Accessibility links

«Қытай алдағы он жылда экономикалық һәм валюталық үстемдікке ие болады»


АҚШ доллары мен Қытай юаны. (Көрнекі сурет)
АҚШ доллары мен Қытай юаны. (Көрнекі сурет)

Әлемдік экономикадағы ірі державалар үстемдіктерінің ауысу мерзімдеріне байланысты талдау жасаған Financial Times («Файнаншл Таймс») басылымы осылай дейді.


Мақала авторы, Қытайдың экономикалық үстемдігі жайлы зерттеп жүрген ғалым, халықаралық экономикалық Петерсон институтының аға ғылыми қызметкері Арвинд Субраманян «АҚШ пен Еуропадағы экономикалық қиындықтар ұзақ мерзімдік дамудың жедел жүруіне көмектесіп жатыр. Олар үш ғасырлық экономикалық үстемдіктен кейін Батыс Азиядағы дамушы ел – Қытайға орын босата бастады. Қытай экономикасы АҚШ-тікінен асып қана қоймайды, келесі он жылда (немесе одан бергі уақытта) юань негізгі валюта ретінде АҚШ долларын алмастыруы мүмкін» деп жазады басылымның 12 қыркүйек күнгі санында.
.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮСТЕМДІК ҚАЛАЙ ОРНАЙДЫ?

Автордың айтуынша, бұған күмәнмен қарайтындар да кездеседі. Шүбәлі пікірдің айтылуына екі түрлі себеп бар.

Біріншіден, Қытай экономикалық жағынан АҚШ-ты басып озса да, юаньның өсімі тежеледі. Өйткені АҚШ экономикасы Ұлыбританияның экономикасын 1870 жылдардың басында басып озды, бірақ доллар фунт-стерлингтің орнын шамамен екінші дүние жүзілік соғыстан кейін ғана нақты алмастыра алды. Бұл – «экономикалық және валюталық үстемдіктің арасында жетпіс жыл айырмашылық (немесе артта қалу) болады» деген уәж.

Екінші себеп, Қытай юаньды резервтік валютаға айналдыру үшін нарықтық ахуал мен саясатты жасай қойған жоқ. Қытайдың капиталмен операциялар жасау жүйесі әлі де жабық күйінде, юань еркін айналымға
АҚШ доллары мен Қытай юаны. (Көрнекі сурет)

түскен жоқ, әрі шетелдіктер оны оңай иелене алмайды. Қытайдың қаржылық жүйесін үкімет қадағалап отырады. Қор биржалары да валютаны сақтау мен сауда жасау тартымдылығын арттыруда кездесетін қиыншылықтарды жоя алмайды.

Осыған байланысты скептиктер «шетелдік үкіметтер немесе жекелеген ойыншылар юаньмен қалай төлем жасайды, юань түріндегі активтерді қалай сақтай алады, экономикалық операцияларды юаньмен қалай жүргізе алады» деген сауал қояды дейді мақала авторы.

Бұл екі себептен шығатын түйін – долларға деген сенімділік пен Қытайдағы саяси алғышарттардың жеткіліксіздігі юаньның көтерілуін тежей түседі.

Алайда, сарапшының айтуынша, бұлар – қате пікір. Біріншіден, әдеттегі тарихи аналогия адастырады. Мысалы, Ұлыбритания өзінің экономикалық үстемдігінен біз ойлағаннан әлдеқайда кеш айырылса, фунт-стерлинг әлдеқайда ерте айырылды.

Резервтік валютаның мәртебесін анықтайтын факторлар жағдайындағы экономикалық үстемдік – экономиканың көлемінен ғана емес, сауда және сыртқы қаржылық мықтылықтан да көрінеді.

Осы өлшеммен алып қарағанда, АҚШ Ұлыбританияны 1870 жылдары емес, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана басып озды деуге болады. «Шын мәнінде, Ұлыбритания 1920 жылға дейін ғана әлемдегі ең ірі экспорттаушы және қаржыгер ел болып тұрды» дейді Financial Times.

Екіншіден, Қытай АҚШ-ты экономикалық алып ел ретінде қуып жетті. «Қытай – экономикасы үлкен, экспорты мен шетелдердегі активтері көп, тұтыну қабілеті де сондай үлкен ел. Егер тарихи салыстырманы дұрыс жасайтын болсақ, доллардың күні батуға он жыл ғана уақыт бар. Қытайдың экономикалық қуаты өз валютасының өсіміне жағдай жасайды» деген болжам айтады автор.

ҚЫТАЙ «ЮАНЬ БИЛІГІН» ҰРАН ЕТУІ МҮМКІН

Қытай әлі де саяси реформалар жасауы керек. Бірақ юаньнің интернационализмі Қытайдың өте ұқыпты саясаты арқасында қайтуы жоқ процеске ұласып кеткен. Ол үрдіс басқыншылық сипатта және анклавтық негізде жүріп жатыр.

Қытай өткен аптада ғана Лондонға
Қытай ақшасы.

ұсыныс айтып, Шанхай және Гонконг қор биржаларын қосымша юаньмен ықтимал операциялар жасау орталығы ретінде қарастыру бастамасын көтерілді. Бұл тәжірибе аясының кеңеюі оның табысына байланысты болмақ деп болжайды мақала авторы.

Автор «Қытай не себепті юаньды резервтік валютаға айналдырғысы келеді» деген мәселеге тоқталыпты. «Қытай билігі – валютаны жете бағаламай ұстау мен экономикаға шетелдік капиталды енгізбеуге негізделген – ондаған жылдарға созылған және қарама-қайшы өсім стратегиясынан арылудың жолын іздеп жатыр» дейді ол. Юаньды халықаралық деңгейге көтеру – осы мақсаттың бір бөлігі.

Сарапшының болжамына қарағанда, Қытай «меркантилизмнен арылып», юань бағалана түскен сайын валюта бағамының құлдырауынан пайда көретін сауда саласының қатты қарсылығына тап болуы мүмкін. Бейжің ол қарсылықтың алдын алу үшін юаньның халықаралық резервтік валюта ретіндегі мәртебесін іске қосады. Мұндағы уәж – валюта бағамынан туындайтын экономикадағы шығын мен дислокациядан кейін «юаньның долларды басып озып, резервтік валютаға айналуына қолдау көрсетейік» деген жоспар ұлттық мәртебеге ұмтылуға айналып кетеді.

«Юань билігі» ұран болуы мүмкін, тіпті, Қытай саясаткерлері үшін өмірлік маңызы бар нәрсе болуы мүмкін. Себебі Бейжің меркантилистік статус-кводан арылуды қарастырып жатыр. Қытайдың өз ішіндегі бұл ұран көп ұзамай шындыққа айналуы да мүмкін» деп қорытындылайды Financial Times.
XS
SM
MD
LG