе айтпайды.

Ресей орыс тілді тұрғындарды «террордан» қорғау үшін әскери әрекеттерге баруға мәжбүр болатынын айтады. Бірақ орыс тілді халыққа төнген қауіп туралы ешқандай дәлелі жоқ.

ПАРАЛИМПИАДА

Кремль таратқан ақпаратқа қарағанда, Сочидегі паралимпиада ойындарының жабылу салтанаты өткен наурыздың 16-сы күні өтті. Барак Обама Владимир Путинді «паралимпиада ойындарының сәтті аяқталуымен құттықтап, Путин мырза арқылы спортшыларға сәлем жолдаған».

АҚШ-тың хоккей командасының Ресей құрамасын ұтып, алтын медаль алғанына қарамастан, Ақ үй таратқан ақпаратта паралимпиада туралы ешқандай дерек жоқ.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG