Accessibility links

АҚШ ғалымы өзбек мақташыларының өмірін зерттеді


Мақта теріп жүрген балалар. Өзбекстан, 21 қазан 2012 жыл.

Мақта теріп жүрген балалар. Өзбекстан, 21 қазан 2012 жыл.

Құқық қорғаушы ұйымдар мен белсенділердің сынына ұшыраған Өзбекстандағы мақта фермерлерінің күнделікті өмірі жайлы ақпарат өте жұтаң. Бұл жағдай АҚШ ғалымының назарын да аударған.

Чикагодағы Солтүстік-шығыс Иллинойс университетінің қызметкері, мәдени антрополог Рассел Занка – осы мәселені тереңірек зерттеген маман.

«Мұсылман өзбек ауылындағы өмір: Коммунизмнен кейінгі мақта өндірісі» деп аталатын кітаптың авторы Занка «Америка дауысы» радиосына берген сұқбатында Өзбекстандағы фермерлер өмірінің ішкі проблемаларын суреттеді.

Нью Йорктің Куинс ауданында ержеткен Рассел Занка бұрынғы Совет одағын қызығып зерттеп, Бұхара еврейлерін біраз танып білген.

Антропологтың айтуынша, ол Орталық Азия жайында ақпараттың аздығын көрген соң осы аймақта этнографиялық зерттеулер жүргізгісі келген. Америкалық ғалым фермерлердің күнделікті өмірімен танысу үшін өзбек ауылына барып өмір сүрген.

«ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨТІМДІ БОЛСА ДА, МАҚТА ЕГЕДІ»

Өзбекстанның негізгі ауыл шаруашылық өнімі – мақта. Бұл ел мақта өндіру жөнінен халықаралық деңгейдегі зор маңызға ие. Өзбекстанның тауар экспорттаудан табатын негізгі валюта көзі де – мақта. Бұл елдегі халықтың 65 пайызы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Әрбір жұмыс күші мақта саудасына тәуелді. Бұл елдің ауыл шаруашылық жүйесінде жекеменшік егін алқаптары мен үлкен ауыл шаруашлық конгломераттары араласып кеткен.

Занканың айтуынша, өзбек фермерлерінің мүмкіндіктерін қатты шектеп тастаған.

– Мақта өсіретін фермерлер өздері өндіретін өнімді бақылай алмайды. Егін АҚШ антропологы Рассел Занка.

АҚШ антропологы Рассел Занка.

өсіруде, сапалы мақта алуда олар да басқа фермерлер сияқты мықты маман. Бірақ олардың жекеменшік жері жоқ. Олар өздері өндірген өнімге иелік ете алмайды, – дейді Занка.

Занканың зерттеуінше, өзбек халқы мақта өсіруге қарсы емес, бірақ олар үкіметтің әртүрлі егін түрлерін өсіруге мүмкіндік беруін аңсайды. Базарда жеміс-жидекке, көкөніске, дәнді дақылдарға сұраныс жоғары боп тұрcа да, фермерлер мақта өсіруге мәжбүр. Себебі үкімет халықаралық нарықтағы тауар – мақтадан көбірек ақша түсетінін жақсы біледі.

Бұрындары айтылатын «Мақта – тіршілік тірегі» деген көзқарас қазір ескірген. Кейінгі ұрпақ мақта алқабына бұрынғыдай жұмылып бармайды. Олар бұл жұмысты жек көреді.

Өзбекстанның басым бөлігінде фермерлер кедей тұрады. Тіпті олар жақсы өнім алған күннің өзінде де түскен пайданың өздеріне бұйыруы неғайбіл. Кейбір Мақта теріп жүрген адам. Өзбекстан, 12 қыркүйек 2012 жыл.

Мақта теріп жүрген адам. Өзбекстан, 12 қыркүйек 2012 жыл.

аудандар мақтадан жақсы өнім алса да, үкімет ол табысқа ауылдардың инфрақұрылымдарын жетілдіріп бермейді.

Қалыптасқан қазіргі жүйені өзгерту де тиімді емес. Занканың айтуынша, адамдар жүйенің іріп-шірігенін көріп отырса да, тығырықтан шығатын басқа жолды таба алмайды.

Өзбекстан үкіметі сынап-мінегенді ұнатпайды - сондықтан фермерлердің бірігіп, саяси ұйымға айналу мүмкіндігі аз. Элитаның арасында ескі жүйені реформалап, жаңалық ендіруге құштар саяси құлық та жоқ. Америкалық ғалымның ойынша, «адамдар қорқып қалған».

– Шенеуніктердің фермерлермен кездесуі – Советтер кезінен келе жатқан спектакльдің жалғасы. Жергілікті басшылар фермерлерге: «Ана жерге барып, қолдарыңды бұлғап тұрғандарың дұрыс болады. Қуанышты түр көрсетіп, үстеріңе жақсы киімдері киіп алыңдар» дейді. Бұл нағыз спектакльдің өзі ғой, – дейді антрополог ғалым.

«КАПИТАЛИЗМНІҢ ДӘМІН АҢСАУ»

Бұрындары кейбір азаматтық тұлғалар фермерлерді саяси ұйымға біріктіруге әрекет еткен. Оппозициялық «Азат шаруалар» партиясының жетекшісі Нигора Хидоятова 2005 жылы өздерінің негізгі мақсаты жерді жекешелендіру болғанын айтады.

– Өзбекстан ауыл шаруашылығына сүйенген ел болғандықтан ең бірінші жерді жекеменшікке беру мәселесін шешу керек. Бірақ либерализация, демократия, жариялылық орнықпай жекешелендіру іске аспайды, – деді Хидоятова Азаттық тілшісіне.

Одан бері сегіз жыл өтсе де, демократия Өзбекстанда орныққан жоқ. Нигора Хидоятова 2012 жылы Өзбекстаннан қашып кеткен соң: «Билік мені қорқытып, кейін тергеуге Мақта теріп жүрген бала. 2012 жылдың қазаны.

Мақта теріп жүрген бала. 2012 жылдың қазаны.

шақырды» деп мәлімдеді.

Ауылдық жерде реформа жасау үшін саясатпен айналысатын белсенді тұлғалар мен дамыған азаматтық қоғам керек. Бірақ Занканың айтуынша, белсенділер үшін ондай еркіндік Өзбекстанда жоқ.

– Меніңше, халықтың көбі істеріне үкімет араласып, өмірлерін реттеуге тырысқанын қалайды. Олар сонымен қатар осыған дейін басым көбіне бұйырмаған жеке кәсіптерін емін-еркін дамытып, капитализмнің дәмін тату үшін тәуелсіз болуды армандайды, – дейді ғалым.

Өзбекстандағы балалардың еңбегін қанау деген даулы мәселе қозғалғанда Занка егіс алқабында мақта теріп жүрген балаларды көргенін айтты.

– Балалар бір айға жуық мектепке бармайды. Бірақ олар, менің ойымша, жұмысқа жарты күнге шығарылады. Оларды ойнайтын мезгілде жұмысқа апарады. Балалар мақта теруге амалсыз барады, – дейді Занка.

«Мектептегі балаларды мақта алқабына еріксіз апаруы өте маңызды мәселе болғандықтан мен ол жайында ашып айтқым келіп отырған жоқ» дейді зерттеуші.
Өзбекстан техникаға арқа сүйегеннен гөрі қол күшіне негізделген бағытта дамып келеді.

– Меніңше, бұл проблеманы түбегейлі шешу үшін мақтаны қолмен теретін жеткілікті жұмыс күшін табу керек. Немесе мақта жинайтын комбайндарды керегінше сатып алу қажет. Үкімет сонда ғана адамдардың қол күшіне тәуелді болмайды. Бірақ 1990 жылдардың ортасынан бері қарай Өзбекстан техникаға арқа сүйегеннен гөрі қол күшіне негізделген бағытта дамып келеді, – дейді ол.

Адам құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдар «Өзбекстан балаларды жұмысқа салу үшін мектептерді уақытша жауып тастайды» деп, Өзбекстанды сынап келген.

Дәрігерлер, мұғалімдер және универститет студенттері де мақта терімі кезінде жұмысқа жегіледі. Кейбір мақта өнімдерінен киім тігетін халықаралық компаниялар балалар еңбегін қанауға байланысты Өзбекстан мақтасына байкот жариялаған.

Мақала Азат Еуропа/Азаттық радиосының тілшісі Люк Оллнаттың материалы негізінде жазылды.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG