Accessibility links

Ташкенттегі зілзала

50 жыл бұрын, 26 сәуір 1966 жылы таңғы сағат 5:23-те Ташкентте жойқын жер сілкінісі болды. Қала орталығында тербелістер күші 8–9 балға жетті. Ең қатты сілкінген жердің аумағы 10 шаршы километрдей болды. 300 мың адам баспанасынан айырылды.

Қаза тапқан адамдардың аз болуына (сегіз кісі) жердің тігінен сілкінгені әсер еткен. Вертикальдық сілкініс болғандықтан, Ташкенттегі кейбір саман кірпіштен салынған үйлер де құламай қалған. Адам шығыны жер сілкісінен кейін жиілеген, өйткені кейбір адамдардың қайталанған болмашы тербелістерден жүрегі жарылып кеткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG