To get best possible experiance using our website we recommend that you upgrade to a newer version or other web browser. A list of the most popular web browsers can be found below.
Just click on the icons to get to the download page
Азат Еуропа/Азаттық Радиосы 28 тілде хабар таратады. Бағдарламаларымыздың көбін өзіміз хабар тарататын аймақ елдеріндегі жергілікті радиостанциялар арқылы FM және орта толқында тыңдауға болады. Егер интернет арқылы тыңдау қиынға түсіп жатса, техникалық жәрдем алу туралы нұсқауымызды пайдаланыңыз.
Айтыс - Азаттықта
Қазақстанда әр уақытта өткізілетін ақындар айтысының толық нұсқасын ұсынамыз.
Жақында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен айтыстың алғашқы күні астаналық Серікзат Дүйсенғазин мен Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскері Ақмарал Леубаева сөз сайыстырған еді. Серікзат Дүйсенғазин ел мен жер мәселесін сөз етсе, Ақмарал ел бірлігін тілге тиек етіп, қарсыласына басу айтты..
Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында "Қонаевтай ер қайда" деген атпен өткен айтыста астаналық Жандарбек Бұлғақов көрермендер тартқан жеребе бойынша алматылық Сара Тоқтамысовамен айтысқан болатын. Жандарбек Бұлғақов Жаңаөзен оқиғасы мен оның құрбандары жайында өз толғаныстарын жеткізді. Айтысты жеңге мен қайны әзіліне айналдырған қос ақын әлеуметтік мәселерді де сөз етті.
Ақпанның 11-12 күндері өткен Алматыдағы аламан айтыста Астананың бас ақыны Аманжол Әлтаев көрермендер тартқан жеребе бойынша қарағандылық Дидар Қамиевпен сөз сайыстырған болатын. Өзім өскен желінің құлыны едің, қосылдың ба қатарыма шауып келіп, - деп бастаған Аманжол айтысқа жан-жақты дайындықпен келгендігін аңғартты. Себебі Аманжол Әлтаев та Қарағанды өңірінің тумасы. Сөз сайысында Аманжол Әлтаев айтысқа негіз болған Қонаев тақырыбанан бастап кешегі Жаңаөзен қасіретне дейін сөз етті. Ал қарсыласы Дидар Қамиев ел күткендей жыр айтпады.
Желтоқсанның 19 күні астанада өткен айтыста қос ақын -Мұхтар Ниязов пен Еркебұлан Қайназаров сол тұстағы болып жатқан Жаңаөзен қақтығысынан гөрі Астананың сән-салтанатын жырлауды дұрыс көрді. Тәуелсіздік тойын ел болып тойлап жатқанын тізбектей келе ақын Мұхтар Ниязов "тойдың соңын төбелеспен аяқтаған Ақтау ғана" деп түйіндеді.
Астаналық Таңжарық Ержан мен павлодарлық Серікбосын Дүйсенбай айтысының жалғасын ұсынамыз. Және қарағандылық Дидар Қамиев пен оралдық Талғат Мұхидың айтысын тыңдаңыз